Астана Опера

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры немесе Астана Опера — Қазақстандағы Астана қаласында орналасқан опера және балет театры.

Астана Опера
Астана Опера
Орналасуы Астана Опера Қазақстан, Астана, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1
Негізделгені 2013 жыл
Директоры Ғалым Ахмедьяров
Көркемдік жетекшісі Виктор Караре
Бас режиссёрі Еренбақ Тойкенов
Бас дирижёрі Алан Бөрібаев
Бас балетмейстері Алтынай Асылмұратова
Бас хормейстері Ержан Дәуітов
Сайты https://astanaopera.kz/kz
Астана Опера Ортаққорда

Тарихы

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры құрылысы 2010 жылы басталып, 2013 жылы 21 маусым күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен алғашқы маусымын ашты. Театр Орталық Азиядағы ең ірі театр болып саналады.

Театр шымылдығын тұңғыш түру құрметі Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектакліне берілді. «Астана Операның» репертуарында М.Төлебаевтың «Біржан — Сара», А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай», Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» опералары, Ғ. Жұбанованың музыкасына жазылған «Қарагөз» балеті бар.

Театрда Милан Ла Скала театры, неаполитандық «Сан-Карло», генуэздік «Карло Феличе», Ұлттық Париж операсы, Санкт-Петербургтегі Мариин театры және т.б. гастрольдік сапармен болды.

2014 жылы «Астана Опера» (Нью-ЙоркТоронтоПарижАнтверпенРоттердам) әлемдік турнесі өтті; сондай-ақ Маскат Корольдік театрында (Оман), Graz Opera (Австрия); Мариин театрында (Ресей), Theatro Municipal (Бразилия), Рим операсы (Италия), театрда гастрольдер өтті «Карло Феличе» (Италия), София патшайымның өнер сарайы (Валенсия, Испания) және басқа да театрларда өнер көрсетеді.

Театрдың техникалық сипаттамасы

«Астана Опера» ғимаратын салуға 30 елден астам маман қатысты. Сахнаны неміс мамандары дайындаса, акустикасына италия мамандары жауап берді. Театрдың ішкі жағы және сырты сицилиялық мрамормен безендірілген.

«Астана Опера» залына 1250 көрермен, ал камералық залда 250 адам сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар Бас сахнаның көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метр.

Сахна астында, 12 метр тереңдікте «төменгі деңгей», яғни автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы орналасқан. Оркестр шұңқыры үш тұғырнамада тұрады. Олар әртүрлі деңгейлерде жайластырылған және 120 музыканттың орын тебуіне есептелген.

Опера труппасы

  • Мейір Байнеш — Опера труппасының директоры
  • Мәнсия Естекова — Опера труппасының инспекторы
  • Жанар Ахметова, Ирина Кургузкина, Дина Мирманова — Жетекші концертмейстерлер

Марапаттары

  • А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсы үшін Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының (2018) лауреаты.
  • «Жылдың театр алаңы» номинациясында классикалық өнер саласындағы «BraVo» халықаралық сыйлығының иегері (Мәскеу, Ресейдің Үлкен театры, 2019).

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Tags:

Астана Опера ТарихыАстана Опера Театрдың техникалық сипаттамасыАстана Опера Опера труппасыАстана Опера МарапаттарыАстана Опера ДереккөздерАстана Опера Сыртқы сілтемелерАстана ОпераАстанаБалетОпера (музыка)ТеатрҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақ халқының ұлттық тағам түрлеріОтырарLinuxҚышқылҚазақстан әкімшілік бірліктеріҚызғалдақКанадаТәңіршілдікКүкіртДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновТау жынысыТөреДомалақ Ана КесенесіҰлттық бірыңғай тестілеуГалогендерМенің атым Қожа (повесть)ҚоғамҚазақстан аумағындағы казак әскерлеріТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровСуБиотехнологияАлгоритмШығыс Түрік қағанатыОрбұлақ шайқасыЖелтоқсан көтерілісіХалел ДосмұхамедовЛатын АмерикасыМексикаҚажымұқан МұңайтпасұлыТеріСыбайлас жемқорлықМоңғол шапқыншылығыБерішМемлекетҚарағанды облысыСалт-дәстүрҚазақтың балаға ат қою рәсіміБалқашГеродотБіріккен Ұлттар ҰйымыБұқар жырау ҚалқаманұлыГеографиялық ақпараттық жүйеЖүрекБиомеханикаФобияның түрлеріЛеонардо да ВинчиЖүйке жасушаларыТүркістан (қала)Нарықтық экономикаАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыБәйтерек (монумент)МенеджментШымырҒұндарҚазақ мәдениетіТүркияНорвегияҚұрмалас сөйлемЖыныстық қатынасЖерлеу рәсіміРобототехникаЖалғауӨзін-өзі өлтіруКеңес Одағы Коммунистік ПартиясыҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевЖіктік жалғауҰлпан (роман)Шайбалы хоккейМанипуляцияАрыстан баб кесенесіӘз-Жәнібек ханЖаңа білім беру жүйесіОм заңыҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніНағашыАзотҰйықтатын дәрілерҚазақ батырлар тізімі🡆 More