КешYOU — Қазақстандық әнші қыздардан құрылған музыкалық топ.
2004 жылы Алуа Қонарованың продюсерлігі кезінде топтың атауы «SAF» болып құрылды. 2006 жылдың 10 сәуір күні белгілі продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші Баян Мақсатқызы трионы өзінің қол астына алып, топ атауын «КешYOU» деп өзгертті. «КешYOU» тобы продюсер Баян Мақсатқызының ең табысты жобаларының бірі. Топтың музыкалық продюсері Мухитденова Бағым Мақсатқызы.
КешYOU | |
Жанры | эстрада |
---|---|
Белсенділік жылдары | 2006 — осы уақытқа дейін |
Мемлекет | |
Қайдан | Алматы |
Өлеңдерінің тілдері | |
Топ құрамы | Ләззат Сұлтанова, Балауса Ерғалина, Наргиз Алтайбай |
Уақыт өте келе топтың құрамы, стилі өзгерді. 2016 жылы 24 мамыр топтың 10 жылдығына арналған мерейтойлық концерт Алматы қаласындағы Республика сарайында өтті. 2019 жылы «КешYOU» тобының 13 жылдық мерекесіне арналған бейнебаян шықты. 2021 жылы «Qazaq TV» арнасында «КешYOU» тобының 15 жылдығына арналған мерекелік концерті көрсетілді. Топтың мерейтолық іс-шараларына экс-солисткалар қатысып отырады.
Қазір топ құрамында 2019 жылдан бастап Ләззат Сұлтанова, Балауса Ерғалина, Наргиз Алтайбай ән айтады. Бұл топ тарихындағы «ең ұзақ жұмыс жасаған құрам» болып есептелінеді.
Әртүрлі жанрларда ән айтатын музыкалық топ Қазақстандағы «ең үздік қыздар тобы» болып саналады. «КешYOU» тобында ұзақ уақыт жұмыс жасаған, ардагер мүшелері: Анель Аринова, Мөлдір Әуелбекова. YouTube желісіндегі «Swala La La» бейнебаяны топ тарихында ең көп қаралым жинады. «КешYOU» тобы тек Қазақстанда емес, Түркия, Ресей, Қытай, Франция, Германия, АҚШ, Қырғызстан елдерінде де өнер көрсеткен. Топтың алтын құрамы: Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жанар Дұғалова. Топтың бриллиант құрамы: Ләззат Сұлтанова, Балауса Ерғалина, Наргиз Алтайбай.
Құрам | Жыл | Топ солисткалары | Әндері |
---|---|---|---|
1 («SAF» тобы) | 2004-2006 | Әнел Әрінова, Зумрад Гараева, Маржан Мендібаева | Жасыл ел |
2 (2006 жылы топ атауы «КешYOU» болып өзгертілді) | 2006-2007 | Әнел Әрінова, Зумрад Гараева, Мөлдір Әуелбекова | Мама; Пленник; Сто дней любви; Caruso; Прошлые дела; Два часа; Ангел неба; Ты верни любовь |
3 | 2008 | Әнел Әріинова, Мөлдір Әуелбекова, Аида Смағұлова | Арман-ай |
4 | 2008-2010 | Әнел Әрінова, Мөлдір Әуелбекова, Наиля Заитова | Сүгірдің термесі; Персона; Әлия; Домбыра туралы баллада; Жағадағы ару қыз; Маңмаңгер, Қанекей тілім сөйлеші; В Намангане яблоки |
5 | 2010-2011 | Әнел Әрінова, Мөлдір Әуелбекова, Кәмшат Жолдыбаева | Әдемі қыз; Ақерке-Ақжайық; Мұңайма; Құстар әні; Гәкку; Көктем вальсі |
6 | 2011 | Әнел Әрінова, Мөлдір Әуелбекова, Айдана Меденова | Ойлама сен |
7 (Алтын құрам) | 2012-2014 | Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жанар Дұғалова | Асықпа; Қазақ қыздары; Туған жер; Ризамын; Махаббат; The Rhythm Is Magic; Vogue; Сәлем саған, туған ел; Жайлаукөл кештері; Tombe la neige; Ғашықпын; Жан ана; Шоқ қыздар; Қайдасың?; Сағындым сені; Жаңа жыл; Қияли қыз; Гололёд; Песня про Одиссея; Всё равно ты будешь мой; Арыс жағасында; Crazy; La Isla Bonita; Бақ мекенім-Астанам |
8 | 2014 | Мөлдір Әуелбекова, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова | Survivor |
9 | 2014 | Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жұлдыз Өмірғали | Келші жаныма; Сағым жылдар; Көз жасың көмектеспейді |
10 | 2015-2016 | Жұлдыз Өмірғали, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Балжан Бидаш | Қайтар жүрегімді; Армандаймын; Қуыршақтар; Туған жер-тағдырым; Рухты ару; Алтын құмдағы тебіреніс; Күміс құман-ай; Смуглянка; Первым делом самолёты; Катюша; Welcome to Kazakhstan; Кетсең де шалғай; Asereje |
11 | 2017 | Балжан Бидаш, Элизат Берікова, Сара Амангелді, Назым Әбілдина | Қалай ғана?; Неге?; Аралдан ұшқан аққулар; Ғажап ертегі; Әсем ән; Жаса, туған жерім; Город мой; Аяджан |
12 | 2017-2018 | Балжан Бидаш, Элизат Берікова, Назым Әбілдина | Махаббат баяны; Қаракөз; Swala La La |
13 | 2018 | Балжан Бидаш, Назым Әбілдина, Ақбота Құрманғали | Алматы-Астана |
14 (Бриллиант құрам) | 2019-қазіргі уақыт | Ләззат Сұлтанова, Балауса Ерғалина, Наргиз Алтайбай | Ұят емес; Есіңе мені алғайсың; Мұның бәрі; Көзіңнің мөлдірін-ай; Келші айым; Сары дала; Наурызнама; 13; Қош енді; Bang Bang; Елім-ай; Сертің қайда?; Күрең күз; Керек; Өзгертпе кейпіңді; Керім-ау айдай; Қыз жүрегі; Между нами любовь; Балаларға; Первое утро столицы; Ғашықтар әні; Бағынбаймын; Тыңда; Арман; Жаса, қазақ арулары; Көктем шуағы; Намалюю тобі зорі; Maxi чай; Кешіктің сен; Ренжітсем кешір; Ai dai; Махаббат алауы; Теряла; Қазақстаным |
№ | Ән атауы | Музыкасының авторы | Сөзінің авторы | Жыл |
---|---|---|---|---|
1 | Мама | Эдуард Бергалиев | Эдуард Бергалиев | 2006 |
2 | Пленник | Д. Базикова | Д. Базикова | 2006 |
3 | Ты верни любовь | Эдуард Бергалиев | Эдуард Бергалиев | 2007 |
4 | Арман-ай | Родион Тен | Мақсат Байлы | 2008 |
5 | Персона | Эльдар Кенжебаев | Алишер Юлдашев | 2009 |
6 | Асықпа | Жанар Дұғалова | Сержан Бақытжан | 2012 |
7 | Қазақ қыздары | Жанар Дұғалова | Ринат Зайытов | 2012 |
8 | Туған жер | Арман Дүйсенов | Ринат Зайытов | 2013 |
9 | Ризамын | Жанар Дұғалова | Ринат Зайытов | 2013 |
10 | Махаббат | Жанар Дұғалова | Ринат Зайытов | 2014 |
11 | Қазағымның арулары-ай | Арман Дүйсенов | Ринат Зайытов | 2014 |
12 | Келші жаныма | Арман Дүйсенов | Ринат Зайытов | 2014 |
13 | Қайтар жүрегімді | Жанар Дұғалова | Ринат Зайытов | 2015 |
14 | Қуыршақтар | Арман Дүйсенов | Арман Дүйсенов | 2015 |
15 | Туған жер - тағдырым | Арман Дүйсенов | Қалқаман Сарин | 2016 |
16 | Рухты ару | Мархаба Сәби | Мархаба Сәби | 2016 |
17 | Неге? | Бауыржан Бимахан | Ринат Зайытов | 2016 |
18 | Қалай ғана? | Шоқан Уәлихан | Асқар Дүйсенбі, Әл-Насыр | 2017 |
19 | Ғажап ертегі | Д. Сыздықов | И. Сапарбай | 2017 |
20 | Әсем ән | Румын әуені | Б. Арыстан | 2017 |
21 | Жаса, туған жерім | Гагаш | Асқар Дүйсенбі | 2017 |
22 | Махаббат баяны | Арман Дүйсенов | Асқар Дүйсенбі | 2017 |
23 | Swala la la | Ербол Салықбаев | Шыңғысхан Көпбаев | 2018 |
24 | Алматы-Астана | Ербол Салықбаев | Асқар Дүйсенбі | 2018 |
25 | Ұят емес | Ербол Салықбаев | Әл-Насыр, Назым Басқынбаева | 2019 |
26 | Мұның бәрі | Ғазизхан Шекербек | Қуаныш Жаманқұлов | 2019 |
27 | Қош енді | Шоқан Уәлихан | Асқар Дүйсенбі, Берік Керімбек | 2019 |
28 | Наурызнама | Мұрат Құсайынов | Серік Тұрғынбеков | 2019 |
29 | 13 | Мархаба Сәби | Мархаба Сәби, Назым Басқынбаева, Макс Jeti | 2019 |
30 | Сертің қайда? | Арман Дүйсенов | Арман Дүйсенов, Дидар Кәден | 2019 |
31 | Керек | Ербол Салықбаев | Таир Сахиев, Берік Керімбек | 2020 |
32 | Өзгертпе кейпіңді | Марат Балмырза, Жасұлан Нұрғазиев | Марат Балмырза | 2020 |
33 | Қыз жүрегі | Әлішер Юлдашев | Назгүл Сарыбаева | 2020 |
34 | Между нами любовь | Бауыржан Бимахан | Дидар Кәден | 2020 |
35 | Бағынбаймын | Жасұлан Бекенов | Марат Балмырза | 2021 |
36 | Тыңда | Бауыржан Бимахан | Мархаба Сәби | 2021 |
37 | Арман | Эдуард Бергалиев | Сержан Бақытжан | 2021 |
38 | Жаса, қазақ арулары | Арман Дүйсенов | Манарбек Сатыбалдин | 2021 |
39 | Көктем шуағы | Хамит Шанғалиев | Еркебұлан Қайназаров | 2022 |
40 | Кешіктің сен | Нұрболат Қанай | Дулат Құйқас | 2022 |
41 | Ренжітсем кешір | Нұрболат Қанай | Дулат Құйқас | 2022 |
42 | Ai dai | Нұрболат Қанай | Дулат Құйқас | 2023 |
43 | Махаббат алауы | Эдуард Бергалиев | Ринат Зайытов | 2023 |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article КешYOU, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.