Шахнама: Фирдауси жазған парсы эпосы

Шаһнама (парсы: شاهنامه‎ – «Патшалар кітабы», «Патша кітап») — 977–1010 жылдары парсы ақыны Әбілқасым Фирдауси тарапынан жазылған эпикалық поэма, парсы әдебиетініӊ дүр мұрасы, иран халықтарыныӊ ұлттық эпосы.

Шаһнама
парсы: شاهنامه
Музыкант Барбад Шах Бахрам Гур мен оның сотталушыларының көңілін көтереді (Бруклин мұражайы).
Музыкант Барбад Шах Бахрам Гур мен оның сотталушыларының көңілін көтереді (Бруклин мұражайы).
Жанр

Эпос

Авторы

Әбілқасым Фирдауси

Түпнұсқа тілі

парсы тілі

Жазылған жыл

977–1010 жж.

Аударма

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы 1936 ж.

Шаһнамада ежелгі заманнан бастап VII ғасырға дейінгі Иранныӊ тарихы әӊгімеленген. Бір жазушыныӊ қаламынан шыққан әлемдегі еӊ ұзын поэма, тіпті «Илиада» мен «Одиссеяны» бірге қосып алса да Шаһнаманыӊ көлемі екеуінен де екі есе үлкен. Фирдоусидіӊ өзініӊ айтуы бойынша, Шаһнамада 60 000 бейт өлеӊ болған. Мәтінніӊ кейбір бөлімшелері жоғалған деп есептеледі. Кейбір бөлімшелерден басқа авторлардыӊ өз сөзімен қайта айтқан әӊгімелері сақталған.

35 жыл жазылған Шаһнама басында түркі билеуші Махмуд Ғазнауидыӊ дәуірінде жазыла басталып, соған арналған. Бастапқы өлеӊдер жиынтығы «Құдайнама» («Хвадай-намак») деп аталған, кейінірек «Шаһнама» деген атау пайда болды.

Негізі бастапқы кезде Шаһнаманы жазғанда Фирдоуси өзініӊ ізашары Дақиқидің бастаған мыӊ өлеӊін және халық ауыз шығармашылығын көп пайдаланған. Былайынша айтқанда, Шаһнама — парсы фольклорыныӊ үлкен жиынтығы. Поэмада ежелгі иран мифологиясыныӊ оқиғалары, исламға дейінгі эпостар, мұсылман тарихыныӊ әӊгімелері және зороастризмныӊ киелі қасиетті кітабы — Авестаны қолданған.

Шаһнама 50 патша биліктерініӊ дәуірлері туралы әр түрлі көлемдегі дастандарға бөлінген. Жалпы поэманы үш мағыналық бөлімшеге бөледі, олар

  1. мифологиялық аӊыздар
  2. батырлық жыр
  3. тарихи бөлімі.

Эпостыӊ төтенше маӊызды мәні болған, алайда араб тілініӊ әсеріне ұшыраған жағдайда парсы тілініӊ қалыптасуында, жалпы парсы мәдениетініӊ өркендеуінде бұл еӊбектін үлесі көп. Қазіргі таӊда Шаһнаманы тек қана Иран мен Ауғанстан емес, басқа да парсы мәдениетініӊ әсерінде болған халықтар (мысалы, Грузия, Армения, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан және Дағыстан) өздерініӊ ұлттық эпосы деп табады.

Галерея

Дереккөздер

Сілтемелер

Tags:

Парсы тіліЭпосӘбілқасым Фирдауси

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагеріАнтропогендік факторӨзін-өзі өлтіру18 ғасырдың екінші жартысындағы Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарАзамат соғысыАнықтауышӘлем елдерінің тізіміЕсімшеҚан топтарыҚазақ хандығыҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыКөксерек (әңгіме)Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыМәдениетМәңгілік бала бейнеҒаламдық мәселелерАқан серіБасты бетҚазақстандағы әскери коммунизм саясаты16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыАдамҚазақстанның сыртқы саясатыІлияс ЕсенберлинҚабанбай батырЖер сілкінуБағаналы жасушаДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевГломерулонефритШөл зонасыҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатҚабдеш ЖұмаділовБіріккен сөздерДигибридті будандастыруМендель заңдылықтарыЖарасқан ӘбдірашевЖаңа заманСтолыпин реформасыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыЗалалсыздандыруТөле биДауысты дыбыстарҮстеуҚазақ философиясыЕскендір (поэма)Пітір садақаҚалқанша безГипергликемиялық комаКүкіртАқтөбеЕкінті намазыҚазақстандағы ұжымдастыруКүнделік.кзЖарық сүйгіш өсімдіктерӘл-Уақиға сүресіАдам атаЖатыр ауруларыҚарлұқ қағанатыТыныс алу жүйесіЭстрогенРибосомаӘн-Нас сүресіОрталық ҚазақстанСебеп-салдар салалас құрмалас сөйлемҚазақстан көлдеріЖау тылындағы балаБарсакелмес қорығыГидросфераҚұндылықҚадыр Мырза ӘліӨзбекәлі ЖәнібековТиләуләт сәждесіЛексикаҚазақ газетіЖоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілісҮкіМұстафа ШоқайҚасым АманжоловБалықтар🡆 More