Egov.press: Қазақстандық петициялар сайты

Egov.Press (егов пресс) – 2020 жылы ашылған қазақстандық үкіметтік емес петиция сайты.

Жобаны мемлекеттегі петиция институтын дамыту мақсатында Қазақстанның бес азаматы өз қаражатына жасаған. Олар қауіпсіздік мақсатында жеке басын жариялағысы келмейді. Қазақстанда egov.press сайтындағы петициялар қоғамда наразылық туғызу үшін қолданылады, өйткені көтерілген бастамалардың заңды күші жоқ. Сайттағы алғашқы петиция 2021 жылғы қазанда жарияланған. 2022 жылғы 25 шілде мен 8 қараша аралығында сайтқа 539,7 мыңнан астам адам кірген. Осы уақыт ішінде билік сайтта жарияланған әлеуметтік маңызы бар он петицияның бесеуін ішінара қанағаттандырды.

Egov.Press
логотипі
URL

egov.press

Коммерциялық

Жоқ

Сайттың түрі

Азаматтық бастама мен петиция жариялауға арналған интернет-ресурс

Тіл(дер)і

Қазақша, Орысша, Ағылшынша

Сервердің орналасқан жері

Қазақстан Қазақстан

Авторы

Қазақстан Республикасының белгісіз азаматтары

Ашылған уақыты

2020 жыл

Қазіргі статусы

Белсенді

egov.press және alash.online сайттарында Қазақстанның ҰҚШҰ-дан шығуы, нашақорларды «Метадон» препаратымен емдеуге қарсы, мүгедектерге берілетін жәрдемақы көлемін ұлғайту, қазақ тілі орталықтарын ашу туралы петициялар әлі де журналдар мен кітаптарда талқылануда.

2022 жылы петиция сайты Қазақстанның аумағында сот шешімімен бұғатталды, содан кейін egov.press сайты alash.online жаңа доменіне көшті.

alash.online сайтында жарияланған петициялар Massaget.kz редакциясының нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең танымал бестікке енді. 2022 жылғы 22 қаңтарда сайтта Қазақстандағы оқушы қыздарға орамал тағуға рұқсат беруді талап еткен петиция пайда болды. Бір күнде бастамаға 20 250 қол жиналып, 2 күннен кейін белгісіз себептермен сайттан жойылды.

Петициялар

Қазақстан астанасы туралы

Сурет:Astana 202302.jpg
Қазақстан Республикасының астанасы.

Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанды Астана деп өзгерту туралы петицияға 223 101 адам қол қойды. Петициядан кейін 2022 жылғы 15 қыркүйекте бұл ұсынысты қалалық мәслихат қолдап, депутаттар атауды өзгертуге дауыс берді. 2022 жылғы 17 қыркүйекте президент астананың атын өзгерту туралы заң жобасына қол қойды. Өтініш толығымен қанағаттандырылды.

Әйелдердің зейнеткерлік жасы туралы

Egov.press: Петициялар, Сын және цензура, Дереккөздер 
Алматыда әйелдердің зейнет жасын төмендетуді талап еткен митинг өтті.

2021 жылғы 30 қазанда Қазақстан азаматтары әйелдердің зейнеткерлік жасын 55-58 жасқа дейін төмендету туралы петиция көтерді. Бастама 863 мыңнан астам қол жинап, зейнетақы реформасын талап ету үшін бірнеше рет митингіге шыққан әйелдер қозғалысы құрылды. Петициядан кейін 2022 жылғы 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2028 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жас болып белгіленетінін мәлімдеді.

Экс-президенттің иммунитеті

Egov.press: Петициялар, Сын және цензура, Дереккөздер 
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

2022 жылғы 18 қаңтарда egov.press сайтында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты иммунитеттен айыруды талап еткен петиция жарияланды. Петициядан кейін 2023 жылғы 15 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тұңғыш президентінің иммунитетінен айыру туралы Конституциялық заңға қол қойды.

Алматы қаласы әкімінің қызметінен кетуі туралы

Egov.press: Петициялар, Сын және цензура, Дереккөздер 
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

2023 жылғы 6 шілдеде сайтта Ерболат Досаевты қала тұрғындары сынға алып, қызметінен кетуге шақырған петиция жариялады. Петицияны 12 556 адам қолдаса, 9 947 адам қарсы болды. Бір минут ішінде отставкаға кетуді қолдағандар саны азайып, 10 017 адам қарсы қол қойды. egov.press авторлары Ресейден арнайы бот шабуылы туралы хабарлады. Қазақстандық саясаттанушы Антон Морозов петицияға қолдаған адамдарды бот деп атады. Оның айтуынша, екі адам он мыңдаған пайдаланушылардың белсенділік көрінісін оңай жасай алады.

Мүгедектерге арналған жәрдемақы туралы

47 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны egov.press сайтында Қазақстан Президентіне мүгедектік бойынша жәрдемақыны 100 пайызға көтеруді сұрап петиция жариялады. Петиция 7 мыңға жуық қол жинады. Біраз уақыттан кейін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдарға берілетін жәрдемақыны 14,5 пайызға арттыруды тапсырды.

Утиль алым туралы

2021 жылғы 31 қазанда басталған утиль алым ақысын толығымен алып тастау туралы петицияға 130 000 қол жиналды. Петициядан кейін 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Президенті «Оператор РОП» компаниясын сынға алды. 2022 жылғы қазанда Парламент «Оператор РОП» утиль алымға ақы алу құқығын алып тастайтын заң қабылдады.

Украинаның Қазақстандағы елшісі туралы

2022 жылы 22 тамызда жарияланған Украина елшісі Петр Врублевскийді жанжалды мәлімдемелеріне байланысты депортациялау туралы петиция 42 мың қол жинады. Өтініштен кейін Украина тарапымен келісім бойынша Петр Врублевский Украинаның Қазақстандағы Елшісі қызметін тоқтата отырып, Қазақстаннан өз еркімен шақыртылды.

Бала күтімі бойынша жәрдемақы туралы

2022 жылғы 18 қаңтарда бала күтімі бойынша жәрдемақыны үш жылға дейін ұзарту туралы петицияға 125 мың қол жиналды. Петициядан кейін 2022 жылғы 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы бір жарым жылға дейін ұзартылатынын мәлімдеді.

Сын және цензура

Astana TV телеарнасы egov.press сайтында жарияланған «жалған петициялар» туралы айтып, отандық платформа құруға шақырған репортаж түсірді.

2022 жылы қазақстандық журналист Юрий Масанов egov.press петиция сайтын жалған деп мақала жазды. Журналист мақала жарияланғаннан кейін egov.press сайты 2022 жылғы 20 маусымда Қазақстанда сот шешімімен бұғатталды. Бұғаттаудан кейін egov.press петиция сайты alash.online жаңа доменіне көшті.

2023 жылғы маусымда «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры egov.press сайтын Қазақстандағы сөз бостандығының бұзылуы туралы есеп тізіміне енгізді.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Tags:

Egov.press ПетицияларEgov.press Сын және цензураEgov.press ДереккөздерEgov.press Сыртқы сілтемелерEgov.pressПетицияҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қызылша (медицина)Қазақстандағы транспортЖамбыл ЖабайұлыАйдын Ақанұлы АйымбетовАИВ/ЖИТСМұнайлы мұнай кен орныМитозБілім беруМақта (дақыл)Туыстық атауларыПартеногенезСын есімҚазақстан қорықтарының тізіміСырым ДатұлыҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыЖүрекКөлік кешеніНұрдәулет Бәбиханұлы АқышОмонимҮшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлерАғзалардың жеке дамуыБуддизмҚазақ билеріАфрикаКүкірт қышқылыСаясатАлюминийҒабиден МұстафинПиелонефритБатыс Түрік қағанатыЖелтоқсан көтерілісіӘпке (драма)ОтбасыЖыныссыз көбеюҮйсін мемлекетіЫңғайлас салалас сөйлемОсип Андреевич ИгельстромБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевБағыныңқы сөйлемӘлемдегі ең танымал кітапханаларАналық жыныс жасушасыҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыТіршілік ортасыЖүйке жүйесіҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыӘл-Фатиха сүресіТерроризмҚайың16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыӘбу Райхан әл-БируниСолтүстік АмерикаҚазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуыКүй аңызы (әңгіме)Ядролық қаруРоботЖәркен БөдешұлыУнитарлы мемлекетДәулеткерей ШығайұлыГеосаясатЕжелгі Рим өнеріҚазақстандағы ұжымдастыруКүш моментіҰйғырларМорфология (лингвистика)Солтүстік ҚазақстанАлаш партиясының бағдарламасыАлматыБабырКөптік жалғауОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыАлланың есімдеріҒаламдық экологиялық проблемаларБасынқы сөйлемДінЖай сөйлем және оның түрлеріТұздар (химия)Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Қазақстандағы көмір🡆 More