Шаянмойын таран, Жылантаран (лат.
Биіктігі 50-80 см. Тамырға жақын орналасқан жапырақтары ұзын, қанатты, қандауырлы-сопақша сағақты болып келеді. Сабақтары қысқа сағақты болады. Жапырақтарының бәрі қымыздық сияқты. Гүлдері-қалың масақ. Жемісі- жаңғақ. Шілде-тамыз айларында гүлдейді.
Шаянмойын таран | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
|
КСРО-ның Еуропалық бөлігінің барлық жерлерінде, дымқыл жайылымдарында, орман шетінде өседі.
Тамыр сабағында илі заттар, крахмал, глюкоза, С витамині кездеседі.
Дәрі мақсатында тамыр сабағы пайдаланылады. Жылантаран өте күшті қан тоқтататын, несеп жүргізетін және ас қорыту жолының функциялық қызметін реттейтін дәрі. Бұл өсімдіктің препаратын халық медицинасында қуық ауруларын мен өт тасы ауруларына, ішкі органдардан қан кеткенде, қарын мен ұлтабар жарасында, іш өту, дизентерия ауруларына (ішкізу арқылы) пайдаланылады. Дене сырт жарақаттанып, қан аққанда, шиқан шыққанға, қызылиек қабынғанға, ақ етеккір келуіне қарсы пайдаланды. Жылантаранды тек қайнатынды немесе сығынды түрінде ғана емес, сонымен қатар ұнтақ түрінде (қан аралас іш өту кезінде) де ішеді. Егер деректерге сүйенетін болсақ, жылантаран препараттарын жаңадан пайда болған қатерлі ісікке қолдануға болатын көрінеді.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Bistorta officinalis |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Шаянмойын таран, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.