Genshin Impact: 2020 ойнауға болатын тегін экшн-рөлдік бейне ойыны

Genshin Impact (қыт.

(маусым 2021)

Ойын free-to-play цифрлық модельмен таралады, бірақ та ішінде өмір валютасын қолданатын дүкен бар. Ойын негізі ретінде «гатя» жүйесі алынған.

Genshin Impact
Жасаушы HoYoverse
Шығарылған
күні
* PlayStation 4 - 28 қыркүйек 2020
Жанр Action/RPG
Тасымалдайтын
құрылғылар
цифрлық жүктеу
Платформалар PlayStation 4, PlayStation 5, Windows, IOS, Android
Ойын қозғалтқышы Unity
Сайт genshin.mihoyo.com Ресми сайты

Тарихы

Genshin Impact 2019 жылдың маусым айында жарияланды және оның шығуы Windows және iOS платформаларында 2020 жылға жоспарланған болатын. Бірінші трейлер ашық әлемді көрсетті, ол The Legend of Zelda ойынымен қатты шабыттанды: атмосфера, сыртқы көрініс және геймплей тұрғысынан жабайы тыныс, оның көп бөлігі жаппай ашық әлемді зерттеу, сынақтарды орындау және жұмбақтарды шешуді көрсетті. Маусым айының соңында бета-тест іске қосылды. .

Sony ChinaJoy 2019 тұсаукесерінде PlayStation 4-те ойынның шығарылымы жарияланды. . Nintendo Switch нұсқасы кейінірек, 13 жылдың 2020 қаңтарында жарияланды. . Сондай-ақ, 28 сәуірде Playstation 5-ке шығу туралы жарияланды. ..

6 тамызда miHoYo ойынның 2020 жылдың күзінде шыққанын ресми түрде растады. .

Геймплей

Тейват әлемінде 7 элемент бар: Крио, Гидро, Пиро, Гео, Дендро, Электро және Анемо. Әр элемент бір-бірімен байланысты. Мысалы: Пиро мен Гидроның қосындысы "булану" деген реакция береді. Мұнда ойында болатын реакциялардың тізімі берілген: 1. Гидро және Пиро - Булану 2. Гидро және Электро - Электрлену 3. Гидро және Крио - Тоңазыту 4. Гидро және Анемо - Шашырау 5. Гидро және Гео - Кристалдану (қалқан береді) 6. Пиро және Электро - Жарылыс 7. Пиро және Крио - Еру 8. Пиро және Анемо - Шашырау 9. Пиро және Гео - Кристалдану (қалқан береді) 10. Электро және Крио - Өткізгіш 11. Электро және Анемо - Шашырау 12. Электро және Гео - Кристалдану (қалқан береді) 14. Крио және Гео - Кристалдану (қалқан береді) 15. Крио және Анемо - Шашырау 2022 жылғы 24 тамызда ойынға жаңа реакциялардың түрі қосылды: Дендро реакциялар. Олардың ерекше механикасы реакциялар бірнеше элементтерді біріктіре алатынында: Дендро + Гидро - Дендро өзегі. Өзекке Пиро элемент қосылса "Гүлдену" деген реакция болады. Ол аймақ бойынша соққы жасайды. Дендро өзегі + Электро - Өсу (Вегетация). Бұл реакция өз-өзінен дәлденетін оқ ұшырады. Дендро + Пиро - Жану. Ол кейіпкерді өртеп, бірнеше уақыт аралығында зиян келтіре алады. Дендро + Электро - Жайылу реакциясын тудырады. Ол Дендро соққысының күшін арттырады. Реакциялар соққыны күшейтеді. Бұл геймплейдің негізі. Әр ойындық кейіпкердің өз элементі бар.

Әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы "Бұлақ Тастарын" алуға болады. Бұлақ Тастары (ағылш. Primogem) - ойындағы валюталардың бірі. Бұлақ Тастарының арқасында жаңа кейіпкерлерді "тілек жүйесі" арқылы алуға мүмкіндік бар.

Ойында белгілі бір кейіпкерлердің баннерлері болады. Баннердің әдеттегі ұзақтығы 21 күнге тең. Сирек кездесетін кейіпкер түрі - бес жұлдызды кейіпкерлер. Оларды алу мүмкіндігі 75 реттен кейін ғана арта түседі. 75 пен 90 ролл арасында бес жұлдызды кейіпкерді алу мүмкіндігі 100%-ке жетеді.

Тілдері

Интерфейс 14 тілде қол жетімді. Төменде олардың тізімі берілген: Қытай тілі, Қытай тілі (Оңайтылған), Жапон тілі, Орыс тілі, Португал тілі, Неміс тілі, Испан тілі, Ағылшын тілі, Индонезия тілі, Тай тілі, Француз тілі, Вьетнам тілі.

2022 жылдың 7 желтоқсанында ойынға түрікше және итальяндық тілдері қосылды.

Ойынды дыбыстау тек төрт тілде қолжетімді: жапон, корей, ағылшын және қытай тілдері.

Әзірлеу

miHoYo 2017 қаңтар айының соңында, Honkai Impact 3rd ойыны шыққаннан кейін 3 ай өткен соң, Unity қозғалтқышында жаңа жобаның дамуын жариялады. Компания жобаны бұрынғыға қарағанда әлдеқайда үлкен көлемде жасағысы келетінін айтты. Бұл жоба Genshin Impact болды.

Әзірлеушілердің айтуынша, оларға Grand Theft Auto және The Legend of Zelda: Breath of the Wild ойындары қатты әсер етті. Олар жауынгерлік жүйе, квесттер, кездейсоқ оқиғалар және зерттеу режимі тұрғысынан Honka Impact 3rd-тен мүлдем өзгеше болатын ерекше жоба құруға тырысты. .

Ойынның желісі

Аға мен әпке әртүрлі әлемдерді аралады. Бірақ, оларды белгісіз тәңір бөлді. Сіз екі кейіпкердің бірін таңдай аласыз. Ойынның мақсаты: ағасы не әпкесін табу. Бұл хикаясы "Тейват" деген құрлықта жалғасады. Әлемде 7 мемлекеттер бар: Мондстадт, Лиюэ, Иназума, Сумеру, Фонтейн, Натлан және Снежная. Әр елдің өзінің элементтері, архонты (тәңірлер) және идеологиясы бар. Ең басым қасиеті бұл дүниенің 7 элементте бөліну: Пиро (от), Крио (мұз), Дендро (өсімдіктер), Гидро (су) Электро (электр), Анемо (жел)және Гео (топырақ, тас). Саяхатшы (бас кейіпкері) "Паймон" серігін табады. Паймон біздің кейіпкерімізге Тейватта меңгеруге көмектеседі. Алдымен олар Мондстадт қаласында келеді. Бұл еркін мемлекеті, оның архонты - Барбатос. Сосын, Мондштадтқа есалаң айдаһары басып кірді - Двалин. Оның шабуылынан кейін ұлы боран басталады, бірақ саяхатшы, Венти (Барбатос) және Дилүк Двалинды жеңеді. Мондштадтта Саяхатшы Джин және Кәйямен танысты. Дағдарыс шешілгеннен кейін Венти және Саяхатшыны Ла-Синьора (Фатуи ұйымының елші) қақпанға ұстап, Барбатостың "Тәңір жүрегін" ұрлайды. Енді Паймон және Саяхатшы Лиюэға кетеді.

Лиюэ - Тейваттың ең бай мемлекеті. Сюжет бойынша, бұл Жеті Елдердің айлағы, оның идеологиясы - дамыту және шарт. Архонтты әпке туралы сұрау үшін, ол Лиюэға барады. Саяхатшының келуінен кейін, Лиюэға жаман хабар жарияланады: Моракс архонты "өлді". Жерлеу орындау үшін, оған табытшы Жоңли және Снежнаядың елші Чайльд (Тарталья) көмектеседі. Бірақ Чайльдтің басым мақсаты бұл архонттың денесін табу және оның "Тәңір Жүрегін" ұрлауы. "Тәңір жүрегін" Саяхатшы алып қалады. Кек алу үшін Тарталья Ескі Құдайды шақырды. Лиюэның тұрғындар мен сақшылар бірлесіп елді қорғады. Содан кейін олар Жоңли шынайы архонт екенін білді. Ол Ла-Синьорамен шарт жасасады. Жоңли архонт болуды тоқтатады. Оның пікірі бойынша, Цисиң ұйымның басшылығымен елдің дамуы жалғастырылады. Жоңли Иназума туралы ақпарат берді: бұл өте жабық, тоталитарлық мемлекет. Оның архонты - Шогун Рәйден "мәңгілік" туралы идеологиясын көздейді.

Саяхатшы мен Паймон Мондстадтқа оралып, Дайнслейф есімді бейтаныс адаммен кездеседі, ол оларға Тұңғиық Ордасы жасанды түрде көкке қалықтап жүрген Селестия патшалығын құлатуға қабілетті Құдайды құру әрекетін тергеуге көмектеседі. Дайнслейф өзінің саяхатында құлаған Каәнри'ах елі және оның Тұңғиық Ордасымен байланысы туралы ақпаратты ашады. Олардың әрекеттің алдын алудағы жетістігі Саяхатшының әпкесінің келуімен үзіледі. Ол саяхатшымен қайта қосылудан бас тартады және Тұңғиық Ордасының жетекшісі болып шығады. Дайнслейф оның артынан қуып, өзінің бастапқы миссиясын жалғастыруға шешім қабылдаған Саяхатшыны қалдырады.

Паймон және Саяхатшы Иназумаға кетеді. Бұл елі Баал (Шогун Рәйден) Архонтының бақылауға болады. Иназума алыс аралдарға орналасқан, негізгі аралы Наруками аталған. Бәйдоу капитаны арқасында, Саяхатшы Иназумаға байқатпай келеді. Олар Архонмен келіссөздер жүргізгісі келеді, бірақ Саяхатшы Томаға көмектесіп, "Тәңір Көзінің" алып қоюын тоқтатады. Шогун Рәйден оларға ашуланады. Әрең қашып, Саяхатшы "Қарсыласуға" қосылды. "Яширо" аралындағы шайқастан кейін, Скарамуш деген атпен белгілі № 6 Фатуиның хабаршысына қарсы тұруға дәрменсіз Саяхатшыны Шогунның діни қызметкері Яэ Мико құтқарады, ол Электроархонттың "Тәңір Жүрегін" төлемге айырбастайды. Мико Саяхатшыға Шогун Рәйден мен оның нағыз иегеріне (Эи) қарсы тұру жоспарын ұйымдастырады. "Ұлы Теншүкаку Сарайда" келгенде, Саяхатшы Ла Синьора мен Шогун арасындағы қақтығысқа қатысады. Ла-Синьора Шогун қолынан өлді. Иназуманың елордасында шайқас болды. Жеңілісті мойындай отырып, ол "Тәңір Көзін" іздеу туралы жарлықтың күшін жояды және мәңгілік ұлт туралы түсінігін қайта қарайды. Олардың жеңуіне қарамастан, Яэ Мико Саяхатшыға әпкесі туралы пайдалы ақпарат бере алмайды,бірақ Дендро Архонты Кіші Қағаны Кусанали баруға кеңес береді.

Саяхатшы мен Паймон Кіші Қағаны Кусаналиді іздеу үшін Сумеруге барады. Бұл Үндістанның және Иранның мәдениетке негізделген жер. Оның басым идеологиясы - шексіз білім мен даналық. Дегенмен Саяхатшы Архонтты таба алмайды, өйткені Ұлы Академия Кусаналиді тұтқында ұстады. Оны ешкім көрген жоқ. Алайда, Саяхатшы Архонды түсінде, нахида түрінде көре алады. Нахида мен саяхатшы Самсара оқиғаларының шеңберінде түседі, Сәбзерыз мерекесі күні бірнеше рет қайталанады. Бұл академияның құпия жобаларының бірі болып шығады. Олар Самсарадан шықты. Саяхатшы, Дэхья, Кандакия, Сайно, Әл-Хайтам және Нилу Академияның қорқынышты жоспары ашылады: Академия және Ұлы Ақсақал Азар жаңа Тәңірі құруға бастады. Бұл үшін Академия Скарамушта шексіз білімдер жүктеді. Саяхатшының тобы Ұлы Ақсақалды және Академияның Үкіметіні құлатып, Скарамушты жеңеді. Дендро Архонт "Ирминсул" ағашын емдейді, бірақ Нахида және Бұрынғы Дендро Архонт қайғылы ахуалда бір-бірімен қоштасады. Сумеруның тұрғындары Руккхадеуатаны (бұрынғы Архонт) ұмытады. Олар үшін тек қана Кусанали болды. Кусанали Саяхатшыға әпке туралы пайдалы ақпарат береді. Олар бір-бірімен отбасы болмауы мүмкін және төрт "келгендердің" бірі. Тейватқа "келгендердің" бірі - белгісіз Тәңрі, ойынның басталуға.

Саяхатшының келесі бағыттауы - Фонтейн....

Пікірлер мен танымалдық

Genshin Impact-тің басталуы Қытай ойындарының ішіндегі ең ауқымдысы болды, іске қосылғаннан бірнеше сағат өткен соң, Twitch-тегі көрермендердің саны 110 мыңнан асты. . Sensor Tower компаниясының хабарлауынша, ойынның мобильді нұсқалары бір апта ішінде шамамен 60 миллион доллар тапқан. . Екі аптадан аз уақытта ойын өз әзірлеушілеріне 100 миллион доллардан астам қаражат әкелді және ақталды. . Бірінші айда ойынның мобильді нұсқасы өз жасаушыларына 245 миллион доллар әкелді. . Екі айдың ішінде ойынның мобильді нұсқасы өз жасаушыларына 393 миллион доллар әкелді, бұл кезеңдегі екінші кассалық мобильді ойын болды. .

Game Informer ойынды 10 ұпайдан 9,25-ке бағалады, өз шолуында автор кейіпкерлердің стихиялық сиқырларының өзара әрекеттесу механикасын және олардың әлемге әсерін жоғары бағалады, бірақ рецензент сюжетті әлсіз деп атады. . Destructoid шолушысы өз мақаласында ойынның ең сәтті элементі оның жауынгерлік жүйесі екенін, бірақ тапсырмалар арасындағы әлем тым бос болып көрінетінін атап өтті. Ойын басылымнан 10-нан 7,5 ұпай алды. .

Genshin Impact Google Play және Apple нұсқасы бойынша 2020 жылдың ойыны болып танылды. . Ойын сонымен қатар The Game Awards 2020-да "Үздік рөлдік ойын" және "Үздік мобильді ойын" номинациялары бойынша номинант болды.

Дереккөздер

Сілтемелер

Tags:

Genshin Impact ТарихыGenshin Impact ГеймплейGenshin Impact ТілдеріGenshin Impact ӘзірлеуGenshin Impact Ойынның желісіGenshin Impact Пікірлер мен танымалдықGenshin Impact ДереккөздерGenshin Impact СілтемелерGenshin ImpactСанат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ӨсімдіктерОңтүстік АмерикаЖай механизмТау жынысыАмерика Құрама ШтаттарыКанадаТоғыз-құмалақНаурыз мейрамыЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыҚышқылСептік жалғауҚазақ хандарыМарсҰлы жүзҚожа Ахмет ЯсауиҚант қызылшасыАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіКарл ЛиннейҒабит Махмұтұлы МүсіреповҚазақстанның мемлекеттік құрылымыПлацентаАзамат соғысыКөкпарЭкологиялық проблемаБалғынбек ИмашевШыңғыс ханҚазақ хандығының құрылуыМорфология (лингвистика)Дәнеш РақышевҚазақстанның Қызыл кітабыДыбыстың сипаттамаларыЖеті қазынаҒылыми-техникалық революцияСоқырішекӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіӨнеркәсіпАзаматтық іс жүргізу құқығы38-атқыштар дивизиясыКөмір өнеркәсібіБұлшық етОрганикалық затЭволюцияЭкологиялық апатШоқан Шыңғысұлы УәлихановОрталық ҚазақстанАйдын Ақанұлы АйымбетовФотоэлектрлік құбылыстарТабиғи сұрыптауҚазақстандағы минералды ресурстарЭкологияАлғашқы қайта өрлеу дәуіріТірі ағзалардың негізгі қасиеттеріТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)Түрік қағанатыБірінші дүниежүзілік соғысРахат кондитер фабрикасыВегетативтік көбеюМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваАғашИосиф Виссарионович СталинЭлектр энергетикасыҚаныш Имантайұлы СәтбаевЖапонияНанотехнологияӘлем елдерінің тізіміҰлықбекТәуке ханМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыМәлік ҒабдуллинҚыстырма сөзҚимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемГүлНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіКонституцияШылауТөлеген ТоқтаровҚазақстанның жеті кереметіЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізімі🡆 More