Екі Жұлдыз

«Екі жұлдыз» - «Қазақстан» ұлттық телеарнасында көрсетілетін шоу бағдарлама.

Әйгілі «Stars On The Stage» шоу форматының аналогы болып табылады. Жобаның мақсаты алуан түрлі салада белгілі болған тұлғаларға ән айтқызу. Жоба жарыс түрінде жүреді, әр жұптың бір мүшесі кәсіби әнші болуы міндетті.

Екі Жұлдыз
"Екі жұлдыз" теле думаны - төртінші маусымының белгісі

«Екі жұлдыз» - бұл жұлдыздар жұлдыздарға ән айтуды үйрететін жоба. Жобада 16 жұп, 16 әнші және осы уақытқа дейін сахнада кәсіби түрде ән айтпаған 16 танымал тұлға. Өзіндік ерекшелегімен көрерменді тәнті етіп, көпшіліктің ықыласына бөленген бұл жобаның қатысушылары елімізге кеңінен танымал түрлі саланың өкілдері. Сонымен қатар бұл вокалды жарыс болғандықтан фонограмма қолданылмайды деп хабарланды. Қатысушылар тек жанды дауыспен ән айтуы тиіс. Жоба 2010 жылдың басында басталды, оссы уақытқа дейін жобаның 3 маусымы өтті. 2011 жылдың қыркүйек айының соңында 4 маусым басталды.

Қатысушылар

Бірінші маусым

Екінші маусым

Үшінші маусым

  • Аида Аюпова - Ардақ Далелов
  • Кәрім Мұтырғанов - Нұргүл Нұгұманова
  • Әлішер Сүлейменов - Ксения Сухомазова
  • Динар Сәтжан - Иван Бреусов
  • Санжар Мәдиев - Найля Заитова
  • Оксана Корби - Алишер Каримов
  • Назира Бердалы - Бейбіт Қорған
  • Гүлфаируз Құрманғожаева - Ринат Малцаков
  • Ринат Зайытов - Роза Солдатова
  • Бақыт Сыздықова - Бауыржан Исаев
  • Бауыржан Баймұханов - Әсем Көпбаева
  • Қарлығаш Мұхамеджанова - Батыр Байназаров
  • Сұлу Ескендір - Болат Құсайынов
  • Қазбек Қасым - Ақбота Керімбекова (жеңімпаздар)

Төртінші маусым

«Екі жұлдыз» жобасының тарихында тұңғыш рет жұптар тек кәсіби әншілерден құралады. Бұл продюсерлерге әлемге әйгілі «Жұлдызды жекпе-жек» кинофильміне сәйкес әлқиссалар жасау туралы ой салды. Сондықтан, қазақ көрермендеріне ұсынылатын ең бірінші тосынсый бағдарлама аңдатпасындағы жұлдыздардың бейнелері. Трейлер- аңдатпаларды «Қазақстан» Ұлттық арнасынан және ғаламтордан көруге болады. Түсірілген аңдатпа біраз қатысушылардың есімін елге жария етеді. Олар: Бейбіт Қорған, Айқын Төлепберген, Ақылбек Жеменей, Жанна Орынбасарова, Жеңіс Ысқақова, Айжан Нұрмағамбетова, «Азия» тобының әншісі Ербол Шәріп пен «Алау» дуэті. 4-ші маусымның жүргізушілері: отандық эстрада жұлдызы Нұрлан Абдуллин, белгілі киноактер Нұрлан Әлімжан және тележүргізушілер Майя Веронская мен Таһир Сұлтан.

Жаңа маусым тақырыптарымен де ерекше. «Екі жұлдыз» жобасында тұңғыш рет бір хабар қазақ эстрадасының аңыз әншісіне айналған, ҚР Халық әртісі Роза Рымбаеваның шығармашылығына арналып отыр. Сонымен қатар, күллі әлемді дүркіреткен, кәрі құрлық жастарына арналған «Евровидение» байқауының әндері де «Екі жұлдыз» сахнасында шырқалмақ. Әр думан отандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен жарқырай түспек.

Бұл маусымда жобаны насихаттап жүрген баспасөз өкілдері де назардан тыс қалмайды. БАҚ – на арнайы орын бөлініп, әр бағдарламаның түсіріліміне қатысуға мүмкіндік алып, дауыс беру нәтижесі мен жұлдызды жобада болып жатқан жаңалықтарді бірінші болып біле алады.

Нағыз дүлдүлдердің додасы «Қазақстан» ұлттық арнасында 24-қыркүйектен бастап, әр сенбі сайын көрсетілетін болады.

Ережесі

Жұлдызды жұптардың міндеті – тек сахнаға шығып ән айту ғана емес, өзге қарсыластарынан артықтығын көрерменге дәлелдей білу. Ол үшін сайыскерлер әлемдік хиттер мен бәсекелестерінің репертуарларындағы туындыларды орындап, түрлі жанрды еркін меңгере алатынын көрсетеді және алуан түрлі образдарға енеді. Алайда, жоба жұлдыздардың әсем әуендері мен әсерлі қойылымдарын назарға ұсынатын думанды бағдарлама ғана емес, әр саны сайын бір жұппен қош айтысуға тура келетін драма. Ал жұптарды бағалаудағы көрермен құқығы бұрынғыдай 50 пайыз дауысқа ие.

Төртінші маусымның қатысушылары

Сыртқы сілтемелер

Tags:

Екі Жұлдыз ҚатысушыларЕкі Жұлдыз Сыртқы сілтемелерЕкі ЖұлдызQazaqstan (телеарна)

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ӨркениетPythonТас дәуіріӘлемдік қауымдастықЭлектр тогыАвтомобиль жолыҚазақтың ұлттық тағамдарыКөзКіші жүздің Ресейге қосылуыҚаныш Имантайұлы Сәтбаев1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықӘбілхан ҚастеевБәйтерек (монумент)ИнвестицияОразаны бұзбайтын жағдайларМиБұқаралық ақпарат құралдарыОңтүстік АзияОмонимОрганоидтарАстанаМәдени мұраАқуызЖанқожа НұрмұхамедұлыЖарықтың интерференциясыСаяси қақтығысМұхаммедЛатын АмерикасыҮстеуАманкелді Үдербайұлы ИмановҚұқықтық мемлекетПайдалы қазбаларСәкен СейфуллинСаяси жүйеӘз-Жәнібек ханӨртҚазақтың ұлттық ою-өрнегіАқтөбе облысыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріНАТОЗар Заман ақындарыБірінші Мемлекеттік ДумаКөші-қонОм заңыӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаЖасанды интеллектНайманҚожа Ахмет Ясауи кесенесіСөйлем мүшелеріОрталық АзияҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыКөктемСаңырауқұлақтарДикторТуберкулезЖусан иісі (повесть)ГипофизЭволюцияҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыЕкінті намазыҚобызТабиғатты қорғауYouTubeСинтаксисГеографияЕсім ханАсық ойыныАдам генетикасыҚазақ мәдениетіӘбу Насыр Әл-ФарабиӘлемдегі ең танымал кітапханаларБиомеханикаБейімбет Жармағамбетұлы МайлинҚазақстандағы туризмЗурзееСалт-дәстүрКөлік жолдарының ұзындығы бойынша елдер тізімі🡆 More