Гепатит

Гепатит (сары ауру) — бауырды зақымдайтын вирустық инфекция.

Оны кей жерде "қызба" деп атағанымен, гепатит көбіне температураны көтермейді Бұл ауру жас балаларда жеңіл формасында өтеді, ал қарт адамдар мен екі қабат әйелдерде өте ауыр болады. Науқас әдетте, 2 апта бойы өте ауыр халде болады және ауырудан кейін 1 айдан 3 айға дейін қатты әлсірейді. (Мына адам көзінен сары кеткеннен кейін де 3 апта бойына сары ауруды басқаларға жұқтыра алады).

Белгілері

  • Асқа тәбеті болмайды, темекі де шеккісі келмейді. Көбіне бірнеше күн бойы тамақ ішпей қояды.
  • Кейде оң жақ бауырының тұсы ауырады
  • Дене қызуы көтерілуі мүмкін.
  • Бірнеше күннен кейін көз сарғаяды.
  • Тамақтан және оның иісінен лоқсып, құсады.
  • Несептің түсі қызғылт-сары, ал үлкен дәрет — ақшыл болады.

Емдеу жолдары

  • Антибиотиктердің гепатитке еш пайдасы жоқ. Оның үстіне кейбір дәрілер бауырға одан сайын зиян келтіреді. Дәрілерді пайдаланбаңыз.
  • Науқас демалып, көп сұйық ішуі керек. Егер тамақ ішкісі келмесе, оған апельсин, папайя және басқа жемістердің шырындарын беріңіз, бұған қоса сорпа немесе көкөністер организмді витаминдермен байытады.
  • Науқас тамақ іше бастаған кезде тамақтың түр-түрін теңдестіріп беріңіз. Құрамында протеин аздау көкөністі және жеміс-жидекті көбірек қабылдағаны дұрыс. Құрамында протеині мол тағамдарды (ет, жұмыртқа, балық т. б.) көп бермеуді кеңес етеміз, өйткені бұл бауырға салмақ түсіруі мүмкін. Ауырғаннан кейін кем дегенде 6 ай бойы ішімдік ішпеңіз.

Алдын алу

  • Гепатит вирусы бір адамнан екінші адамға дәрет, лас су мен тағам арқылы тарайды. Ауруды жұқтырмау үшін науқас адамның дәретін көміп тастау немесе жағып жіберу керек және өзін таза ұстау керек Мұндай науқастарды күткен кезде оған жақындаған сайын қолды мұқият жуу қажет.
  • Жас балаларда гепатиттің белгілері байқалмайды, бірақ олар ауруды басқаларға таратады. Гепатиттің алдын алуда жеке гигиена ережелерін қатаң сақтаудың ерекше маңызы бар.
  • Аурудың белгілері жойылғаннан кейін кемінде 3 апта бойы ауруды басқаларға жұқтырмауға тырысыңыз. Жеке ыдыс пайдаланыңыз. Жыныстық қатынас жасамаңыз, тіпті презервативпен болса да, басқаларға дайындалған тамақтан аулақ болыңыз.

ЕСКЕРТУ: Гепатит стерилденбеген инемен шанышудан да тарайды. Әр қашанда пайдаланар алдында шприц пен инелерді қайнатып алыңыз (74—бетті қараңыз).

Дереккөздер

Tags:

Гепатит БелгілеріГепатит Емдеу жолдарыГепатит Алдын алуГепатит ДереккөздерГепатит

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЛюксембургПиелонефритБатыс Қазақстан облысыАшаршылықҚұстарШәкәрім ҚұдайбердіұлыӘбілқайыр хан (Өзбек хандығы)Қазақтың ұлттық ою-өрнегіАдам ағзасындағы химиялық элементтерМәшһүр Жүсіп КөпейұлыҒұндарҚазақтарҚазақ мәдениетіАИВ/ЖИТСТозаңдануӘл-Фатиха сүресіТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріМүшел жасАбай ҚұнанбайұлыЕстен тануӨмірзая (роман)Әл-Кәфирун сүресіВиртуалды шындықСаяси партияӘйтеке биБатыс Еуропада қайта өрлеу мәдениетінің қалыптасуыМитохондрияКәлимәҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыКүнделік.кзҚазақстанның пайдалы қазбаларыЖасушаның бөлінуіАлпамыс батырМұхтар Мұқанұлы МағауинАбай жолы (роман)Адам атаКөлденең жолақты ет ұлпасыКөңіл айтуСерверҚазақстан мәдениетіГипергликемиялық комаТуберкулезДәретЕсімшеҒаламшарАлаш автономиясының құрылуыГерманияҚазақстандағы сайлау жүйесіКомпьютердің құрылғыларыҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыКенесары ханРесей империясының құрамындағы ҚазақстанСөйлемнің бірыңғай мүшелеріАлгоритмҚабдеш ЖұмаділовХиуа хандығыГеографиялық карта1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріТүргеш қағанатыҮстеуҚазақстан көлдеріЖанғожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіЕркіндікМақал-мәтелдерСаяси мәдениетОттегіТүркілерӘлеуметтануБейішҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріМәдениетҚалқанша безКүкірт қышқылыАлюминийҚұрлықОрганикалық қосылыстарДамыған елдерДемократия🡆 More