Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі — үкімет құрамына енетін, Қазақстан ішкі істер органдары жүйесін басқаратын, Қазақстан аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы салааралық іс-қимылдарды реттейтін, құқық қорғау аясындағы мемлекеттік саясатты жасау және іске асыруға жауапты министрлік.

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі
(ҚР ІІМ)
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі
Жалпы мағлұмат
Мемлекет Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қазақстан
Мекемені басқарады Қазақстан Республикасының Үкіметі
Штаб-пәтері 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1
51°09′08″ с. е. 71°27′18″ ш. б. / 51.15239306° с. е. 71.45515972° ш. б. / 51.15239306; 71.45515972 (G) (O) (Я)
Министрі Ержан Сәденов
Бір мекемеге қарасты орган Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы
Ресми сайты
gov.kz/memleket/entities/qriim

Тарихы

1920 жылдың қазанында Қазақ КСР Ішкі істер халық комиссариаты (ІІХК) ретінде құрылды, 1946 жылдан Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі деп аталды.

Үкіметтің 2001 жылдың 8 маусымындағы қаулысымен министрліктің Жол полициясы комитеті құрылды.

Қазақстан үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен Әділет министрлігінің Қылмыстық іс-атқару жүйелері комитеті құрылды. Оған таратылған Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық іс-атқару жүйелері комитетінің мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.

Қазақстан үкіметінің 2002 жылдың 22 мамырынағы қаулысымен министрліктің Тыл департаменті таратылды.

Қазақстан президентінің 2002 жылдың 28 тамызындағы Жарлығына сәйкес Үкіметтің 2002 жылдың 26 қыркүйегіндегі қаулысымен министрліктің Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасы министрліктің Ішкі әскерлер комитеті болып қайта ұйымдастырылды.

Президенттің 2002 жылғы 28 тамыздағы Жарлығына сәйкес Үкіметтің 2002 жылғы 11 қазандағы қаулысымен министрліктің Жол полициясы комитеті таратылды, оның мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері министрлікке берілді.

Президенттің 2003 жылдың 23 желтоқсанындағы Жарлығымен экономикалық және сыбайлас қылмыстарды анықтау және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігіне (Қаржы полициясы) берілді; қылмыс жасады деп күдіктенген және айыпталған адамдарды ұстау және тергеу изоляторында жазасын өткеретін сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды атқару, сондай-ақ құжаттау және Қазақстан азаматтарына жеке куәлігі мен паспортын беру жөніндегі функциялары Әділет министрлігіне берілді. Әділет министрлігі есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет ету саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Ішкі істер министрлігіне беріле отырып қайта ұйымдастырылды.

Қазақстан Президентінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес Үкіметтің 2004 жылдың 3 наурызындағы қаулысымен министрліктің Есірткі бизнесімен күрес және есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі комитеті құрылды.

Үкіметтің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 423 Қаулысымен Iшкi iстер министрлiгiнiң аумақтық органдары Iшкi iстер министрлiгiнiң Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көлiктегi iшкi iстер департаменттерi болып қайта аталды.

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 313 Қаулысымен Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi және Жол полициясы комитетi құрылды.

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті құрылды.

Президенттің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысымен Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті болып қайта аталды.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 245 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті таратылды.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті Әкімшілік полиция комитетіне қосылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен таратылған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің негізінде Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті құрылды. Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы болып қайта аталды. Министрліктің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Криминалдық полиция комитеті және Тергеу комитеті таратылды.

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 110 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті құрылды.

Үкіметтің 2018 жылғы 16 қазандағы № 637 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдар - Астана, Алматы, Шымкент қаласы мен барлық облыстың Ішкі істер департаменттері, қалалық ішкі істер басқармалары мен аудандық ішкі істер бөлімдері, Көліктегі ішкі істер департаменті, ішкі істер желілік бөлімдері сәйкесінше Полиция департаменті, полиция басқармасы, полиция бөлімі, Көліктегі полиция департаменті және желілік полиция бөлімі болып қайта аталды.

Президенттің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығымен Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылуына байланысты ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті таратылды.

Құрылымы

Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәліметінше оның бірнеше комитеттері бар. Олар:

Қарамағындағы мекемелер

  • Облыстық және Алматы, Астана, Шымкент қалалық Полиция департаменттері
  • Көліктегі полиция департаменті

Министрлер тізімі

Суреті Аты-жөні
(Өмір сүрген жылдары)
Қызметі Партиясы Үкімет басшысы
1 Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі  Михаил Берсенёв
(1937 туған)
сәуір
1990
сәуір
1992
белгісіз Терещенко
2 Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі  Владимир Шумов
(1941–2020)
сәуір
1992
қыркүйек
1994
белгісіз Терещенко
3 Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі  Болат Баекенов
(1942–2023)
қыркүйек
1994
қазан
1995
белгісіз Терещенко
Қажыгелдин
4 Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі  Қайырбек Сүлейменов
(1949 туған)
қазан
1995
желтоқсан
2000
Партиясыз Қажыгелдин
Балғымбаев
Тоқаев
5 Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі  Болат Ысқақов
(1947 туған)
желтоқсан
2000
қаңтар
2002
белгісіз Тоқаев
6 Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі  Қайырбек Сүлейменов
(1949 туған)
қаңтар
2002
қыркүйек
2003
Партиясыз Тасмағамбетов
Даниал Ахметов
7 Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі  Зауытбек Тұрысбеков
(1949 туған)
12 қыркүйек
2003
14 қазан
2005
Отан Даниал Ахметов
7 Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі  Бауыржан Мұхаметжанов
(1960 туған)
14 қазан
2005
2 сәуір
2009
белгісіз Даниал Ахметов
Мәсімов I
8 Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі  Серік Баймағанбетов
(1958 туған)
2 сәуір
2009
11 сәуір
2011
белгісіз Мәсімов I
9 Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі  Қалмұханбет Қасымов
(1957 туған)
11 сәуір
2011
12 ақпан
2019
белгісіз Мәсімов I
Серік Ахметов
Мәсімов II
Сағынтаев
10 Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі  Ерлан Тұрғымбаев
(1962 туған)
12 ақпан
2019
25 ақпан
2022
белгісіз Сағынтаев
Мамин
Смайылов I
11 Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі  Марат Ахметжанов
(1964 туған)
25 ақпан
2022
2 қыркүйек
2023
белгісіз Смайылов I
Смайылов II
12 Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі  Ержан Сәденов
(1968 туған)
2 қыркүйек
2023
белгісіз Смайылов II
Бектенов

Дереккөздер

Tags:

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі ТарихыҚазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі ҚұрылымыҚазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қарамағындағы мекемелерҚазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Министрлер тізіміҚазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі ДереккөздерҚазақстан Республикасы Ішкі Істер МинистрлігіҚазақстанҚазақстан үкіметі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Көз ауруларыМысырМиокард инфарктыФилософияӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыЖатыр ауруларыЕжелгі ГрекияУрбанизацияАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыПублицистикалық стильОралхан БөкейШанхай Ынтымақтастық ҰйымыХалық тығыздығыБотай мәдениетіДауысты дыбыстарАлты кәлимәГерманияБіріккен Ұлттар ҰйымыПольша Халық РеспубликасыСырым ДатұлыӨзбекстанҚазанғап ТілепбергенұлыҚорғансыздың күні (әңгіме)InstagramАлтын Орда тарихыҚаңлыларҚан қысымыАутизмТеміреткіБаскетболҚасым АманжоловЫбырай АлтынсаринҚазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тиымдарыАқпарат технологиясыҚазақстан мемлекеттiк рәміздеріАуыз уылуыСанжар Сейітжафарұлы АсфендиаровАқсу-Жабағылы қорығыНАТО1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілістеріСолтүстік АмерикаТоталитаризмҰлы Жібек жолыЖұқпалы ауруларГепатитДемографияАйша бибі кесенесіГеографиялық картаЕскендір ЗұлқарнайынМұстафа ШоқайОвуляцияБаяндауышҚазақстан тарихыОмар ЖәлелұлыСутегіҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевБұлшықеттердің маңызы мен құрылысыГипоксияЕмшектегі баланың тамағыБеғазы-Дәндібай мәдениетіЖелшешекХимиялық элементтердің периодтық жүйесіТың игеруБәйтерек (монумент)Рақымжан ҚошқарбаевҚызылордаБалықтарМастопатияҚажымұқан МұңайтпасұлыӨтШыңғыс хан әулетіСан есімМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваАлаш автономиясыҚазақ жүздеріХлор🡆 More