Қарқаралы Ұлттық Паркі

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіҚарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы таулы-орман ландшафтысы. Табиғаттың бірегей нысандарын қорғау, саяхатты дамыту және халық демалысын жақсарту мақсатында 1998 жылы құрылған. 2009 жылы аумағы 90,3 мың га-дан 112 120 га-ға дейін кеңейтілген.

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Қарқаралы Ұлттық Паркі
ХТҚО санаты — II (Ұлттық парк)
Жалпы мағлұмат
Ауданы112 120 га
Құрылған уақыты1 желтоқсан 1998 жыл
Басқаратын ұйымҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Орналасуы
49°25′00″ с. е. 75°25′00″ ш. б. / 49.41667° с. е. 75.41667° ш. б. / 49.41667; 75.41667 (G) (O) (Я) 75°25′00″ ш. б. / 49.41667° с. е. 75.41667° ш. б. / 49.41667; 75.41667 (G) (O) (Я) (T)
ЕлҚарқаралы Ұлттық Паркі Қазақстан
АймақҚарағанды облысы
АуданҚарқаралы ауданы
Қарқаралы ұлттық паркі (Қазақстан)
Қарқаралы Ұлттық Паркі
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Қарқаралы ұлттық паркі (Қарағанды облысы)
Қарқаралы Ұлттық Паркі
Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Қарқаралы Ұлттық Паркі Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ортаққорда

Географиялық орны мен сипаты

Қарқаралы Ұлттық Паркі 

Сарыарқның Қарқаралы және Кент тауларындағы дала өсімдіктері мен қарағайлы орман өскен аймағын алып жатыр. Бұл аймақта бұрын биік таулар болатын, уақыт өте бұзылып, көптеген ұсақ шоқылар мен адырларға бөлініп кеткен. Олардың биік беткейлері қатты өзгеріске ұшырап, жартасты шыңдары терең сайлармен және аңғарлармен бөлінген. Көп жерлерде гранитті тақталар жалаңаштанған. Тау сайларынан бұлақтар басталып, шағын өзендер бастау алады. Қарқаралы тауларында Қарқаралы, Қопа, Аюшат, Қаракеңгір, Кент тауында Қызылкеніш, Қадыр өзендері, Шайтанкөл, Бассейн, Үлкенкөл, т.б. көлдері бар. Шағын суқоймалары, суға толы гранитті жартас шұңқырлар кездеседі.

Климаты және топырағы

Аймақтың ауа райы континентті, күн сәулесі көп түседі. Жауын-шашынның орташа мөлшері 250-300 мм, жазғы жауын-шашын қысқы уақыттан басым және жазда жиі құрғақшылық болып тұрады. Қаңтар айының орташа жылдық ауа температурасы -14,4°С, шілдеде 18°С.

Қарағайлы орман төсемесінде қоңыр түсті орман және шымды-күлді таулы орман топырағы қалыптасқан.

Фаунасы мен флорасы

Қарқаралы Ұлттық Паркі 

Саябақта кездесетін аңның 40, құстың 114, өсімдіктің 66, балықтың 8 түрі қорғауға алынған. Олардың ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген аңдар - арқар, сабаншы; құстардан бүркіт, ақбас тырна, ақбас үйрек, балықшы тұйғын, безгелдек, қара дегелек, қытай қазы; өсімдіктерден қара қандыағаш, Фукс сүйсіні, қызыл қайың, Қарқаралы бөріқарақаты мен сылдыршөбі, кәдімгі қырыққұлақ, Сібір қисық бұтасы, қауырсынды селеу және мүктің бір түрі - тегіс сфагнум, т.б. бар.
Эндемик өсімдік түрлерінен - Қарқаралы бөріқарақаты мен сылдыршөбі, үшкір сала сиякөк, Қарқара бидайығы, салалы таспашөп, Қарқаралы рэгнериясы өседі.

Белдемдері

Қарқаралы Ұлттық Паркі 

Саябақ үш белдемнен тұрады:

  • қорықтық белдем - Кент тауларын қамтиды. Мұнда таулы-орманды алқаптың төл табиғаты бастапқы қалпында сақталып, қорғалады;
  • рекреациялық белдем - Қарқаралы тауларын қамтиды. Мұнда табиғатты қорғаумен қатар туристік, сауықтыру шаралары ұйымдастырылады;
  • эндемиктік белдем - тек қана осы саябақта тіршілік ететін жануарлар, сондай-ақ бірегей табиғат нысандары қорғалады.

Саябақ аумағында шаруашылық әрекеттерге тыйым салынған.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Karkaralinky Reserve

Tags:

Қарқаралы Ұлттық Паркі Географиялық орны мен сипатыҚарқаралы Ұлттық Паркі Климаты және топырағыҚарқаралы Ұлттық Паркі Фаунасы мен флорасыҚарқаралы Ұлттық Паркі БелдемдеріҚарқаралы Ұлттық Паркі ДереккөздерҚарқаралы Ұлттық Паркі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Адам ағзасындағы химиялық элементтерБұлшықеттердің маңызы мен құрылысыҚағбаПалеолитСүннетБірінші Мемлекеттік ДумаАдам атаМысМұнай өнеркәсібіТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріАқпан төңкерісіАтырауOAuthҚызғалдақБуын үндестігіТопырақЕкінті намазыӘлемнің жеті кереметіЖол белгілеріТамыр (өсімдік органы)КатализМетонимияОлжас Омарұлы СүлейменовОралАбай облысыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыСабақтас құрмалас сөйлемСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыXV-XVIII ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіАрыстанбабАқан серіНайманОңтүстік ҚазақстанДомалақ Ана КесенесіЫбырай АлтынсаринҚазақстанның пайдалы қазбаларыӘн-Ниса сүресіЖелтоқсан көтерілісіЖатыр мойны эрозиясыМұнайАдамаралық қарым-қатынасҚыпшақтарШектіСұлтанмахмұт ТорайғыровБесін намазыӨскеменҚазақ әліпбиіАИВ/ЖИТСТабиғатты қорғауЕліктеу сөзТалақГеморройТерроризмТың игеруАлмаМахаббатШежіреКүкірт қышқылыОғыз мемлекетіЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОСүндеттеуАсық ойыныГрузияХимиялық байланыстарЕсік Алтын адамыЖерҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміРобототехникаТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміСалалас құрмалас сөйлемҚарахан мемлекетіТоталитаризмМағжан Бекенұлы ЖұмабаевПедагогикаОттегіМал атаулары1921-1922 жылдардағы ашаршылық🡆 More