Қазіргі таңда ұшақ құрылысын DHC-ді Боингтен 1992 жылы сатып алған Bombardier Aerospace фирмасы жүзеге асыруда. 1996 жылдан бастап ұшақ ағылшынның «тыныш» (ағылш.quiet) сөзінен алынған Q — сериясы деген атауға ие. Барлығы 1000-нан аса ұшақ өндірілді. Bombardier концерні 2016 жылға дейін 1192 дана Dash 8 сериялы ұшағын өндірмекші.
Bombardier Q Series
Air Canada Express (Jazz) әуе компаниясының Q400 ұшағы
37-40 орынды жергілікті жолаушы ұшағының бірінші нұсқасы. Қолданысқа 1984 жылы енгізілді. Алғашқы даналары PW120A қозғалтқышымен (1985 жылы 13 желтоқсанда CAA сертификатын алды), ал кейінгілері — қуаты 1800 ат күші (1343 кВт) PW121 қозғалтқышымен (1990 жылы 22 ақпанда CAA сертификаты алды) жабдықталды.
DHC-8M-100
Канада көлік авиациясына арналған екі ұшақ.
CC-142
Еуропадағы Канада ӘӘК-не арналған әскери-тасымалдаушы нұсқасы.
CT-142
Канада ӘӘК штурмандарын оқытуға арналған оқу-жаттығу нұсқасы.
E-9A
АҚШ ӘӘК патрульдік ұшағы, Мексика шығанағындағы оқужаттығу жүмыстарын қамтамасыз етуге арналған.
200 сериясы
DHC-8-200
100 сериясына ұқсас, тек қуаты 2150 а.к. (1604 кВт) болатын Pratt & Whitney Canada PW123 қозғалтқыштарымен жабдықталған, 37-39 жолаушы тасымалдауға арналған.
Q200
Белсенді шу бәсеңдету жүйесімен (Active Noise and Vibration Suppression (ANVS) system) жабдықталған DHC-8-200 ұшағы.
300 сериясы
DHC-8-300
3,43 м-ге ұзартылған, 50-56 орынды жергілікті жолаушы ұшағы, қолданысқа 1989 жылы енгізілді. Қуаты 2500 а.к. (1865 кВт) болатын PW123, PW123B немесе PW123E қозғалтқыштарымен жабдықалған.
DHC-8-300A
пайдалы жүктемесі үлкейтілген DHC-8-300 нұсқасы.
Q300
Белсенді шу бәсеңдету жүйесі орнатылған (ANVS) DHC-8-300 нұсқасы.
400 сериясы
Q400
70-78 орынды үлкейтілген нұсқасы. Қолданысқа 2000 жылы енгізілді. Крейсерлік жылдамдығы бұрығы нұсқаларға қарағанда 140 км/сағ-қа көбейтіліп, 667 км/сағ-қа жетті. Ұшақ максималды қуаты 5071 а.к. (3789 кВт) (крейсерлік қуаты 4850 а.к. (3618 кВт)) PW150A қозғалтқышымен жабдықталған. Стандарттық ұшақтың ұшу биіктігі 7600 м құрады, ал жолаушыларға арналған апатты оттегі маскалары бар ұшақтарда 8200 м. Q400 нұсқасының барлық ұшақтары белсенді шу бәсеңдету жүйесімен (ANVS) жабдықталған.
Q400 NextGen
салоны, жарық құрылғылары, иллюминаторлары мен жоғарғы жүк салғыштары жақсартылған және жанармай шығыны мен қызмет көрсету құны азайтылған Q400 нұсқасы.
Q400-MR
Француз ӘӘК-не арналған теңіз бомбылаушы нұсқасы.
Дереккөздер
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Bombardier Q Series, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses. ®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.