Әтейбек Жолымбетов

Жолымбетов Әтейбек - (24.01.1912, Алматы облысы, Іле ауданы, Тастақ ауылы – 07.07.1994, Алматы) – актер, Қазақстанның халық әртісі (1971; 1962 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі).

Еңбек жолын туған ауылында есепші, малдәрігері болып бастаған. Қазақ драма театры жанындағы студияны бітіргеннен кейін (1936), театрдың негізгі құрамына қабылданады. 1936 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақ драма театрының актері болды. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндіктеріне қатысты (1936, 1958). Осы театрда алғаш ойнаған рөлі – Н.В. Гогольдің “Ревизор” комедиясындағы Христиан Иванович рөлі (1936).

Жолымбетовтың Қазақ драма театры сахнасында бұдан кейінгі сомдаған рөлдері өз ерекшелігімен ұлттық өнер тарихында қалды. Олардың ішінде Иван (М. Ақынжановтың “Исатай – Махамбетінде”), Жылкелді, Жантық, Жапар (Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері – Ақтоқты”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” және “Амангелдісінде”), Фогель (М.Әуезов пен Әлжаппар Әбішевтің “Намыс гвардиясында”), Аламанов (Ш.Хұсайынов пен Қ.Қуанышбаевтың “Шаншарларында”), Алшағыр, Қазан, Арыстан (Мұхтар Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыландысы” мен “Айман – Шолпанында”), Гроссман (Қажым Жұмалиев пен Әбу Сәрсенбаевтың “Арбасуында”), Малышев (Зейін Шашкиннің “Заман осылай басталдысында”), Оразбай (Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абайында”), Барақ (Қ.Бекхожиннің “Ұлан асуында”), Серке (Қ.Мұқашевтің “Парторгінде”) т.б. рөлдер бар.

Жолымбетов аударма спектакльдерге де қатысып, бірқатар қызғылықты образдар жасады. Олардың арасынан Дулебов (А.Н. Островскийдің “Таланттылар мен табынушыларында”), Мадам-қатын, Гортензио (У.Шекспирдің “Асауға тұсауында”), Кәрімбай (Д.Файзидің “Башмағымында”), Жорабай (С.Ахмадтың “Күйеуінде”), т.б. бөліп айтуға болады. Жолымбетов 1945 жылдан бастап киноактер ретінде де елге танылды. Әсіресе, Ораз (“Абай әнінде”, 1946), Майбасар (“Жамбылда”, 1952), Қапан (“Бұл Шұғылада болған едіде”, 1955), Милиционер (“Біздің сүйікті дәрігерде”, 1958), Қарасақал (“Алдаркөседе”, 1965) рөлдерін көрермендер жылы қабылдады.

Актер есімі радиодан көркем мәтін оқудың шебері ретінде халық жадында қалды.

Сілтеме

Tags:

1962Іле ауданыАктерАлматыАлматы облысыҚазақстанның еңбек сіңірген әртісіҚазақстанның халық әртісі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Сыбайлас жемқорлықМәдениеттануБасты бетҰшқан ұяСабын және синтетикалық жуғыш заттаp16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыҚарсылықты салалас құрмалас сөйлемШарана шайқауКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыСенсорлық жүйеСаяси билікӘлем елдерінің тізіміЖедел аппендицитАминдерЖатыр ауруларыҚазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресіТабиғат зоналарыШұғаның белгісіАйдахоЕтісМемлекетҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіМенің атым Қожа (повесть)Еліктеу сөзСалалас құрмалас сөйлемАбай Құнанбайұлы1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріАсқазан ауруларыСырым ДатұлыЖеті атаКәсіпкерлікҚарағандыТұсаукесерТасымал (лингвистика)Миокард инфарктіӘскери коммунизм саясатыОйық жара ауруыБуын (фонетика)ИнтеграцияМұхаметжан ТынышбайұлыПітір садақаҚазақстан туыБөкей ОрдасыЖеке тұлғаДжо БайденҒұндар мемлекетіМұстафа ШоқайМонархияАс қорыту жүйесіЭмоцияҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерКеңес үкіметіЭндокриндік жүйеМұқағали Сүлейменұлы МақатаевТүркияӨзбекәлі ЖәнібековІлеТромбоцитҚазақстан көлдеріАщы ішекТуризмҚұтадғу білікӘл-Кәфирун сүресіЭлектр өрісіСтолыпин реформасыГемоглобинОбаҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміЖылқыҚызыл кітапНаймандарИммунитетОғыздарАльдегидтерАммиакҚұранСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Қазақстан Республикасының Парламенті🡆 More