Мәміле

Мәміле — азаматтар мен заңды ұйымдардың азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеті.

Мәміле жасау үшін ұсыныс, ниет, екінші тараптан келісім керек. Ниет үш түрлі тәсілмен білдіріледі:

  1. ауызша не жазбаша жасалатын тікелей ниет білдіру. Мысалы: келісім жасау, залалды өтеуге келісетінін хабарлау, хат жазысу, тағыда басқа.;
  2. жанама ниет білдіру. Мысалы.: адамның тауарды сөреге орналастыруы оның саудагерлік Мәміле жасау ниетін білдіреді. Ол тек ауызша ғана жасалады;
  3. кейбір жағдайда үндемеу де ниет білдіру болып саналады. Алайда мұндай ниет білдірушілік тек қана заңда немесе өзара келісімде көрсетілген жағдайда ғана орын алуы мүмкін.

Мәміле түрлері

Заңнамада Мәмілелерді екі түрге бөледі: біржақты Мәміле және шарт. Біржақты Мәміленің жасалуы үшін бір ғана тараптың ықтияры жетіп жатыр. Мысалы, өсиет қалдырушы өз ықтиярымен қалаған адамына мұрагерлік құқық береді. Мәміле ауызша да, жазбаша да жасалады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың арасында және жеке тұлғалар арасында 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға Мәміле жазбаша жасалады. Жазбаша Мәміле тараптардың қол қоюымен, ортақ бір құжат толтыру жолымен және хат, жеделхат алмастыру жолымен де жасалуы мүмкін. Заңда немесе тараптардың келісімімен көзделген жағдайда жазбаша Мәмілені нотариат арқылы куәландыру қажет. Жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын мәмілелер мемлекеттік тіркеуді талап етеді. Мәміленің жарамдылығына қажетті алғышарттар ретінде мына талаптар сақталуға тиіс:

  1. мәміле жасаушылар кәмелет жасына толғандар және ақыл-есі дұрыс адамдар болуы керек;
  2. әр тарап Мәмілені өз ықтиярымен жасасу қажет;
  3. мәміленің мазмұны заң талаптарына немесе адамгершілікке қайшы болмау керек;
  4. мәміле заң міндеттеген нысанда жасалуы тиіс. Мысалы, рента шартын нотариус куәландыруға тиіс, ал жылжымайтын мүлікті рента бойынша беруді көздейтін шарт мемл. тіркеуден өтуі қажет.

Мәміленің ақылы және ақысыз, мерзімді және мерзімсіз түрлері болады. Мерзімді Мәміленің ерекшелігі белгіленген мерзімнің міндетті түрде келетіндігінде. Кейде Мәміле бойынша құқықтар мен міндеттер қандай да бір алдын ала келісілген оқиға болған кезде туындайды, ал оқиғаның болуы-болмауы екі ұшты мәселе. Яғни келісілген құқықтар мен міндеттердің жүзеге асуы оқиғаның болуына тікелей тәуелді болса, мұны шартты Мәміле деп атайды. Сондай-ақ өзара сенімге негізделген фидус. Мәміле де (лат. fіducіa — сенім арту) болады. Тапсыру, комиссия, мүлікті сенімгерлікпен беру тараптардың арасындағы бір-біріне сенушіліктің арқасында іске асады. Тапсырыс келісімінде сенім артушы мен сенім ар-қалаушы кез келген уақытта шарттан бас тартуға құқықты.

Дереккөздер


Tags:

КелісімНиет

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Менің атым Қожа (фильм)Біріккен Араб ӘмірліктеріАқпан төңкерісіСолтүстік АмерикаБағыныңқы сөйлемОксидтерАлаш автономиясыМемлекеттік басқару формасыОтырар кітапханасыНАТОАИВ/ЖИТСФразеологизмТөл сөзҚазақстанның мұнай өнеркәсібіМикроорганизмНанотехнология1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісАлматы қорығыКөне түркі жазбаларыСәулетҚарлұқ қағанатыЕгіншілікЭкологиялық жүйеКөміртегіАмерика–Жапон шарттарыКеңес үкіметіӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыКайнозойГалогендерСаясатМетаморфтық тау жыныстарыБабырГүлТеріҒылымЭкстремизмБейімделуЖарықАқтөбеЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарӘсет НайманбайұлыМиграцияБаланы қырқынан шығаруМәңгілік бала бейнеОттегіОқшау сөздерСақтарМұхтар ШахановТемекі шегуҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіКанадаЖан басына шаққандағы ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміАбылай ханТабиғатЖүсіпбек АймауытовЕсімдікӘлеуметтік инфрақұрылымТабиғи газЭмбрионИслам ынтымақтастық ұйымыАдамаралық қарым-қатынасБіржан ҚожағұлұлыАлкиндерБақбақБатыс Қазақстан облысыРаушангүлділерҚозғалыс (зат)Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіҚазақстанның Мәдени мұра жобасыАқсу-Жабағылы қорығыӘнші құм төбесіМарсТүпті жуаҚазақстандағы минералды ресурстарҚұстарЖүйке жасушаларыАсан қайғы СәбитұлыТүргеш қағанаты🡆 More