Ресей Коммунистік Партиясы

Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы (қысқартқанда РФКП, орыс.

Ресми идеологиясы — XXI ғасыр социализмі және марксизм-ленинизм. Бұл Ресейдегі «Біртұтас Ресейден» кейінгі екінші ең ірі саяси партия.

Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы
орыс. Коммунистическая партия Российской Федерации
РФКП, КПРФ
Логотипі
Басшысы

Геннадий Зюганов

Негізін салушы

Валентин Купцов (орыс.)
Геннадий Зюганов

Құрылған жылы

19 маусым 1990 жыл
(РКФСРКП ретінде)
14 ақпан 1993 жыл
(РФКП ретінде)

Штаб-пәтері

Малый Сухаревский жолағы, 3-үй, 1-корпус, Мәскеу

Идеологиясы

XXI ғасыр социализмі
Марксизм-ленинизм
Ультрасолшыл саясат
Коммунизм
Ұлтшылдық
Кеңестік патриотизм
Неосталинизм

Интернационалы

КПО—КОКП
Коммунистік және жұмысшылар партияларының халықаралық кездесуі

Жастар ұйымы

Ресей Коммунистік Партиясы Ресей Федерациясы Лениндік Коммунистік Жастар Одағы

Мүшелер саны

162,173 (2016)

Ұраны

«Ресей! Еңбек! Демократия! Социализм!» (орыс. «Россия! Труд! Народовластие! Социализм!»)

Мемлекеттік думадағы мандаты
57 / 450
Федерация Кеңесіндегі мандаты
4 / 450
Әнұраны

«Интернационал»

Партиялық мөр

Ресей Коммунистік Партиясы

Сайты

kprf.ru

Тарихы

РФКП өз негізін 1898 жылы пайда болған Ресейлік социал-демократиялық жұмысшылар партиясынан алады. Партия 1903 жылы меньшевиктер (азшылық) және большевиктер (көпшілік) партияларына бөлінді; Владимир Ленин басқарған екіншісі кейін Кеңес Одағы Коммунистік Партиясына (КОКП) айналды және Қазан төңкерісі кезінде билікке келді. 1991 жылғы сәтсіз төңкерістен кейін Ресей президенті Борис Ельцин КОКП-ға тыйым салған соң, 1993 жылы 14 ақпанда Ресей коммунистерінің кезектен тыс екінші съезінде РФКП құрылды. Жаңа құрылған партия өзін РКФСР Коммунистік партиясының мұрагер партиясы ретінде жариялаған.

РФКП тез арада Ресейдегі ең ірі партияға айналды, оның құрылғанынан көп ұзамай 500,000 мүшесі болды, бұл басқа партиялар мүше санынан екі есе көп.

Екінші кезектен тыс съез барысында партияның тең құрылтайшысы Геннадий Зюганов РФКП төрағасы болып сайланды. Бұдан бұрын Зюганов «ұлтшыл-патриоттік» Ұлттық құтқару майданы (орыс.) ұйымының төрағасы болды.

РФКП-ның 1995 жылғы парламент сайлауындағы жақсы нәтижесінен кейін ол 1996 жылғы президент сайлауында 6%-ға жуық рейтингі бар сол кездегі президент Борис Ельцинге қарсы басты оппозициялық күш болды. Ельцинге қарсы тұру үшін Зюганов ұлтшыл ұйымдардан құрылған «халық-патриоттық блок» ұйымдастырды. Ельциннің 54% дауыспен жеңіске жеткенінен кейін 1996 жылы 7 тамызда Зюгановты қолдайтын коалиция 30-дан астам солшыл және ұлтшыл ұйымдардан тұратын Ресей халықтық патриоттық одағына (НПСР) ресми ұйымға айналды. Одақ құрамында Сергей Бабурин басқарған Ресейдің Бүкілхалықтық Одағы (орыс.) да болған. Ол 2000 жылғы президенттік сайлауда Зюгановты қолдады.

2003 жылғы парламенттік сайлауда партия жинаған дауыстар күрт төмендеп, 113 мандаттан 52 мандатқа дейін түсті. Зюганов сол сайлаудың әділдігіне күмән келтірді және үкіметті дауыс ұрлау үшін жалған Родина партиясын құрды деп айыптады. РФКП-ны 2007 жылғы Дума сайлауында Сергей Бабуриннің одағы мақұлдады.

2012 жылғы президенттік сайлауда Зюганов 2011 жылғы парламент сайлауындағы заң бұзушылықтарды айыптады, бірақ ол 2011 жылғы желтоқсандағы жаппай шерулердіі ұйымдастырушыларына да қарсылығын білдірді. 2011 жылдың 18 желтоқсанында Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі сайлаудың заңсыздығына наразылық білдірген партиялық митингілерге партияның бірнеше мың жақтаушылары ғана қатысты, негізінен егде адамдар.

2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін РФКП және Зюгановтың өзі соғысты қолдайтынын жариялады.

Басшылығы

2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша партияның 85 аймақтық ұйымы, 2350 жергілікті филалы, және 162,163 мүшесі бар. КОКП сияқты, партия Орталық Комитетпен басқарылады.

Сайлаулардағы нәтижелері

Президент сайлаулары

Сайлау Үміткері 1-айналымы 2-айналымы Нәтижесі
Дауыс саны % Дауыс саны %
1996 Ресей Коммунистік Партиясы  Геннадий
Зюганов
24,211,686 32.03 30,102,288 40.31 Сайланбады
Ресей Коммунистік Партиясы N
2000 21,928,468 29.21 Сайланбады
Ресей Коммунистік Партиясы N
2004 Ресей Коммунистік Партиясы  Николай
Харитонов
9,513,313 13.69 Сайланбады
Ресей Коммунистік Партиясы N
2008 Ресей Коммунистік Партиясы  Геннадий
Зюганов
13,243,550 17.72 Сайланбады
Ресей Коммунистік Партиясы N
2012 12,318,353 17.18 Сайланбады
Ресей Коммунистік Партиясы N
2018 Ресей Коммунистік Партиясы  Павел
Грудинин
8,659,206 11.77 Сайланбады
Ресей Коммунистік Партиясы N
2024 Ресей Коммунистік Партиясы  Николай Харитонов 3,768,470 4.31 Сайланбады
Ресей Коммунистік Партиясы N

Парламент сайлаулары

Сайлауы Төрағасы Дауыс саны % Мандат саны +/– Орны Позициясы
(де-юре)
1993 Ресей Коммунистік Партиясы  Геннадий
Зюганов
6,666,402 12.40
42 / 450
3 Оппозиция
1995 15,432,963 22.3
157 / 450
115 1 Оппозиция (1995–1998)
Коалиция (1998–1999)
Оппозиция (1999)
1999 16,196,024 22.29
113 / 450
44 1 Оппозиция
2003 7,647,820 12.61
51 / 450
62 2 Оппозиция
2007 8,046,886 11.57
57 / 450
6 2 Оппозиция
2011 12,599,507 19.19
92 / 450
35 2 Оппозиция
2016 7,019,752 13.34
42 / 450
50 2 Оппозиция
2021 10,660,599 18.93
57 / 450
15 2 Оппозиция

Дереккөздер

Tags:

Ресей Коммунистік Партиясы ТарихыРесей Коммунистік Партиясы БасшылығыРесей Коммунистік Партиясы Сайлаулардағы нәтижелеріРесей Коммунистік Партиясы ДереккөздерРесей Коммунистік ПартиясыБіртұтас РесейКоммунизмМарксизм-ленинизмОрыс тіліРесейҰлтшылдық

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖүрекИсламдағы жыныстық өмір әдебіҚазақстанның кен ресурстарыШыңғыс ханҚазақстан 2050Қызылорда облысыАлматыАсан қайғы СәбитұлыТанымал қазақтардың тізіміЫдыс-аяқКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыМарсТозаңдануАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыБесоба қорымыҚазақтардың зергерлік бұйымдарыМәлік ҒабдуллинҚазақстандағы ұжымдастыруИсламШымбұлақСалауатӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановБұрыш (геометрия)ЖәндіктерЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміЖуніс СахиевБаланы қырқынан шығаруМұхтар ШахановҚұқықҒаламдық экологиялық проблемаларФранцияРим империясыКөксерек (әңгіме)ЖасушаАқсу-Жабағылы қорығыФутболЕуропа одағыЕсімшеАғылшын тіліЖоңғар шапқыншылығыАдайАргентинаМұнайҚазақтың арқар-мериносыІлияс ЖансүгіровОтбасыОтан қорғаушы күні (Қазақстан)Адам қаңқасыАдамаралық қарым-қатынасКеңес Одағының БатырыҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріТуризмКөшпенділер (трилогия)АллитерацияЖалпы ішкі өнімАтаулы сөйлемТұсаукесерЖіктік жалғауКонституцияАйнұр ТұрсынбаеваАлакөл (көл)Жабайы алма (повесть)Тұрлаусыз мүшелерАвторлық құқықҰялы телефонКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысЕтістікЕсім ханЖарықтың шағылуыҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатҚазақтарАрал экологиясыТау жынысыПысықтауышЖелшешекАнтонимҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңде🡆 More