Колумбия — Қазақстан Қатынастары

Колумбия — Қазақстан қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Колумбия Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстар.

Дипломатия

1992 жылы 21 шілдеде екі мемлекет дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасты, бұл екіжақты ынтымақтастық тарихында жаңа бет ашты. Соңғы ширек ғасырда Қазақстан-Колумбия әріптестігі дамудың жақсы серпінін көрсетіп, жаңа мазмұнмен толықтырылуда.

Саяси қатынастары

Қазақстан мен Колумбия бірқатар маңызды халықаралық мәселелер бойынша ортақ ұстанымдармен бөліседі, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да көпжақты құрылымдар шеңберінде тығыз байланыста бола отырып, бейбітшілікке, қауіпсіздікке, тұрақтылық пен өркендеуге бірлесіп ұмтылады. Қазақстан Колумбия Үкіметі мен Колумбияның Революциялық қарулы күштері - Халық армиясы арасында қол жеткізілген бейбіт келісімді іске асыруды қолдайды, қимылдарын тоқтатуға және барлық колумбиялықтардың игілігі үшін берік бейбітшілік орнатуға жәрдемдесуге бағытталған күш-жігерді жоғары бағалайды. Колумбия Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы үлесін жоғары бағалайды.

Колумбия Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға арналған тұрақты емес мүшесі ретінде бейбітшілік пен қауіпсіздікке байланысты халықаралық мәселелерді шешуге қосқан үлесін жоғары бағалайды. Осы тұрғыда Колумбия Колумбия бейбітшілік келісімін жүзеге асыруды нығайтуға бағытталған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына қатысты алған қолдауы үшін ризашылығын білдіреді.

2012 жылдан бастап жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқан саяси консультациялар тетігі арқылы диалогты белсенді түрде нығайтуға ниетті.

Оқу-ағарту қатынастары

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының студенттері үшін 2015 жылдан бастап испан тілінің алты айлық курстарын ұйымдастыру мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың табысты үлгісі болып табылады. 2013 жылдан бастап Қазақстан азаматтары Колумбияға кіру үшін визалық талаптардан босатылды.

Қазақстан мен Колумбия халықаралық қауіпсіздік және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласында ынтымақтасады. Тәжірибе алмасу туралы Келісім шеңберінде Қазақстанның құқық қорғау органдарының өкілдері 2013 және 2015 жылдары Боготаға барды, ал колумбиялық әріптестер 2014 жылы Астанаға барды.

Дереккөздер

Tags:

Колумбия — Қазақстан Қатынастары ДипломатияКолумбия — Қазақстан Қатынастары Саяси қатынастарыКолумбия — Қазақстан Қатынастары Оқу-ағарту қатынастарыКолумбия — Қазақстан Қатынастары ДереккөздерКолумбия — Қазақстан ҚатынастарыКолумбияҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ән-Ниса сүресіҰлыбританияЕліктеу сөзҚуық түбі безінің қабынуыМұхтар Омарханұлы ӘуезовОвуляцияМұнайАдам қаңқасыДінАлаш автономиясыЭкологиялық проблемаГормондарАдамаралық қарым-қатынасҒабиден МұстафинБұлшық етНаурыз мейрамыСептік жалғауДамыған елдерАтмосфераАхмет БайтұрсынұлыАристотельАуызашарҒылымКатализТұрақты сөз тіркесіМексикаЕскендір (поэма)Мағжан Бекенұлы ЖұмабаевҚазақстан теңгесіСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыОрынборНайзағайАИВ/ЖИТСПайдалы қазбаларҚорқыт атаЖеті атаҚытай тарихыҚалқанша безШыңғыс ханЖамбыл облысыГипофизАдам атаШвейцарияӘн-Нас сүресіДулатТері ауруларыЭстетикаТөреНәрестеҮш Жүз партиясыАлаш ОрдаЗат есімҚыпшақтарІлияс ЕсенберлинСүреРәтбай МырзақұловУнитарлы мемлекетЖерКелін түсіруБуын үндестігіНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевСалт-дәстүрСолтүстік ҚазақстанТәңірДебатТұқым қуалайтын ауруларДәруменЕжелгі ГрекияАхмет Қуанұлы ЖұбановЖаңа экономикалық саясатАқан серіКүкірт қышқылыЕуропа одағыСутегіОспан батырАлғашқы көмекСталинград шайқасы🡆 More