Ренессанс Пен Реформация Мәдениетіндегі Философия

XV-XVІ ғғ.

Батыс Европада Ренессанс құбылысы өтті. Бұл антика мәдениетін қайта жаңғыртумен байланысты дүниеге келген құбылыс еді. Қайта өрлеу дәуірі философиясы екі кезеңге бөлінеді: 1)гуманизм кезеңі, 2) натурфилософия кезеңі. Қайта өрлеу дәуірі философиясы антропоцентристік, пантеистік, антисхоластикалық сипатымен ерекшеленеді. Бұл философия неоплатонизмге еліктеді, сондай-ақ табиғатты зерттеуге зейін қойды. Капитализмнің алғашқы белгілері көрініс бере бастаған бұл кезеңде табиғатты зерттеу қажеттілігі туды. Қайта өрлеу дәуірінің дамуына қалалар мәдениетінің әсері болды. Гуманистер антика мұраларын қайта қалпына келтіруде және таратуда көп еңбектер жасады. Гуманизмнің көш бастаушысы Данте Алигьери болды. Ол өзінің “Құдіретті комедия” атты шығармасында адамның бақытын жоғары қойды. Гуманизм - адамды ең басты құндылық деп санайтын көзқарас. Гуманизм адам сүйгіштік принциптерге негізделген. Гуманизм адамның құқығы мен бостандығын қадір тұтатын көзқарас. Италия гуманисті Пико делла Мирандола өзінің “Адам қадірі жайында сөз” деген еңбегінде адам өз тағдырын өзі жасайтынын, өз табиғатын шексіз дамыта алатынын айтады. Қайта өрлеу дәуіріндегі ойшылдар діннің кедергісін батыл сынады, бірақ дінді толық жоюға ұмтылмады, бұл философия шіркеуге қарсы сипатта болды. Қайта өрлеу философиясы адамды құдай сияқты құдіретті деп санады. Себебі адам творчестволық азамат деп қарастырылды. Сондай-ақ, бұл кезеңде эстетикалық аспект басым болды. 16 ғасырда Италияда, Германияда табиғат философиясы дамыды. Қайта өрлеу дәуірі натурфилософиясын дамытқандар: Дж. Бруно, Телезио, Т.Кампанелла, Н.Кузанский сынды ойшылдар болды. Олардың пікірінше, әлемді басқаратын заңдар табиғаттың ішкі заңдары болып табылады. Құдіретті күштер табиғатқа жайылып кеткен (пантеизм). Дж. Бруноның философиясындағы негізгі идеялар мыналар:

  1. қарама-қарсылықтар сәйкес келеді
  2. ғалам, дүние шексіз
  3. материя өзіндік қозғалыста (самодвижение)
  4. таным да шексіз. Танымның екі түрі бар: сезімдік және ақыл арқылы.
  5. антропоцентризм.

Қайта өрлеу дәуірінде қоғамдық утопиялық ілімдер дамыды. Бұл ілімдер Т.Мор, Т.Кампанелла шығармаларында көрініс тапты.

Дереккөздер

Tags:

ГуманизмНатурфилософияРенессанс

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қанның ұюыЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларӨсімдіктер гормондарыҚазақстан Республикасының ҮкіметіЕңлік — Кебек (пьеса)19 ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстарҚызыл кітапСалалас құрмалас сөйлемИслам пайғамбарларыИнвестицияДифракциялық торМендель заңдылықтарыСаясатЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыҚазақтың ұлттық ою-өрнегіЕсет КөтібарұлыҚоңыратБөкей ОрдасыНекрозАятАлаш автономиясының құрылуыҚажымұқан МұңайтпасұлыИммунитетТоталитаризмТуыстық атауларыМәңгілік бала бейнеАнгкор-ВатАс қорыту жолдарынан қан кетуСаяси билікҚаһарСөз табыХлорофиллМитозЕкінші Мемлекеттік ДумаИса МәсихХалел ДосмұхамедовБесін намазыДулатАминқышқылдарМоңғол империясыСуҰлпан (роман)Батыр Баян (поэма)Қорқыт атаҚасым ханЭкологиялық проблемаГепатитСаяси партияЖаңа білім беру жүйесіСөйлем мүшелеріҚан қысымыКөмірсуларҚазақстан халқы ассамблеясыЛипидтерАИВ/ЖИТСХақназар ханҚан мен терОрта жүзҚазақстандағы саяси партияларӘпке (драма)МұхитЖүйке жасушаларыХолециститҚұлақЛейкозСалқам Жәңгір ханШерхан Мұртазаұлы МұртазаФерменттерМенің атым Қожа (повесть)Фотосинтездің жарық және қараңғы фазаларыИнсулинІш өтуҚазақстан және БҰҰГендік инженерияТұншығуӨркениетЕкінті намазыОрталық ҚазақстанҚазақстанның экологиялық проблемалары🡆 More