Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасының жоғары атқарушы билік органы, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | Қазақстан |
Құрылған уақыты | 18 желтоқсан 1995 жыл |
Оның алдындағы мекеме | ҚР Министрлер Кабинеті (1991-1995) |
Штаб-пәтері | Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 6-үй |
Премьер-Министр | Олжас Бектенов |
Ресми сайты | |
primeminister.kz |
Үкімет — алқалы орган және өзінің бүкіл қызметінде Қазақстан президентінің алдында жауапты және Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжіліс алдында жауапты. Қазақстан президенті үкіметті конституцияда көзделген тәртіппен құрады. Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан конституциясының V-тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.
Қазақстан үкіметі президенттік республиканы қадағалайды. Қазақстан президенті мемлекет басшысы болып табылады және үкімет басшысы болып табылатын Қазақстан премьер-министрін ұсынады. Атқарушы билікті үкімет жүзеге асырады. Заң шығарушы билік үкіметке де, парламенттің екі палатасына да берілген.
2014 жылы 6 тамызда Үкіметтің экономика және әлеуметтік саланың өзекті мәселелеріне арналған кеңейтілген отырысы өтті. Президент отырыс барысында ықшам Үкімет құру қажеттігін айтты. Осы мақсатта 17 министрлік, 9 агенттік орнына 12 министрліктен тұратын жаңа Үкіметтің құрылымы туралы шешім қабылданды. Үкімет құрамында болған барлық агенттіктер министрліктердің құрамына комитет ретінде кірді.
2015 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орнына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды.
2016 жылы 6 мамырда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі құрылды.
2016 жылы 13 қыркүйекте Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды. Сонымен қатар Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Президентке тікелей бағынатын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып құрылды.
2016 жылы 6 қазанда Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды.
2017 жылы 25 қаңтарда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі болып екіге бөлінді.
2018 жылы 28 маусымда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің атауы Қоғамдық даму министрлігі болып өзгерді.
2018 жылы 26 желтоқсанда Инвестициялар және даму министрлігі инвестиция саласындағы өкілеттігі Ұлттық экономика және Сыртқы істер министрліктеріне беріліп, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып құрылды.
2019 жылы 25 ақпанда Қоғамдық даму министрлігі мен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне таратылған Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілеттіктері беріліп, екі министрлік сәйкесінше Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып ұйымдастырылды.
2019 жылы 17 маусымда жаңадан Сауда және интеграция, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері құрылды. Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірқатар функциялар алып, атауы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып өзгерді.
2022 жылы 11 маусымда Білім және ғылым министрлігі екіге бөлініп, Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылды.
2023 жылы 2 қаңтарда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің геология саласындағы функциялары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне беріліп, Экология және табиғи ресурстар министрлігі болып қайта ұйымдастырылды.
2023 жылы 1 қыркүйекте Президент Жарлығымен Инфрақұрылымдық даму министрлігі болып екіге бөлініп, Көлік министрлігі және Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігі болып, ал Мәдениет және спорт министрлігі Туризм мен спорт министрлігі болып өзгерді. Сонымен бірге Ауыл шаруашылығы министрлігінен бөлініп, жаңадан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституциялық Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.
Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.
Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген:
Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты.
ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс.
Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады.
ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкiметi туралы констиуц. заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен босатуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет мүшелерi атқарып отырған қызметiнен босатылуға тиiс.
Министрлiктiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкiмет мүшелерi: тиiстi мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады; өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды; ҚР Премьер-Министрiнiң алдында өздерiне жүктелген бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшiн, сондай-ақ, тиiстi мемлекеттік органдардың қарауына жататын мемлекеттік басқару аясындағы iстiң жайы үшiн дербес жауап бередi; ҚР заңдарының, ҚР Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармақ) өз қызметiнiң мәселелерi жөнiнде парламент палаталарына есеп бередi.
Үкiмет құрамына кiретiн орталық (республикалық) атқарушы органдарды қызметiнiң сипатына қарай салалық құзыреттi органдарға, салааралық құзыреттi органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттiң арнайы немесе ерекше атқарымдарын iске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады.
Үкіметтің құрамында 21 министрлік бар:
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Қазақстан Республикасының Үкіметі, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.