Зороастризм

зороастризм — Заратуштра негізін салған ең көне діни және философиялық ілім.

Зорастризмді отқа табыну діні деп те атайды, есім бастаушысы Заратуштраның атына байланысты қойылған. Бұл дін Зардұшта пайғамбардың насихаттық кітабі Авестада айтылған Ахұра Мазда ұғымын өзек етіп өрбиді. Кейде бұл дінді Маздалық дін деп те аталады.

Зороастризм
Бактрия стиліндегі зороастризм тұлғасының кескіні (боялған саз және алебастр, Тахти-Сангин, Тәжікстан, Грек-Бактрия патшалығы, бзд.3-2ғғ
Зороастризм
Атар (от), зороастризмнің негізгі рамізі

Осыдан 3000 жыл бұрын Орта Азияда пайда болып, кейін Иран, Ауғанстан, Үндістан, Ирак, Таяу Шығыс елдері аумағына таралған. Қасиетті кітабы – «Авеста». зороастризм ізгілік пен қараулықты бір-біріне қарама-қарсы қоя отырып, дүниедегі барлық процестерді осы «мәңгілік екі бастаудың» күресімен байланыстырады. Бір ғана Жаратушы Ие – Ахура Маздаға сиынуды уағыздайды. Оттың адам баласының бойын тазартудағы рөлін жоғары бағалайды.

зороастризм діні әлде бір жаратушы бар екенін, от оның бейнесі екенін айтады, сол үшін де олар маздаған отқа табынады. Авестадағы басты ұғым Мазда қазақ тіліндегі маздаған отпен байланысты дейді, қазақ этимологтары. Ол ғана емес, батыс тіл танушылары үшін түсініксіз болып келген Авеста сөздері қазақ тілінде, түп түркілік тілнде өзінің әуелгі мағынасын шығарып сарнап кетеді. Сондықтан да Авеста зерттеуші қазақ ғалымдары қазақ аңыздарында айтылатын Бабай түкті шашты әзіз бабаны осы Зардұшт пайғамбармен бір адам деген ойды алға қояды.

Зороастризм пайда болуы

Зороастризм 
Фаравахар - зороастризмнің басты рәміздерінің бірі
Зороастризм 
Фаравахар (Персеполь, Иран)

Зороастризм пайда болуы туралы ғылымда екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Бірінші көзқарас бойынша, Заратуштрашылдық Батыс Иранда, негізінен, Мидияда пайда болып, олардан парсылар қабылдаған, парсылар арқылы бүкіл шығысқа таралған. Бұл көзқарас “Авеста” мен Заратуштрашылдықтың пайда болуының “батыстық” немесе “мидиялық теориясы” деп аталады. Бұған қарама-қарсы екінші көзқарас – Заратуштрашылдық пен “Авестаның” пайда болуының “шығыстық” немесе “бактриялық” теориясы. Бұл теория бойынша, Заратуштрашылдық Бактрияда пайда болып, кейін батысқа, Мидия мен Парсы еліне таралған. “Авестадағы” деректер, діни-мифологиялық сюжеттер ондағы жырлардың Орта Азияда дүниеге келгенін айғақтайды. Орыс ғалымы И.С. Брагинский “Авестада” батыс ирандықтардың діни ерекшеліктерін сипаттайтын ешқандай белгі жоқ екендігін атап көрсетеді. Санкт-Петербургтік ғалымдар С.Г. Кляшторный мен Т.И. Сұлтанов “Авестада” баяндалатын тарихи оқиғалар Каспий мен Арал теңіздерінің маңында, Әмудария, Сырдария және Еділ өзенінің бойында орын алған деп тұжырымдайды. “Авестада” Заратуштра сиынған Ахура Мазда құдайға табынуға қарсы шыққан Қазақстан мен Орт. Азияның көшпелі тайпаларының бәрі “турлар” деп аталған. Кейбір зерттеушілер “тур” халқын грек деректемелері бойынша кейінгі массагеттермен, яғни сақ тайпасымен байланыстырады. Ресей шығыстанушысы В.И. Абаевтың пікірінше, сақтардың басым көпшілігі Заратуштрашылдықты қабылдамаған. Алайда олардың бір бөлігі Заратуштра ілімін қабылдап, оны алтайлықтар арасына таратты. Кейін бұл ілім бір құдайға сиынудың бастауы болған тәңіршілдік сенімге негіз болып қаланған.

Зороастризм 
Авеста.

Зороастризмнің тарихи төрт кезеңі

Абаев зороастризм тарихын төрт кезеңге бөледі:

  1. ежелгі Заратуштрашылдық;
  2. Ахемен әулеті империясы кезіндегі Заратуштрашылдық;
  3. сақтар арасында таралған Заратуштрашылдық;
  4. Сасани әулеті империясы кезіндегі Заратуштрашылдық

Бірінші және үшінші кезеңде зороастризм Орта Азияда дамыған, мұны “жасампаздық кезеңдер” деп те атайды, ал екінші мен төртінші кезеңде Заратуштрашылдық Батыс Иранда дамиды, бұл кезеңді ғалымдар “догматтық-клерикалдық” деп атайды. Орыс философы А.О. Маковельский (1884 – 1969) шығыстық, Орта Азиялық және батыстық зороастризмді бір-бірінен ажырата білу қажеттігін ескеріп, Орта Азиядан табылған алтын тақтайшаларда бейнеленген Заратуштрашылдық рәсімдер мен ежелгі грек авторлары баяндаған және “Авеста” деректерінде сипатталған Заратуштрашылдық рәсімдер арасында айырмашылық барын атап көрсетеді. Заратуштрашылдықтың тарихи дамуын және таралу аймағын ескере отырып, оны біртекті құбылыс деп айтуға болмайды. Әсіресе, Ахемен әулеті империясында Заратуштра ілімінен тек өздерінің қажетіне сай келетін монотеистік идеяларды ғана қабылдаған.

Заратуштраның діни-этикалық ілімі, философиялық ой-пікірлері ұзақ уақыт бойы адамзаттың рухани азығы болып келді. Заратуштра идеялары әлемдік діндер мен грек ойшылдарының философиялық жүйелерінің қалыптасуына түрткі болды. Кейін ислам дініндегі сопылық ағым өкілдері де Заратуштрашылдықтың кейбір рәсімдерін қабылдап алып, жергілікті халықтың ежелгі сенімі мен мұсылмандық шарттарын бір-бірімен шебер ұштастыра білді. Әлемдік діни-филос. дүниетаным мен көзқарастардың бастауы ретінде танылған Заратуштра ілімін зерттеуге дүние жүзінің белгілі ойшылдары ат салысқан. Қазақ философтары Заратуштрашылдық ілімін әлі зерттей қойған жоқ. Белгілі жазушы С.Елубаевтың “Заратуштра – дала пайғамбары” атты танымдық мақаласы (“Егемен Қазақстан” , 1993, 7 қаңтар) үлкен ізденіске бастау боларлық алғашқы қадам ғана.

Эороастризмдік діни құрылыстар

Зороастризм 
Еврей энциклопедиясындағы Anahita

Ғибадатхана мақсатындағы бір кешен, тегінде, зороастризмдік жерлеу салтын өткізуге және қасиетті от жағуға байланысты болса керек, ол Қызылөзен қаласы жұртының батыс бөлігіне орналасқан. Бұл — айналасында аулаға кіретін және қоршау құрайтын орындары бар мұнара тәрізді ауқымды құрылыс. Бүкіл кешен 250х 160 м жерді алып жатыр. Сүйір басты, биіктігі 12 м мұнара диаметрі 40 м болатын үлкен аланда орналасқан. Төбесінде шикі кірпіш төсеп, беті арнайы қоспа- мен сыланған алаңша бар. Одан 2,3 метрдей төменіректе, галерея болса керек. Мұнара-ғибадатханада қасиетті от жанып тұрған болуы мумкін, ол Иран мен Хорасанда сасанилер кезеңіндегі әдет бойынша, қоғамдық ғұрыптар кезінде жоғарыға шығарылып отырған.

Қазақстанның зерттеліп отырған ғимараттарының құрылысында пайдаланылған негізгі құрылыс материалдары шикі кірпіш болған. Уақыт өте келе оның түрі мен көлемі біртіндеп өзгере берген. Кірпіштерден басқа күйдірілген балшық кесектері пайдаланылған. Қабырғаларды қалаудың үш түрі: шикі кірпіштен немесе күйдірілген балшық кесектерден және кірпішпен күйдірілген кесектерді араластырып қалау түрлері аңғарылды. Сарайлар мен қарапайым тұрғын үйлер бөлмелерінің едені сазбен немесе сабан араластырылған балшықпен сыланған. Олар өте беріктігімен ерекшеленді, оларды жөндеу оңай болатын, пайдалану барысында еденге балшықтың жаңа қабаты үнемі жағылып отырды. Кейбір архитектуралық ғимараттарда есіктің төменгі жағынан ағаш табалдырық табылды. Табалды- рықтардың құрылысы зерттеушілердің жалпы есік жақтауы мен есік табалдырығының құрылысын анықтауына мүмкіндік береді. Орта ғасырлардағы сәулет өнеріне талдау жасай отырып, зерттеушілер еңселі үйлерде әдетте есіктерге арқа тәрізді маңдайшалар салынған деген қорытындыға келді. Құрылыстың төбесін жабудың жалпақ арқалықпен, күмбездеп, «дарбазалап» және тікелей көтеріп жабу сияқты бірнеше түрі кездеседі. Ғимараттың сипатына, жайдың неге арналғанына, климат ерекшеліктеріне, жергілікті құрылыс материалдарының болуына қарай сәулетшілер белгілі бір жабу түріне артықшылық беріп отырған. Жайдың көлемі үлкен болып, бір бөренелердің ұзындығымен жабуға мүмкін болмаса, бөлменің ортасына төрт баған орнатылып, «дарбазаның» төбесін солар ұстап тұрған. Бағандар айван-жаппалар астына да орнатылған. Сокілер орі жататын орындар, әрі отыратын орынның рөлін атқарған. Тұрғын жайларға бөлмені жылыту және тамақ пісіру мақсатымен ошақтар орнатылған. Ошақтардың мынадай түрлері: еденге, қабырғалар жанына, қабырғаға жанастыра орнатылған, алып жүруге ыңғайлы түрлері болған.

Дереккөздер

  • Оспанов Сапар Иманғалиұлы Жаратушы елде Заратуштра қалай деді, Атамұра баспасы, Алматы, 2003 ж.

Ұқсас мақалалар

Tags:

Зороастризм пайда болуыЗороастризм нің тарихи төрт кезеңіЗороастризм Эороастризмдік діни құрылыстарЗороастризм ДереккөздерЗороастризм Ұқсас мақалаларЗороастризмАвестаЗаратуштра

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақ газетіҚазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезіндеДамыған елдерХимиялық элементтердің периодтық жүйесіАзаматтық некеМажарстанАнтропогенезИнтеграцияӨңешГайморитИталияМұхтар Омарханұлы ӘуезовСаяси жүйеМоғолстанҰлы Отан соғысыКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҒаламдық экологиялық проблемаларҚола дәуіріАқпараттық қауіпсіздікНанотехнологияАңырақай шайқасыТас дәуіріСәкен СейфуллинҚазақтарҚанИнтернетСөз тіркесіЖасуша ядросыМұстафа ШоқайҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыКөзімнің қарасы...КүкіртҮндістанҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріТеңеуГаметогенезҚазақстанның сыртқы саясатыМәдениетТемірАминқышқылдарСемей полигоныАлюминийТеріҚұрлықКомпьютерФизиотерапияАнтибиотикОрта ғасырлардағы мәдениетӨтРеформация дәуірінің мәдениетіҚазақ философиясыЖер асты суыҚанайналым жүйесіГалогендерҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеАлаш партиясыЕрте токсикозӘл-Фатиха сүресіЕңлік — Кебек (пьеса)Ақ Орда (мемлекет)МагниттікҚырғызстанҚазақша жыл санауСүреҚаһарЯдроҚұндылықМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміФотосинтезҰлттық саябақтарҚазақтың ұлттық ою-өрнегіКонституцияАлты кәлимәСілекей безіОралОттегіСаяси режимОрбұлақ шайқасы🡆 More