Нәрестенің конъюнктивит ауруы.
Сәби зағип болып қалмау үшін жедел емдеу керек. Инфекция бала туғаннан кейінгі 1-ден 3 аптаға дейінгі аралықта пайда болса, бұл хламидия деп аталатын ауру болуы мүмкін. Әдетте сәби бұл аурулардың бірін немесе екеуін де туған кезде анасынан жұқтырады.
Тетрациклиндік көз майын жоғарыда көрсетілгендей етіп көзге жағыңыз. Сонымен қатар 2 апта бойы күніне 4 реттен әр ішкенде 30 мг-дан эритромицин сиропын ішкізіңіз. Бұл дәрі сондай-ақ хламидиямен ауырған балаларда көп болатын өкпе қабынуына да қолданылады.
Барлық балалардың кезі создан және хламидиядан, әсіресе аналары осы аурулармен ауырса, ал әкесінің несеп жолы ауырса, қорғалуға тиіс. (Баланың анасы осы аурулармен ауыра-тынын білмеуі де мүмкін). Сәби туғаннан кейін-ақ бірден екі көзіне де бір тамшыдан бір ғана рет 1 проценттік күміс нитратының ерітіндісін тамызыңыз. Немесе аздап 1%-тік тетрациклин, не болмаса 5%-тік эритромицин көз майларынан сәбидің екі көзіне де туған бойда жағыңыз. Сәбидің көзі соз немесе хламидия сияқты аурулармен ауырған жағдайда ата-анасының екеуі де осы аурулардан емделуге тиіс.
Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Нәрестенің конъюнктивит ауруы, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.