Атомдық Физика

Атом физикасы — физиканың атом құрылысын және оның қасиеттерін зерттейтін саласы.

Оның тарихы 19 ғ-дың соңында ашылған электрон мен радиоактивтіліктің қасиеттерін анықтаудан басталады. Атом туралы ұғым ертедегі гректерден бастау алды. Бірақ ол материяның бөлінбейтін тұтас бөлшегі деген теріс ұғым болып қалыптасты. Атом құрылысының күрделі екендігі Дж. Томсон ашқан электронның қасиеттерінен байқала бастады. Классикалық физика негіздеріне сүйеніп атомның құрылысы мен негізгі қасиеттерін теориялық тұрғыдан түсіндіруге тырысқан. Э.Резерфорд атом құрылысының моделін ұсынды. Бұл модельді атомның ядролық немесе планеталық моделі деп атады. Өйткені, атом құрылысы Күн жүйесіне ұқсас деп қарастырылды. Бірақ бұл модель атом құрылысының орнықты күйін және олардан шығатын сәулелердің қарқынын классикалық физика ұғымдары аясында түсіндіре алмады. Сондай-ақ атом құрылысына байланысы бар жаңа ашылған құбылыстарды да ескі физиканың шеңберінде (фотоэффект, дененің жылулық сәуле шығаруы т.б.) Резерфорд моделіне сүйеніп түсіндіру мүмкін болмады. Дегенмен, бұл модельдің дұрыстығын Резерфорд өз тәжірибесінде дәлелдеп берді. Сондықтан Резерфорд моделі мен классикалық физика арасындағы айтылған қайшылықтарды шешу үшін 1913 ж. Н.Бор өз қағидаларын ұсынды. Осының негізінде Бор сутегі атомының құрылысын, спектр заңдылықтарын түсіндіріп бергенімен атом дүниесіне қатысы бар көптеген күрделі құбылыстарды сол кездегі А. ф-ның шеңберіне сыйғыза алмады. Бор теориясында тиянақты атом теориясы бола алмады. Атом құрылысының және ондағы болатын түрлі құбылыстардың жүйелі теориясы микродүниенің кванттық заңдылықтары ашылғаннан кейін ғана пайда болды (1925 — 27 ж). Қазіргі заманғы А. ф-ның мазмұны осы кванттық теорияға негізделген. А. ф. атом теориясы, атомдық (оптикалық) спектроскопия, рентгендік спектроскопия, радиоспектроскопия, атомдар мен иондар соқтығысу физикасы тәрізді бөлімдерден тұрады. А. ф-ның жетістіктері физика, химия, астрономия, биология ғылымдарында, күрделі техника мәселелерін шешкенде кеңінен пайдаланылады. Атомдар мен иондардың ішкі құрылысын анықтау және олардың өзара соқтығысу заңдылықтарын зерттеу кванттық электроника және плазма физикасы тәрізді жаңа ғылым салаларының пайда болуына ықпал етті. А. ф-ндағы атом жөніндегі жүйелі ілім адамзаттың дүниетанымын кеңейтті. Әдеб.: Бете Х. Квантовая механика, М., 1978; Шпольский С. Э. Атомная физика, М., 1989.

Тағы қараныз:

Дереккөздер



Tags:

Резерфорд Эрнест

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ИнеліктерБайқоңыр (ғарыш айлағы)ҚарағайТоқырау жылдарындағы ҚазақстанҮстеуФариза ОңғарсыноваЭлектрондық сандық қолтаңбаРайымбек батырҚазақ батырлар тізіміҚұлдықҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыСталинград шайқасыАстана мектеп оқушыларының сарайыАдам ағзасындағы химиялық элементтерӘжеЖүсіп БаласағұниҚасым ханның қасқа жолыМэйдзи жаңғыртуыАйнұр ТұрсынбаеваҚазақстан және БҰҰТың игеруЖарықтың шағылуыҚазақстандағы су айдындарының экологиялық жағдайларыМутацияҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚарлығаштарШайтанкөлҚазақ ұлттық киімдеріАлматыӘлемнің жеті кереметіҰлы Жібек жолыСинонимМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)ЕртісБұқар жырау ҚалқаманұлыДүниежүзілік сауда ұйымыМұхтар ШахановАй (серік)Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріӘбу Райхан әл-БируниОтынХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыБаяндауышТерминҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміБағыныңқы сөйлемЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларНарықтық экономикаМұнайЮНЕСКОСөз табыЖаһандануҚазақстан өсімдіктеріСемей полигоныҒаламдық экологиялық проблемаларҚазақстанБензолАтом ядросыТабиғи сұрыптауОзон қабатыҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеМәлік ҒабдуллинТүпті жуаШыршаСызықшаҚазақстандағы минералды ресурстарАқуызЕкінші дүниежүзілік соғысҚолдан сұрыптау18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыШылауЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОТүркістан (қала)Су көлігіБалқашФутбол🡆 More