Әмірғали Ипмағамбетов (1903 жыл, БҚО, Теректі ауданы, Бұлақсай - 1992 жыл) - Жайық өңіріндегі революциялық қозғалысқа қатысушы.
Әмірғали Ипмағамбетов | |
Туған күні |
|
---|---|
Қайтыс болған күні | |
Азаматтығы | |
Діні | |
Партиясы | Доссор РК(б)П аудандық комитеті, БҚО Жәнібек ҚК(б)П аудандық комитеті |
Мансабы | Орал губревкомы Ұлт істері жөніндегі коллегиясының нұсқаушысы, Доссор РК(б)П аудандық комитеті және БҚО Жәнібек ҚК(б)П аудандық комитетінің хатшысы |
Әкесі | Меңдігерей Ипмағамбетов |
Тегі - «қарақалпақ» этнографиялық тобының бөкеней бөлімі. Белгілі революционер Меңдігерей Ипмағамбетовтің баласы.
1911-15 жылдары Қароба орыс-қазақ мектеп-интернатында оқыды. 1915 жылы немере ағасы Нұрғали Ипмағамбетовтің атына жазылып, майдандағы әскери дәрігердің баласы ретінде Орал реальдық әскер училищесіне қабылданды. 1918 жылдың басында училищенің 2-ші класын толық бітірместен тегін оқытатын Орал кешкі қазақ гимназиясына ауысты. 1917 жылы Оралдағы қазақ шәкіртерінің «Ақ ниет» өзара көмек ұйымына кірді. 1918 жылы сәуірдегі Орал жұмысшы, шаруа, солдат және қазақ депутаттарының 1-съезіне қатысты. Орал губерниясы революциялық комитеті жанындағы үгітшілер курсында оқыды. 1919-20 жылдары Орал губерниясы революциялық комитеті Ұлт істері жөніндегі коллегиясының нұсқаушысы. 20-жылдары Жайық өңірін кеңестендіру ісіне белсене қатысты. 1924 жылдан Гурьев уезіне қарасты Доссор РК(б)П аудандық комитетінің хатшысы. 30-жылдардағы Қарағанды облысында аудандық, облыстық деңгейде әртүрлі қызмет атқарды. 1936 жылы ақпанда БҚО Жәнібек ҚК(б)П аудандық комитетінің 1-хатшысы болып тағайындалды.
1937 жылы «халық жауы» I.Құрамысовпен байланыста болды және Батыс Алашордаға қатысқан әкесін кеңес қызметкері етіп көрсетті» деген айыппен қызметтен босатылып, партиядан шығарылды. 1938 жылы «бұдан әрі партиялық жұмыстан аулақтатылып, шаруашылық-кеңес қызметінде пайдаланылсын» деген шешіммен партияға мүшелігі қалпына келтірілді. Жайық өңіріндегі революциялық қозғалыс тарихына қатысты жазылған бірнеше мақала, естеліктердің авторы. 1959 жылы Тайпақ ауданына қарасты Базартөбе ауылы маңынан әкесі Меңдігерей Ипмағамбетов жерленген қорымды тапты.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Әмірғали Ипмағамбетов, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.