Жоғарғы Көл (ағылш.
АҚШ пен Канада шекарасында орналасқан.
Жоғарғы Көл ағылш. Lake Superior | |
Жоғарғы Көл және басқа да Ұлы көлдер | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 183 м |
Өлшемі | 560 × 260 км |
Ауданы | 82,000 км² |
Көлемі | 12,000 км³ |
Жағалау сызығының ұзындығы | 2,783 км |
Тереңдігі | 406 м |
Орташа тереңдігі | 147 м |
Су алабы | |
Суды жинау ауданы | 128,000 км² |
Орналасуы | |
47°42′ с. е. 87°30′ б. б. / 47.7° с. е. 87.5° б. б. (G) (O) (Я) 87°30′ б. б. / 47.7° с. е. 87.5° б. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | АҚШ Канада |
Аймақтар | Миннесота, Висконсин, Мичиган, Онтарио |
Жоғарғы Көл Ортаққорда |
Аумағы жағынан жер шарындағы ең үлкен тұщы көл. Теңіз деңгейінен 183 м биіктікте жатыр. Ауданы 82,4 мың км2, ұзындығы 613 км, енді жері 256 км, алабы көлдің аумағын қоса алғанда 207,2 мың км2, ең терең жері 393 м. Шоңғалды Сент-Мэрис өзені арқылы Гурон көлімен жалғасады. Жағалауы солтүстікнде жартасты және биік (400 м-ге дейін), оңтүстік жағалауы көбінесе жайпақ, құмайт келеді. Қыста жағалау маңы ғана қатады, сәуірдің аяғында мұзы ериді. Кеме жүзеді. Көл балыққа бай. Жоғарғы Кеңес аумағында Айл-Роял (АҚШ), Пукаскуа (Канада) ұлттық саябақтары орналасқан. Көл Солтүстік Американың ішкі аудандарын Атлант мұхитымен жалғастыратын маңызды су жолы. Ірі порттары: Дулут, Сьюпириор, Ашленд, Маркетт (АҚШ), Тандер-Бей (Канада).
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Lake Superior |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Жоғарғы Көл, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.