Қандала

Қандалалар (лат.

Ауыз аппараты шаншып-соратын тұмсыққа айналған. 40 мыңнан аса түрі бар. Қазақстанда 32 тұқымдасы, 370 туысы, 1,5 мыңдай түрі белгілі. Негізгі тұқымдастары: су қандалалары, ескекшілер, төсек қандалалары, т.б.

Қандала
Acanthosoma labiduroides
Acanthosoma labiduroides
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Animalia
Жамағаты: Arthropoda
Табы: Insecta
Сабы: Hemiptera
Latreille, 1810
Кіші сабы: Heteroptera
Infraorder
  • Cimicomorpha
  • Dipsocoromorpha
  • Enicocephalomorpha
  • Gerromorpha
  • Leptopodomorpha
  • Nepomorpha
  • Peloridiomorpha
  • Pentatomomorpha

Қандаланы жою жолдары

Қандаланы жою үшін әуелі олардың көп шоғырланған жерін анықтап алу қажет. Үйдегі жиҺаздың қуыс-қуыстарын, кабырғаны, еденге төселген линолеумнің тігістері мен шет-шетін, плинтустарды тағы басқа жерлерді мұқият қарап шығу керек. Егер үйге жөндеу жүргізілетін болса, алдын ала дезинсекция жасаған жөн. Қандаланы жою үшін түрлі ұнтақтар мен 30 процентті спирт ерітіндісін және хлорофос қорытпасын; «Фосфолан», «Неопин», «Хлорак», дусттарын; «Дифос», «Метасил», «Тролен» сияқты сұйық препараттарды; сондай-ақ «Прима—71» және «Неофос» аэрозольды препараттарын қолданады. Бұларды алма-кезек ауыстырыл пайдаланған жөн, себебі қандаланың химиялық заттарға бойы үйренгеннен кейін препараттар әсер етпейтін болады. Улы препараттармен жұмыс істегенде сақ болып, көрсетілген нұсқауларды бұлжытпай орындау керек. Бөлме ішін улаған кезде темекі шегуге болмайды, себебі улы химикаттар тез жанғыш келеді. Жұмысты аяқтаған соң беті-қолды сабындан жуып, бөлмені желдетіп алған дұрыс. Улы препараттарды азық-түліктен бөлек, балалардың қолы жетпейтін, үй хайуанаттары бара алмайтын жерлерде сақтау қажет.

Қандаланың шаққанын қалай анықтауға болады

Қан сорғыштардың тұрғын үй-жайындағы тіршілік етудің басты белгісі адамның терісінде шағу іздерінің пайда болуы. Жаралар, әдетте, жақын орналасқан және тізбек тәрізді. Бір жәндіктен 3-5 жара қалуы мүмкін. Қандала шаққанда ауырсыну сезілмейді. Шаққанын да байқамайсыз. Ешқандай дыбыс шығармайды. Біраздан кейін шаққан орны қышып, дене бірнеше жерден қызарып кетеді. Оның басқа қансорғыштан ерекшелігі — қатар тізіп шағуында. Қандаланың шаққан орны қышып, кемінде бір аптадай кетпей жүреді. Адамдар кейде оны қышымамен шатастырып жатады. Қандала қызба, оба, бөртпе сүзегі сияқты қауіпті жұқпалы ауруларды таратуы мүмкін. Бірақ бұл ғылыми дәлелденбеген. Қансорғыш болғанымен теориялық түрде вирус, гепатит инфекцияларын таратады.

Кешенді тәсіл үйде қандаланың пайда болуын байқауға көмектеседі:

  1. Жәндіктердің белсенділігінің шыңы қараңғыда болады, оларды жарық қосылған кезде таңертеңгі сағат 4-5 аралығында табуға болады. Дәл осы уақытта зиянкестер баспанадан шығады.
  2. Бұл жәндік диванның тігісінде, адамның киімінде жиі кездеседі. Бір үйден екінші үйге көбіне киімге жабысып барады. Қоғамдық көлік сияқты адам көп шоғырланатын жерлерде де тарауы мүмкін. Пәтер ауыстырарда жаңадан сатып алынған жиһаз, көрпе, төсек пен басқа да жұмсақ заттар арқылы тарайды. Өмір сүруіне жайлы пәтер болса, қыс пен жазға қарамай белсенді болады.
  3. Қандала ұясын диванға, төсекке, еденкемер (плинтус) мен төсеніштердің астына салады. Денесі жалпақтау болған соң кілемнің астында оңай қозғалады. Қандала ұшпайды, тек жүреді. Аса жылдам қозғалатын жәндіктердің қатарына жатпайды.
  4. Қандала ескі үйде жиі кездеседі. Адам тұратын үй-жайларда ағаштан жасалған еден мен жиһазда тіршілік етеді. Ал бетоннан, монолиттен, кірпіштен салынған үйде тіршілік ете алмайды. Бірақ ағаштан жасалған жиһаздарда өмір сүретінін ескерген жөн.

Қандалалар үшін өте қолайлы орта +20-30°C температура шамасында және оның айтарлықтай өзгеруі жәндіктердің өліміне әкелуі мүмкін. Алайда, тіршілікке байланысты, егер жағдайлар өміріне ыңғайсыз болса, олар өмірлік процестерін баяулатады. Анабиозға ұқсас күйге түсіп, олар бірнеше ай бойы тамақтанбастан өмір сүре алады.

Дереккөздер


Tags:

ЖәндіктерЛатын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Бастың ауыруыСпирттерАқан серіСын есімҰлы Жібек жолыОрталық АзияҚимақ қағанаты16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыДНҚМерезҚазақстан мәдениетіОрталық жүйке жүйесіҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеЖеті қазынаЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚыпшақ хандығыЕмдеу-профилактикалық мекемелерін жоспарлау мен жабдықтаудың гигиеналық негіздеріПедагогикаТамыр (өсімдік органы)ИсламАмерикадағы азамат соғысыКөшпенділер (трилогия)ГигиенаШешендік сөздерҚожаҚазақстан және БҰҰИсламдағы жыныстық өмір әдебіҰлы Отан соғысыХаббл ғарыш телескопыҚарағандыАдам өмірінің негізгі кезеңдеріСмағұл Абатұлы ЕлубайДенсаулықАбай Құнанбайұлының шығармаларыБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевНамазды бұзатын нәрселерОңтүстік АмерикаӘл-Бақара сүресіУрбанизацияҚарсылықты салалас құрмалас сөйлемДемографияЗәрдің түзілуі және шығарылуыМагнит өрісіКүнделік.кзГипофизНьютонның бірінші заңыЖусан иісі (повесть)ТеңеуАдамНаполеон БонапартЕтеккірАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріҚазақстан географиясыСалықЖәнібек ханЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріАйнымалы токАлаш ОрдаҚожа Ахмет ЯсауиАлкандарМиграцияӘлем елдерінің тізіміТыныс белгілеріБауыр циррозыЕртісАқшаЕркіндікМобильді қосымшаларМәтінАзотДифракциялық торЕсілУкраинаТәрбиеШарана шайқауПсихологияБуын (фонетика)Іле🡆 More