Мухаммад Саид Тантауи

Мухаммад Саид Тантауи (араб.: محمد سيد طنطاوى‎) (Қазанның 28 1928 – Наурыздың 10, 2010) - Ислам дүниесіндегі айтулы тұлғаның бірі, әлемдегі ең көне және ең ірі “Әл-Азхар” ислам университетінің ректоры, Мысырдың бас муфтиі болған.


Шейх Мухаммад Саид Тантауи лаңкестікке қарсы идеологиялық күреске айрықша мән берген және өзі соның басында болған қайраткер еді. Оның пікірінше, ислам әділет­сіздікпен, басқын­шылық­пен, жазықсыз адамдарды қырып-жоюмен үйлеспейді.

Мұндай пікірді ислам діни қайраткерлерінің көбі айтады, бірақ сол араб, мұсылман елде­рі­нің талайында бар лаңкестік ұй­ымдарға қарсы пәрменді күрес жүргізе қоймайды, ислам оларды қолдамайды деумен шектеледі. Ал Тантауи болса, лаңкестерді айып-тау­мен қатар, өзінің құзыры жет­кен дәрежеде әкімшілік, діни мекемелерден лаңкестерге қарсы пәрменді күрес жүргізуді талап етіп отырды.

Жоғары биліктік, рухани қызметтері

Ол 1986 жылы Мысыр елінің бас мүфтиі болып сайланды, ал 1996 жылы президент Хосни Мү­бә­рәктің жарлығымен атақты “Әл-Азхар” университетінің рек­торы, сондай-ақ Каирдегі атақты “Әл-Азхар” мешітінің ұлы имамы болып тағайындалған.

Ислам атын жамылған лаң­кестік ұйымдар негізінен осынау қасиетті дінді ұстанған елдерде әрекет етеді. Билік орындары мен діни құрылымдар сөз жүзінде оларды айыптаған болып, олар­мен исламның жолы бір еместігін мәлімдеумен шектеліп жүргені де белгілі. Кезінде Саддам Хусейн сияқты диктатор экстремистік ұйымдарды ашық қолдап, шахид­тер­ге ескерткіш орнатқанын да жұрт ұмыта қойған жоқ.

Тантауи ашық лаң­кестермен қатар, экс­тремистік ба­ғыт­тағы ұйым­дарды да қатты сынға алды. Сол үшін де ол фун­да­менталистер мен радикалды діндарлар тарапынан қатты сынға ұшырап жүрді. Соған қарамай, ис­лам­ның тазалығы үшін, оның атын жамылған экстремистік күш­термен күресін тоқтатқан емес. Бәлкім, оның жүрек тал­ма­сынан қайтыс болуына да сол кү­рес­тің жүйкеге тиген әсері себепші болған шығар.

Ерекше тоқталатын бір жай, Тантауи ислам әлеміндегі әйел­дердің құқы мен бостандығы үшін батыл күрес жүргізген қайраткер. Біршама ислам елдерінде ресми талаптарда әйелдердің құқы, оның қоғамдағы орны шектеулі екені белгілі. Тіпті көп жерде соңғы кезге дейін әйелді сүндеттеу (хитана) жүзеге асып келді. Тан­тауи­дай үлкен беделді қайрат­кердің мақұлдауы арқасында ғана денсаулық сақтау министрінің оған тыйым салу жөніндегі жарлығы жүзеге асты.

Көп жерде, тіпті Қазақстанда да, қыздардың бетін жауып тұратын орамал (никаб) тартуы жөніндегі мәселе айтарлықтай дауға барып тіреліп жатады. Түркияда ол мемлекеттік, саяси деңгейге дейін көтерілді. Ал Тантауидің өзі басқаратын “Әл-Азхар” ислам университетінде никабпен жүруге тыйым жөніндегі пәтуасын ерлік санасақ, оған қарсы консерваторлардың шулап қарсы шығуын да түсінуге болар.

Тантауи исламға қарсы әрекет­тердің барлығына қарсы пәр­менді күрес жүргізді. Данияда Мұ­хаммед пайғамбарды әж­уа­лаған карикатура жарияланғанда БҰҰ-ға дейін хат жазып, ұлы дінге ара түскені бар. Ең бастысы – ол өздерінің жосықсыз әрекеттерімен ислам дінінің беделін түсір­ген­дерге қарсы белсенді күреске шықты. Мұндай қадамға бару көп адамның қолынан келе бермейді.

Өмірден озуы

82 жастағы діни және саяси қайраткер құрметті қонақ ре­тінде король Фей­сал­дың “Исламға сіңір­ген еңбегі үшін” деп аталатын ха­лы­қа­ра­лық сыйлығын тап-сыру рәсіміне қатыспаққа бара жатқанда Сауд Арабиясына сапары кезінде қайтыс болды. Жұрт оның исламның рухани орта­лығына келген сәтінде дүниеден озуының өзін қасиеттілікке жорыды. Бұрын айтқан өсиетіне орай ғұлама ғалым, таза исламның жаршысы Мәдинеде жерленді.

Tags:

19282010Араб тіліМысырНаурыздың 10Қазанның 28

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖұмбақтасҚазақ хандығының құрылуыӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Дүниежүзілік сауда ұйымыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріГалогендерҚазақ қолөнеріБабырБиосфераРайымбек батырҚазақ театрыМұражайБәйтерек (монумент)ИнфрақұрылымХалықаралық балалар күніТеміртауНафтаЛенинград шайқасыҚазақ философиясыКартопБатыс Қазақстан облысыРимҚасым ханАйдын Ақанұлы АйымбетовКөнерген сөздерҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіМашинажасауҚатерлі ісікБиотехнологияНесіпбек Тұрысбекұлы АйтАқындар айтысыҚазақстан әкімшілік бірліктеріҚасым АманжоловҚайыңХалықаралық ұйымдарАлтынемел ұлттық паркіОмонимАқбөкенАлюминийҒұндарСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайҚазақстан музейлеріКСРО ыдырауыМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваЖалпы ішкі өнімРим империясыБесін намазыЖүрекЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Қазақстандағы көмірМұнай экспорттаушы елдер ұйымыАнықтауышКөп жасушалы ағзаларШылауСалт-дәстүр1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларҚұрмалас сөйлемҚозы Көрпеш – Баян СұлуМахаббат, қызық мол жылдарӘбілхан ҚастеевӘлемнің жеті кереметіҚажығали МұханбетқалиұлыАманжол Дүйсенбайұлы ӘлтаевХалықаралық еңбектiк миграцияҚол добыЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріБұлшықет талшығыҒылыми фантастикаДауысты дыбыстарТранспортирБейбітшілік және келісім сарайыБауыр (орган)Зәр шығару жүйесіКүй аңызы (әңгіме)Электр тогыТел өскен ұлПысықтауышҰлы Отан соғысы🡆 More