Шығанақ Берсиев

Шығанақ Берсиев (1881 — 1944) — әйгілі тары өсіруші.

Ленин орденімен марапатталған (1940).

Шығанақ Берсиев
Майлы бояумен салынған Берсиев портреті. авторы белгісіз, 1943 жыл
Майлы бояумен салынған Берсиев портреті. авторы белгісіз, 1943 жыл
Туған күні

1881 (1881)

Туған жері

Ащыойыл, Ойыл ауданы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

28 мамыр 1944 (1944-05-28)

Қайтыс болған жері

Ойыл ауданы, Қазақ КСРі, КСРО

Азаматтығы

Шығанақ Берсиев КСРО
Шығанақ Берсиев Ресей империясы (1881-1922)

Ұлты

қазақ

Қызметі

тары өсіруші

Әкесі

Бердісүгір (Берсе)

Анасы

Шəлік

Өмірбаяны

Шығанақ Берсиев 1881 жылы Ойыл ауданының Ащыойыл ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келді. Шығанақтың отбасында жеті адам болған, олар: ата-əжесі, əкесі - Бердісүгір, анасы - Шəкір, өзі жəне інілері - Таңатар жəне Тұңқар.

Берсиевтің əкесі аңшылықпен, балық аулаумен жəне диқаншылықпен айналысқан, ал анасы - тігумен жəне зергерлікпен айналысты.

Шығанақ 7 жасында Орал қаласындағы 2 жылдық мектепке оқуға түсті. Оны бітірген соң Көкжар жəрмеңкесіндегі шəйханада есепке алушы болып қызмет етті.

1920-ншы жылдардағы ауыртпалық кезеңінде Шығанақ отбасымен Қоңыратқа көшеді. Ол жақта Берсиев алғаш рет тары өсіреді.

Шығанақ Берсиев 
Шығанақ Берсиев ерте көктемде егістіктің қарын бақылау сәтінде
  • 1932 — 1944 ж. “Құрман” ұжымшарында (Ақтөбе облысы) звено жетекшісі болып еңбек етті. Шөлейтті аймақтың ауа райына қарамастан, ұзақ жылдар бойы оның звеносы тарыдан мол өнім алды.
  • 1939 ж. тарының әр гектарынан 25,5 ц өнім алса, 1940 ж. 155,8 ц, 1941 ж. 165 ц, 1942 ж. 175 ц, 1943 ж. 201 ц өнім жинады. Мұндай жоғары нәтижеге Берсиев тары тұқымын қыс бойы әзірлеп-баптау, мұқият іріктеу, көктемгі егісті дер кезінде жүргізу, егінді баптап-күту, орақты ысырапсыз өткізу арқылы жетті. Бұл ұжымшардан Берсиевтің іс-тәжірибесін үйреніп, тары өсірудің шеберлері (берсиевшілер) шықты.
  • Берсиев Ұлы Отан соғысы (1941 — 45) жылдары әскери ұшақ жасау үшін Мемлекеттік қорғаныс қорына қаржы аударды, өз табысынан тары өткізді.
Шығанақ Берсиев 
1944 жылы 28 мамырда Ш.Берсиев дүниеден озды.

Берсиевшілер қозғалысы

Берсиевшілер — тары шығымдылығын арттыруда дүниежүзілік рекорд жасаған Шығанақ Берсиевтің ізін қуушылар. Ұлы Отан соғысы алдында Ақтөбе облысында берсиевшілер қозғалысы кең өріс алды. Әрбір шаруашылықта берсиевші звено, бригада құрылды. Мұны бастаушылар: Ойыл ауданында Зәуре Баймолдина, Ақбала Берсиева, Қашқын Соқыров, Таған Ұзақбаев, Балмұқан Ақабаев, Қобда ауданында агроном Ивченко, Әзима Бектенова, Ырғыз ауданында Өксікбай Ашамбаев, Қойлыбай Белесов, Мартөк ауданында агроном Неженцева болды.

1950 — 80 ж. тары өсірушілер арасында “берсиевшілер” қозғалысы кең өріс алды.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, т.б. облыстарда арнайы звенолар құрылып, олар Берсиевтің озық тәжірибесі мен жетістіктерін пайдалана отырып, тарыдан мол өнім алуға қол жеткізді.

Естелік

Берсиевтің өмірі мен ерен еңбегі Ғ. Мұстафиннің Шығанақ романына, неміс драматург Бертольд Брехтің “Тары өсіруші” дастанына арқау болды.

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында Берсиев музейі бар, Ақтөбе қаласында оған ескерткіш орнатылған.

Дереккөздер



Tags:

Шығанақ Берсиев ӨмірбаяныШығанақ Берсиев Берсиевшілер қозғалысыШығанақ Берсиев ЕстелікШығанақ Берсиев ДереккөздерШығанақ БерсиевЛенин

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МейозБаяндауышИранИнтеграцияМәдени өсімдіктерТитанКөмірсутекТеріОксидтерТүркістан автономиясыҚазақстан мәдениетіСөйлемСөз табыГеосаясатҒаламшарКеңес Одағының БатырыМетаморфтық тау жыныстарыДамыған елдерМонархияЖасанды интеллектОрбұлақ шайқасыКөзҰлыбританияҰрықТәуке ханАбай Құнанбайұлының шығармаларыЭмбрионТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновФерменттерҚимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемСүтқоректілерЭкономикалық интеграцияЖүрек-қантамырлар жүйесіҚазақстандағы су тасқыны (2024)Бұрындық ханБақбақАбылай ханҚазақстан 2030Өңдеуші өнеркәсіпЖай санҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіҚазақ тіліХимия өнеркәсібіӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыАдам даму индексіҚан топтарыМарсШиеАлкиндерЕуропаБіріккен Ұлттар ҰйымыМитозСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыХимиялық элементтердің периодтық жүйесіБауырымен жорғалаушыларЖеңіс күніБіріккен Араб ӘмірліктеріНұрдәулет Бәбиханұлы АқышФилософияҚарақұмықОмонимАқбілек (роман)Мэйдзи жаңғыртуыТарих философиясыЖүсіп БаласағұниЭкстремизмАминқышқылдарМұнайБастауышМәлік ҒабдуллинЭндокриңді бездерЖарықТүсті металлургияЭмбриогенезҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатМагмалық тау жыныстары🡆 More