Ордабасы Құрылтайы

Ордабасы жиыны, Ордабасы құрылтайы – 1726 жылы Қазақтың үш жүзі өкілдерінің Бадам өзені бойы Ордабасы тауындағы тарихи бас қосуы.

18 ғасырдың басында қазақ жеріне баса-көктей кіріп, бейбіт елді қырып-жойып, қасіретті “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” апатына душар еткен жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыруға арналған халық құрылтайына Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс хандар мен Төле би, Қазыбек би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылары мен батырлары қатысты. Онда жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру және қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе қаралды. Ордабасы жиынында Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып тағайындалды. Жиынға қатысушылар өз қимылдарын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді және алдағы елді азат ету үшін жүргізілетін шайқастардың жоспарын жасады. Осы жолғы қазақтың үш жүзінің тізе біріктіріп, бас қосқан іс-қимылдарының нәтижесінде қазақ халқы 1727 жылы жоңғарлармен болған Бұланты-Білеуті шайқасы мен 1729 – 1730 жылдардағы Аңырақай шайқастарында жеңіске жетті. Қазіргі кезде осы тарихи жиынның белгісі ретінде Ордабасы төбесінде қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін көп еңбек сіңірген атақты Үш биге ескерткіш орнатылған.

Ордабасы Құрылтайы
Төле би; Ордабасы төбесінде Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би ескерткіші салынған

Дереккөздер


Tags:

Ақтабан шұбырындыБадам (өзен)Бұланты-Білеуті шайқасыЖолбарыс ханСәмеке ханТөле биҚазақ билеріҚазыбек биҮш жүзӘбілмәмбетӘбілқайыр хан (Кіші жүз)

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Махмұд ҚашқариБесеудің хатыОғыз мемлекетіСаяси жүйеСахабаларЖүсіпбек АймауытовБала құқықтары туралы конвенцияТүркістан облысыТемірПанкреатитҚан мен терПайдалы қазбаларҚазақстандағы хандық биліктің жойылуыҚазан төңкерісіТүркілерФотосинтездің жарық және қараңғы фазаларыШортанбай ҚанайұлыМәдениеттануЗәрдің түзілуі және шығарылуыКөшбасшылықҚазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезіндеЖаһандануҚазақстанның экологиялық проблемаларыҚазақстанның мемлекеттік құрылымыТопырақ құнарлылығыЕжелгі ГрекияАйтысҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыАбай ҚұнанбайұлыАвторитаризмАлаш автономиясының құрылуыДифракцияДемократияҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіНаурыз төлЖалпы ішкі өнімХаббл ғарыш телескопыЕкінті намазыОңтүстік ҚазақстанАсан қайғы СәбитұлыЕуропа одағы1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріКәффарат түрлеріКірме сөздерДәрі-дәрмекҚанның ұюыНаймандарСи ЦзиньпинҚожа Ахмет Ясауи кесенесіАбылай ханФранцияЖем (өзен)Туыстық атауларыАқпараттық қауіпсіздікГипоксияТыныс алу ауруларыМоңғол империясыСан есімЖатыр ауруларыСанаҮйсін мемлекетіПневмонияДистрофияДамушы елдерЕртісТұсаукесерҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріКомпьютерлік желіҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніДара сөздер мен күрделі сөздерХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыАуызашарМұрат МөңкеұлыГломерулонефритАдам қаңқасыҚос сөзДулат БабатайұлыТерроризм🡆 More