Әлеуметтік Қақтығыстар

Әлеуметтік қақтығыстар - әлеуметтік іс-әрекет барысында қарсы жақтардың мүдделерінің, мақсаттарының, жеке тұлғалар мен топтардың қажеттіліктерінің қайшылыққа ұшырауы, күресі.

Әлеуметтануда және саяси теорияда бұл ұғымды түсіндірудің әртүрлі әдістемелік қырлары бар. Солардың бірі - мінез-құлықтық (бихевиористік) - қақтығысты жеке адам немесе тұлға өз мақсатына, мүдделеріне жетуді көздеп, оған ұқсас немесе бірдей мақсат пен мүддені көздеген қарсы жақты ығыстыру не бағындыруға талпынатын әлеуметтік процесс ретінде бейнелейді. Қақтығыс, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы, бірақ, оны жүзеге асыруда бірдей құралдар қолданатын топтардың арасында да болуы мүмкін. Қақтығыста қашан да қарсыластың бар екендігін түйсіну бар, екі жақтың да діттегендері мен мақсаттары анық белгіленген. Қақтығыстар өзге құндылықтар жүйе- сін қабылдамау, қарсыласқа жағымсыз қатынастардың ымырасыз қайшылығы негізінде туады. Бұл ұғымның ең танымал түсіндірмесі американ әлеуметтанушысы Л.Козерге тиесілі. Оның пікірінше, қақтығыс - қарсыласушы жақтардың арасында жетіспейтін ресурстар үшін күрес туғызып, бәсекелесті қарусыздандырып, залалын тигізіп, тіпті шеттетуге дейін баратын мінез-құлық. Күрес ретіндегі қақтығыс анықтамасында ашық қарсылыққа көшетін субъектердің өзара қатынасының ширығуы ерекше көңіл аударуды талап етеді.

Әлеуметтік қақтығыстардың атқаратын қызметі

Әлеуметтік қақтығыстардың атқаратын қызметі - қоғамдық тұтастыққа қатысты қақтығыстардың атқаратын рөлі. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, қоғам өмірінде анағұрлым маңызды саналатын әлеуметтік қақтығыстардың қоғамдық процестер динамикасын талаптандыру кызметі. Әлеуметтік қақтығыстан қоғам дамуының қарқындауын көру үрдісі Маркстен бастау алады. Оның пайымдауынша, таптық қайшылықтар төңкерістік сипат ала отырып, әлеуметтік жүйеде прогрессивті құрылымдық өзгерістерге әкеледі. Козер, Дарендорф сынды қазіргі зерттеушілер де қақтығыстар қоғамдағы әлеуметтік жүйелердің қасаңданып, қатып қалуына жол бермей, олардың өмір сүруі үшін жаңа институционалдық түрлерінің қалыптасуына септігін тигізетінін мойындайды.

Әлеуметтік қақтығыстардың себептері

Әлеуметтік қақтығыстардың себептері - қоғамның жіктерінің арасында шиеленісті туғызатын объективті және субъективті факторлар. Олар алуан түрлі. Марксистік сараптамалық дәстүрге сай төңкерістің объективті негізі ретінде қоғамның өндіруші күштері мен қалыптасқан өндірістік қатынастардың арасындағы қайшылықтар қарастырылады. Сонымен қатар, өндірістің жаңа тәсілдері мен саяси қатынастардың бұрынғы жүйесінің арасындағы қайшылықтар да аталады. Бұл қайшылықтар әлеуметтік ширығушылықтың шиеленісуіне апаратын қоғамдық қатынастар жағдайының төмендеуінен көрініс табады. Ал, кейбір жағдайларда ол тіпті, үстемдік етуші және бағынушы әлеуметтік топтардың арасындағы ашық қарсылыққа ұласады.

Әлеуметтік қақтығыстарды реттеу жолдары

Әлеуметтік қақтығыстарды реттеу жолдары - әлеуметтік қақтығыстарды шешудің немесе олардың ширығушылығын бәсеңдету әдіс-тәсілдері. Саяси тәжірибеде әлеуметтік қақтығыстарды реттеу немесе олардың ширығушылығын бәсеңдетудің бірнеше түрлері бар. Алайда, бұл әдістердің қолданылатындары шамалы-ақ. Олардың барлығын төрт топқа жинақтауға болады:
1) қоғамда бар, орын алып отырған қақтығыстарды көзге ілмеу, мән бермеу;
2) қақтығысушы жақтардың біреуіне немесе барлығына қатысты репрессивті шаралар. қолдану;
3) ашық қақтығысқа әкелген алғышарттардың біразын жоюға бағытталған реформаларды жүзеге асыру;
4) қақтығыстардың тікелей себептерін жою арқылы қақтығысты түбегейлі шешуге тырысу.

Дереккөздер


Tags:

Әлеуметтік Қақтығыстар Әлеуметтік қақтығыстардың атқаратын қызметіӘлеуметтік Қақтығыстар Әлеуметтік қақтығыстардың себептеріӘлеуметтік Қақтығыстар Әлеуметтік қақтығыстарды реттеу жолдарыӘлеуметтік Қақтығыстар ДереккөздерӘлеуметтік ҚақтығыстарАмерикаПроцессТұлғаҚақтығысӘлеуметтану

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жүрек ауруларыСәулетОңтүстік ҚазақстанАксонДомбыраШежіреАхмет БайтұрсынұлыХақназар ханЗар Заман ақындарыВолейболШешендік сөзАтомМоңғол империясыТәуелдік жалғауИнфрақұрылымСүтНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіӨнерМиИндустрияландыруМорфология (лингвистика)Наурыз көжеАналық жыныс безіОңтүстік-шығыс АзияЗурзееАуыспалы егісҚазақ әліпбиіPythonОңтүстік-Батыс АзияҒылыми-техникалық революцияМемлекет астаналары тізіміЖұрнақҚұстарДамыған елдерКапитализмТүркияПродуценттерЭлектромагниттік толқындарНарықтық экономикаАутизмҚазақстан және дүниежүзілік қауымдастықГольджи жиынтығыИнтернетАқсу-Жабағылы қорығыЮрий Алексеевич ГагаринХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыМенің атым Қожа (повесть)Әлеуметтік шиеленістерді шешу жолдарыЕңлік — Кебек (пьеса)Қазақ халқының ұлттық тағам түрлеріҚазақ батырлар тізіміЭтил спиртіНАТОҚонақжайлылықМагнитТәуке ханОдағайМәкрүһАвтомобиль жолыКәсіпкерлікҚұқықтық мемлекетСән және қолданбалы өнерҚызылша (медицина)Киіз үй құрылысыҒылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуыСолтүстік ҚазақстанНашақорлықКөне түркі жазбаларыҚұрманғазы СағырбайұлыАллергияӘбілхайыр хандығыГемоглобинАммиакҮндістан мен Пәкістан қарым-қатынастарыНайманСәбит Мұқанұлы МұқановШығыс АзияЖылулық сәулелену🡆 More