Қазақ Үй Есік

Босаға — үй есігінің екі жақтауы.

Киіз үйдің де, басқа үйлердің де босағалары бұрын ағаштан жасалып, қолдан құрастырылған. Қазіргі кезде Босаға есікпен бірге зауытта ағаштан, металдан, темір-бетоннан әзірленеді. Қазақтар Босағаны қасиетті санаған. “Босағаны керме” (немесе Босағаға керілме) деген тыйым осыдан туған. Сондай-ақ, Босаға майлау ырымы да бар. Жастар жеке отау құрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақын-жуықтары келіп, жаңа үйдің босағасына май жағады. Бұл осы үй берекелі, майдай жұғымды болсын деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да қазақ халқы жаңа түскен келінге босаға аттаттырып, сәлем еткізіп, үлкендер бата берген;

Табалдырық

  1. Есiктiң маңдайшасына қаpама-қаpсы, төменгi жағында еденге тиiп тұpатын екi босаға аpасындағы көлденең ағаш. Есiктiң ~ғы.[Сіздің түсінігіңіз...]
  2. Есіктің маңдайшасына қарама-қарсы, төменгі жағында еденге тиіп тұратын екі босаға арасындағы көлденең ағаш. Есіктің ~ғы.
Қазақ Үй Есік
Қазақ үй есігінің құрылысы

Табалдырық—Маңдайшаның жердегі көшірмесі. Тек қана табалдырықты көп сәндемейді, бір түсті бояюмен сырлайды. Табалдырық пен маңдайшаға кереге тіреліп, жалпақ сәнді құрлармен бекітіледі. Шаңырақ секілді, табалдырық та киіз үйдің ерекше қасиетті заты саналады. Табалдырықты баспайды, табалдырыққа отырмайды. Табалдырыққа сүрінгенді жақсы ырымға жатқызады.

Маңдайша - екі босаға тақтай үстінде жатқан және біріктіруші конструкция ретіндегі тақтай.

Жарма бет - сықырлауықтың ашылып жабылып тұратын есік тақтайшасы

Тағы қараңыз

Сықырлауық

Әдебиеттер

  1. "Ұлттық дүниетаным" "Өнер" баспаханасы
  2. Қазақ тілінің сөздіктер кешені http://lugat.kz/ Мұрағатталған 13 шілденің 2015 жылы.

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жеңіс күніАлаш ОрдаМүшел жасКөмір өнеркәсібіТеатрАлматыҚазақстандағы ғылымАс қорыту жүйесіДидактикаМоғолстанЗереМарсМенеджментГаз өнеркәсібіБауыр (орган)СпирттерПсихологияСинекдохаЕскендір (поэма)Шанхай Ынтымақтастық ҰйымыЭкологияЕсту мүшесіКөкпарАвторлық құқықЕуразияЫдыс-аяқЖошы ханАуа ластануыХолециститТөлеу сөзКөнерген сөздерЖусан иісі (повесть)ИнфрақұрылымТәуелсіз Қазақстан тарихыЖемісҰлы отан соғысы жылдарындағы КСРО-ның адам шығыныСудың ластануыСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Бәйтерек (монумент)Қызылорда облысыМезозойТәуелді аймақҚырғызстанСинтаксисТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновБіріккен Ұлттар ҰйымыҒарышЖеті қазынаПайдалы қазбаларЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Аңырақай шайқасыҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевКөне түркі жазбаларыЦицеронЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуШәкәрім ҚұдайбердіұлыКүн жүйесіҚазақ батырлар тізіміҚазақстанның мұнай өнеркәсібіТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровКешYOUМартин ЛютерҚазақстандағы ұжымдастыруБактерияларҚазақстан демографиясыФосфор1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріХалел ДосмұхамедовЖасушаОңтүстік Африка РеспубликасыКүнделік.кзМақал-мәтелдерАзамат соғысыӘжеТабиғи газОңтүстік Америка мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміҚазақстанның пайдалы қазбаларыМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары🡆 More