Азаматтық

Азаматтық — тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы.

Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда және натурализация ретімен беріледі.

Толығырақ

Азаматтық — адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет елде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық статусын айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді. Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды” делінген (10-бап). Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық алу құқы екі негізге: қандық және түп-тамыр құқыларына сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған мекен-жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (Аустралия, Норвегия, Италия, Финляндия т.б.), ал түп-тамыр құқы бойынша нәрестенің қай мемлекеттің территориясында туғаны түп негізге алынады да, ата-анасының азаматтығының бұған қатысы болмайды (Бразилия, Аргентина, т.б.)

Қазақстан Республикасының 1991 жылы 20-желтоқсанда қабылданған (1993 жылы 3 қазанда түзетулер мен толықтырулар енгізілген) “Азаматтық туралы заңы” бойынша Қазақстанда қандық құқы негізге алынады.

Азаматтық соғыс

Толық мақаласы: Азаматтық соғыс

Азаматтық соғыс - қаруланған жиі созылған жанжал, мемлекетте саяси ұйымдастырылған топтар саяси бақылаудың жаңа формасын жақтайды немесе қарсы тұрады.

Саясаттың азаматтық концепциясы

Саясаттың азаматтық концепциясы - мұнда саясат әрқашан өзгеріп отыратын әлеуметтік мақсаттарға бейімділік ретінде қарастырылады.

Азаматтық дін

Азаматтық дін - әлеуметтік ынтымақтастықты тудыратын адамдардың кейбір бірлестіктерін ортақ саяси мақсатка жетуге жұмылдырушы үгіт, символдар, дәстүр мен институттар.

Азаматтық құқықтар

Толық мақаласы: Азаматтық құқық

Азаматтық құқықтар - азаматқа берілетін тек қана бір азаматтық негізінде және заңмен қорғалатын құқықтар. Сондықтан, ол адамның құқығынан айрықша, олар заңмен қорғалады немесе қорғала алмайды және барлық адамдарға заңның бағынуында болуы болмауына қарамастан ортақ.

Азаматтық бағынбау

Толық мақаласы: Азаматтық бағынбау

Азаматтық бағынбау - қасақана құқықты бұзуға ашық әрекет, оның мақсаты қоғамның ыкыласын болжамсыз, заңсыз акттермен олардың ізгілігін ақтамағандығы жөніндегі қоғамның ықыласын тарту. Бұл терминді Генри Дэвид Торо (1817-1862) азаматтық бой ұсынбау очеркінде басқарушылардың құлдыққа қарсы протесінде енгізген. Ең әйгілі ізбасары үндістандағы Махатма Ганди. Оның стратегиясын Үндістандағы ұлттық конгресс қабылдап, британдық империстік басқарушыларға қарсы шықты. Бұл тактиканы азаматтық құқық үшін кейбір осы заманғы қозғалыстар, мысалы, АҚШ пен Солтүстік Ирландия ұстанады.

Азаматтық қоғам

Толық мақаласы: Азаматтық қоғам

Азаматтық қоғам - көп сатылы экономикаға, заң үстемдігіне, саяси жүйенің демократиялығына негізделген қоғамдық құрылым мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың, ұжымдардың экономикалык т.б. белгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы.

Азаматтық менсінбеу

Азаматтық менсінбеу - ол басқа біреулердің бар болуын біле отырып, бірақ оларды ерекше назар аудару объектілері деп есептемейтін жеке адамнын көрсету тәсілі. Мысалы, адамның көздері біреуге қарауы мүмкін, бірақ оны тікелей көрмеуі немесе тез таюы мүмкін, егер көзқарастардың түйісу мүмкіндігі болса. Азаматтық менсінбеу «Интеракция» және «Интеракция рәсімінің» болуын көрсетеді. Гофман бойынша бұл - әлеуметтік интеракцияның жалпы процестерін басқару.

Дереккөздер


Tags:

Азаматтық ТолығырақАзаматтық соғысАзаматтық Саясаттың азаматтық концепциясыАзаматтық дінАзаматтық құқықтарАзаматтық бағынбауАзаматтық қоғамАзаматтық менсінбеуАзаматтық ДереккөздерАзаматтықБостандықМемлекетТұлғаҚұқық

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріЗар Заман ақындарыТүркістан (қала)Қазақ мәдениетіОрганикалық затМиозинБұрыш (геометрия)БүйрекЫңғайлас салалас сөйлемМонро доктринасыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыТәуелсіз Қазақстан тарихыҚазақстан музейлеріТәттімбет ҚазанғапұлыҚазақстандағы ұжымдастыруМағжан Бекенұлы Жұмабаев314-атқыштар дивизиясыҚазақстан мемлекеттік рәміздеріАқпан төңкерісіАустралияКомпьютерлік вирусХақназар ханЖүктілікҰрықтануҮйсін мемлекетіКенесары ханҒұндар мемлекетіЖұқпалы ауруларЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларІлияс ЕсенберлинҚара құрдымДамыған елдерТөл сөзБәйтерек (монумент)Қазақтың арқар-мериносыҚазақ хандығының құрылуыҚазақ-Жоңғар соғысыСперматозоидҚазыбек биХиуаз Қайырқызы ДоспановаҚаратпа сөзБұлшық етЖүрекШеңберҰлықбекЛатын АмерикасыИранҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыКүш моментіЯдролық қаруПопуляцияҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖеті қазынаӨңдеуші өнеркәсіпҚазақстан 2050Қоршаған ортаның ластануыМәтінОқшау сөздерДемографияКерей ханТөлен ӘбдікАқпарат технологиясыПневмонияАнемияАвтотрофтарҒарышкерӨздігінен тозаңдануРимЕскендір (поэма)Екінші дүниежүзілік соғысАвторлық құқықҚызыл кітапЖәркен БөдешұлыӘйтеке биАтом ядросыҚыз ЖібекМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Расул Ғамзатұлы ҒамзатовОтырар🡆 More