Балқаш-Алакөл Ойысы

Балқаш–Алакөл ойысыҚазақстанның оңтүстік-шығысындағы ірі тектоникалық құрылым.

Балқаш-Алакөл ойысы
Сипаттамасы
Теңiз деңгейiнен биіктігі600 м
Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық300 км
Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық800 км
ӨзендерІле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз
КөлдерБалқаш, Алакөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл
Орналасуы
46°41′25″ с. е. 80°30′34″ ш. б. / 46.690383° с. е. 80.509559° ш. б. / 46.690383; 80.509559 (G) (O) (Я) 80°30′34″ ш. б. / 46.690383° с. е. 80.509559° ш. б. / 46.690383; 80.509559 (G) (O) (Я) (T)
ЕлБалқаш-Алакөл Ойысы Қазақстан
АймақтарАбай облысы, Алматы облысы, Жетісу облысы
Балқаш-Алакөл ойысы (Қазақстан)
Балқаш-Алакөл Ойысы
Балқаш-Алакөл ойысы
Балқаш-Алакөл ойысы (Алматы облысы)
Балқаш-Алакөл Ойысы
Балқаш-Алакөл ойысы
Балқаш-Алакөл Ойысы
Балқаш-Алакөл ойысы

Географиялық орны

Негізінен Абай, Алматы және Жетісу облыстарының аумағында орналасқан. Солтүстігінде Сарыарқамен, шығысында Тарбағатай жотасымен, оңтүстігінде Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларымен, батысында Желтау, Айтау тауларымен шектелген.

Жер бедері, геологиялық құрылымы

Ойыс Балқаш және Алакөл ойыстарына бөлінеді. Жалпы ұзындығы 800 км. Ені Балқаш көлінің тұсында 300 км, Сасықкөл маңында 100 км. Ойыс табаны қатпарланған палеозой шөгінділерінен, магмалық және интрузиялық жыныстардан түзілген. Оларды бор, палеоген, неоген және төрттік кезеңдердің континенттік борпылдақ жыныстары жапқан. Ойыстың көпшілік аумағын абсолюттік биіктігі 342 — 600 м Сарыесікатырау, Лөкқұм (Лекқұм), Тауқұм сияқты төрттік кезеңнің құм алқаптары алып жатыр.

Климаты

Климаты тым континенттік. Қысы қатаң, аязды. Қаңтар айының орташа температурасы (-12 -14°С), бұрқасынды әрі үскірік аязды күндер (-30 -35°С) жиі болып тұрады. Жазы ыстық, аңызақ әрі құрғақ. Шілде айының орташа температурасы 22 — 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 120 — 200 мм шамасында.

Су жүйесі

Ойысты қоршап жатқан таулардан бастау алатын Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз, Үржар, Қатынсу, Еміл, Ырғайты, Жаманты, Тентек өзендері ойыстың табанындағы Балқашқа, Алакөлге, Сасықкөлге, Жалаңашкөлге құяды. Балқаш көліне құятын судың үштен екісінен астамы Іле өзенінің үлесіне тиеді. 3 — 10 м тереңдіктегі (кейде 100 м, Тауқұмда) жер асты суы көбіне тұщы келеді. Алакөл артезиан алабында арынды су қоры мол.

Өсімдігі

Ойыста сексеуіл, жусан, бұта, сораң, өзен аңғарларын бойлай тал, тораңғы, жиде және құрақ, қамыс бидайық, астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Өзен аңғарлары мен құм төбелер — қысқы мал жайылымы, тау бөктеріндегі жазық — суармалы егістік ретінде пайдаланылады.

Дереккөздер

Tags:

Балқаш-Алакөл Ойысы Географиялық орныБалқаш-Алакөл Ойысы Жер бедері, геологиялық құрылымыБалқаш-Алакөл Ойысы КлиматыБалқаш-Алакөл Ойысы Су жүйесіБалқаш-Алакөл Ойысы ӨсімдігіБалқаш-Алакөл Ойысы ДереккөздерБалқаш-Алакөл Ойысы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Бауыр циррозыБіріккен сөздерӘбілхайыр хандығыХиуа хандығыМұхтар Омарханұлы ӘуезовЖаһандануҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныАқпарат технологиясыСпирттерЦиститӘбілқайыр хан (Кіші жүз)ТұсаукесерАИВ/ЖИТСЖер құрылымыHTMLШешендік сөзКүкірт қышқылыПатша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясатыМысБатьківщинаАлаш партиясыӨзін-өзі өлтіруОксидтерМоңғол шапқыншылығыИммунитетЖай санБірінші Мемлекеттік ДумаҚазақстан Парламентінің СенатыБақылауҚазақстан теңгесіІш өтуБұлтты технологияЗат алмасуҚарлұқ қағанаты1921-1922 жылдардағы ашаршылықБақытсыз ЖамалЕтісЖалғауҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыҚазақстандағы басқа ұлттар немесе этникалық топтар тарихыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыҰлпан (роман)ӘлеуметтануКомпьютерлік желіНайман хандығыҚазақтың 500 ән-күйіҚазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес РеспубликасыМұхитСібір жарасы (инфекциялық ауру)Қасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевҚожаКСРО ыдырауыГигиенаСайлау жүйесіЖұлынЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)АрғынБауыржан МомышұлыОралГидросфераҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Зар Заман ақындарыӨсімдіктер гормондарыДауысты дыбыстарМотивацияАнемияҚазақстан Республикасының КонституциясыСұлтанмахмұт ТорайғыровКіші жүзМұрат МөңкеұлыТеңеуҚазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұруГломерулонефритҚұндылықСырдарияЖаңа экономикалық саясатАллергия🡆 More