Киіз Үйді Тігу

Үй тігерде, ең алдымен қолайлы жер таңдап алады.

Сонан соң кереге жайып, оның сағанақтарын таңғыштармен біріктіре таңады, есігін орнатады. Басқұр-таңғыштармен мықтап таңылған кереге шеңберінің үстінен бақанмен шаңырақ көтеріп, оған уық шаншады. Әрбір уық қаламын шаңырақ қаламдығына сұғынта кіргізіл, екінші жағын балақ бау арқылы кереге басына байлайды, шаншылып біткен уықты айналдыра құрмен шалмалап таңады. Осыдан кейін туырлық, үзік, түндік және киіз есіктерді жабады. Үйдің сүйегін (кереге, уық, шаңырақ) туырлық, үзік, түндікпен жабу жұмысты төменнен басталады. Туырлықтың бір ұшын есік жақтауына байланыстырады да, содан кейін керегені орай айналдырады.

Киіз Үйді Тігу
Киіз-үй тігу процесі

Туырлық киіздің төменгі етегі жерге 3—4 елідей қайырыла тиіп жатуы, ал жоғарғы жағы уық пен керегенің қосылып байластырылған тұсына жетіп тұруы керек. Осылайша тығыз жапсырыла жабылған туырлық қозғалып не төмен түсіп кетпес үшін, сыртынан керегеге шандып байланады. Екінші кезекте уық бойына үзік жабылады. Оның төменгі шеті туырлықтың жоғарғы шетімен бірікгіріле кереге басына бекітіледі де, қалған бөлегі бақанның көмегімен шаңырақ шеңберіне дейін (түндік жабылатын) көтеріледі. Сөйтіп үзік баумен шалмалап байлап тастайды. Үзік киіздер арасында қуыс, ашық жер қалмайтындай етіп бірінің шетін екіншісімен бастыра жабылады. Бұдан соң киіз есік орнатылады. Ең соңында шаңыраққа бақан арқылы түндік жабады. Киіз есік пен түндік арнаулы бау арқылы оңай ашылып, жабылып тұрады.

Киіз үй жасайтын кәсіпорындар

Қазіргі кезде киіз үй жасау Қазақстанда өнеркәсіптік жолға қойылып, онымен арнаулы кәсіпорындар айналысатын болды. Олар: Қазақ ССР Ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі министрлігінің

Бұларға қажетті киіз бұйымдарын Қазақ ССР Жергілікті өнеркәсіп министрлігінің Талғар және Предгорный киіз басу, Көкшетау, Семей, Орал пима фабрикалары; бау, басқұр, таңғыш, арқандарды Қазақ ССР Жергілікті өнеркәсіп министрлігінің Шымкент иіру-тоқу фабрикасы, Жамбыл тоқыма-галантерея комбинаты және Қордай өнеркәсіп комбинаты жасап шығарады. Киіз үйге қажетті мебельдер (стол, шкаф, сандық, орындық) Қазақ ССР Ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі министрлігінің Жамбыл және Қызылорда мебель фабрикаларында жасалады.

Дереккөздер

Тағыда қараныз


Tags:

КерегеТүндікУықШаңырақҮзік

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ГормондарОнтогенезКерей ханЭлектрокардиографияГемоглобинҚазақстанның кен ресурстарыТүпті жуаЖай сөйлемАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміЖерТүркістан облысыҰйқы безіМеталдарКітапханаКиіз үйТемекі шегуЗат есімАлаш автономиясыШешендік өнерАналық жыныс безіҚазақстан және БҰҰСәулетҚазыбек биАдам ағзасындағы химиялық элементтерФизикалық-географиялық аудандастыруЕжелгі Рим өнеріҚышқылСаясатМахаббат, қызық мол жылдарҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыӘбу Райхан әл-БируниЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміӨлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..АрхейДәнеш РақышевКонгресс кітапханасыӨсімдіктерЯдроӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаЭкологиялық апатГендік инженерияДенсаулықАққан жұлдыз (роман)Шиенің түрлеріЖоңғар шапқыншылығыЖуніс СахиевМемлекетБейбітшілік және келісім сарайыСудың ластануыТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевҒаламдық экологиялық проблемаларБұқаралық ақпарат құралдарыШвейцарияКөкжөтелБұлшықет талшығыII ЕкатеринаҮндістанКүш моментіMicrosoft ExcelҚазақстандағы саяси партияларЖұмбақтасҚазақтың ұлттық тағамдарыҒұндар мемлекетіЭкологиялық туризмҚазақстанның Мәдени мұра жобасыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновИтСөйлемЛиберализмҚарағанды металлургия комбинатыБір жасушалыларЖылқыАқпарат технологиясыМодернизмЖаңа экономикалық саясатҚазақстан халқының бірлігі күніЭлектр тогыДостық🡆 More