Қара Дегелек

Қара дегелек (лат.

Ciconia nigra) - саны тұрақты сирек кездесетін түр.

Қара дегелек
Крюгер ұлттық паркіндегі қара дегелектер
Крюгер ұлттық паркіндегі қара дегелектер
Амандық күйі
Қара Дегелек
Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Дегелектәрізділер
Тұқымдасы: Ciconiidae
Тегі: Ciconia
Түрі: C. nigra
Екі-есімді атауы
Ciconia nigra
(Carolus Linnaeus
       Breeding summer visitor        Resident year-round        Winter visitor (ranges are approximate)
       Breeding summer visitor
       Resident year-round
       Winter visitor
(ranges are approximate)
Қара Дегелек
Ciconia nigra

Сидамсирақтылар отрядына жататын құс. Дене тұрқы 100 см шамасыңда, қанатының ұзындығы 52-59 см, құлашы 200 см-ге жуык, салмағы 3-4 кг. Сирақтары, тұмсығы, көзінің айналасындағы жалаңаш тері қызғылт келеді. Түсі жасылқара, бауыры ақ. Мойынын созып, сирақтарын жинамай ұшады. Жартасқа салған ұясын бірнеше жыл бойы пайдаланады. Талшіліктен құрастырып, түбіне мүк төсейтін ұясының биіктігі 40 см, 2-5 жұмыртқа салып, 35 тәулік басады. Қосмекенділермен, балықпен, су жәңдіктерімен, ұсақ сүтқоректілермен қоректенеді.

Қазақстанда орманды, таулы аймақтарда таралған, кейде тіпті ағашы жоқ жартасты тауды да, жазықты да мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны 300-дей, негізгі мекендейтін жерлері - Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань таулары. Ұя маңындағы мазасыздыққа төзе алмайды. Бұл құсты сақтау үшін ұяның айналасынан радиусы 0,5 шақырымнан кем емес тыныштық аймағын ұйымдастыру керек.

Статусы

3-ші санат. Сирек кездесетін түр.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы

Әлемдік фаунадағы туыстың бес түрінің және Қазақстан фаунасындағы екі түрдің біреуі.

Таралуы

Еуразияның орманды зонасы (аймақтан тыс таулы ормандарды қоса), Оңтүстік Африкада – шашырап орналасқан. Қазақстанда – Мұғалжар, Кент, Ұлытау, Батыс және Солтүстік Тянь-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Алтайда мекендейді. Маусымдық миграция кезінде Қазақстанның шөлді және шөлейтті аудандарында кең кездеседі.

Мекендейтін жерлері

Жартасты тау шатқалдары, оңтүстіктегі ксерофитті шағын ормандардан Алтайдағы қылқан жапырақты тайгаға дейінгі жазық және тау ормандары.

Саны

Көп емес. Біздің және әдебиет көздері бойынша Қазақстанда 150 жұптан артық емес, оның ішінде Батыс Тянь-Шаньда 20 жұптай, Солтүстік Тянь-Шаньмен Жоңғар (Жетісу) Алатауында – 10, Алтайда – 100-ге жуық, Орталық Қазақстанда 5-10 жұп. Көрсетілген аудандарда 40-қа жуық ұя белгілі. Алтайда қара ләйлектің саны соңғы жылдары көбеюде, толықтай алғанда Қазақстан бойынша біршама тұрақты. XX ғасырдың 90-шы жылдарының ортасында күзгі миграцияалды және миграциялық топталу Қазақстанның шөлді аймақтарында байқалады, радиобелгілеу бұл аймақ арқылы Сібірде ұялайтын дегелектердің біршамасы ұшып өтетіні бақыланған. Мысалы, 1995 жылы 29-31 тамызда Жамбыл облысының оңтүстігінде 34 және 21 бастан тұратын қара ләйлектердің жиыны бақыланса, ал 2004 жылы 5-7 қазанда Қызылорда облысы Солтүстік Қызылқұмдағы Қуандария өзенінің аңғарындағы бірнеше жүз дегелектердің жиналғаны белгілі.

Негізгі әсер ететін факторлар

Зерттелмеген. Кейбір аудандардағы шатқалдардың қарқынды шаруашылық жағынан игерілуі, ұясының маңында мазалау және бұзу, батпақты жерлерді құрғату.

Биологиялық ерекшеліктері

Жыл құсы, Үндістанда қыстайды. Наурыз-сәуірде ұшып келеді. Саз және шөппен байланыстырып бұтақтардан жасаған ұясын жартасқа және ағашқа салады. 2-6 жұмыртқадан тұратын ұяны 32-38 күн басады, балапандары ұяда 60 күндей болады. Ұяда, әдетте 3-5 (орташа 3,7) балапан өседі. Олар ұяны маусым-тамыздың басында тастайды. Күзгі ұшып кету қыркүйек-қазанның басында тоқтайды. Қорегінде майда балықтар, амфибиялар (ересектері мен бақашабақтары), кесірткелер, ірі насекомдар басым; сирек – жыландар, кеміргіштер, майда құстардың балапандары. Өте ұнататын қоректік учаскелері болады, онда 10-12 ләйлек жинала алады.

Қолда өсіру

Европаның көптеген хайуанаттар парктерінде көбейеді. Қазақстанда хайуанаттар парктерінде көбейгені жайында деректер тіркелмеген.

Қабылданған қорғау шаралары

Марқакөл, Батыс Алтай, Ақсу-Жабағылы қорықтарында, Алтынемел, Іле-Алатау, Катон-Қарағай және Шарын ұлттық парктерінде қорғалады.

Қажетті қорғау шаралары

Ұя маңында радиусы 0,5-1 км тыныштық аймағын құру. Ұнататын қоректік учаскелерін сақтау.

Зерттеу жөніндегі ұсыныстар

Көпжылдық мониторингті жүзеге асыру үшін қара ләйлектің ұяларының кадастрын жасау.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Ciconia nigra

Tags:

Қара Дегелек СтатусыҚара Дегелек Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызыҚара Дегелек ТаралуыҚара Дегелек Мекендейтін жерлеріҚара Дегелек СаныҚара Дегелек Негізгі әсер ететін факторларҚара Дегелек Биологиялық ерекшеліктеріҚара Дегелек Қолда өсіруҚара Дегелек Қабылданған қорғау шараларыҚара Дегелек Қажетті қорғау шараларыҚара Дегелек Зерттеу жөніндегі ұсыныстарҚара Дегелек ДереккөздерҚара ДегелекЛатын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ұлпан (роман)Есім ханҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевЖамбыл ЖабайұлыҚыз ұзату салттарыНаурыз мейрамыЖыныссыз көбеюАҚШ штаттарының тізіміТаң намазыҚант диабетіҮш Жүз партиясыЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміОдағайЕсет КөтібарұлыАлтай тауларыҰлыбританияАралас құрмалас сөйлемҚоғамАбортДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚожаҚазақстандағы саяси партияларШымкентҚазақ мәдениетіМамыргүлТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріҚазақстан көлдеріҚабдеш ЖұмаділовБаяндауышАдайЖем (өзен)Бауыр (орган)БесқонақҚалқанша безШвейцарияЫбырай АлтынсаринАғзалар арасындағы байланыс түрлеріАйтысАлтын Орда тарихыСолтүстік ҚазақстанЕркектің жыныстық мүшесіКеңес үкіметіШығыс Қарахан қағандығыҚыз жасауыМиҚазақ хандығыШәууәлСөз тіркесіҚазақтың ұлттық тағамдарыӨсімдіктер гормондарыТәттімбет ҚазанғапұлыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыГайморитӨнер1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларБатыс ҚазақстанЮрий Алексеевич ГагаринҚажымұқан МұңайтпасұлыҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміӘбіш КекілбайұлыI ОсманЯсин сүресіҚазақстанның экологиялық проблемаларыБастауышФилософияТынық мұхитАқан серіҚазақстан тарихыЕкпінТозаңдануАқсу-Жабағылы қорығыФариза ОңғарсыноваҚазақстан темір жолыГомеостазДәруменБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевКөңіл айту🡆 More