Цинь Патшалығы

Цинь патшалығы, Цинь империясы (б.з.б.

221 — 206) — Қытайдағы орталықтанған тұңғыш ежелгі мемлекет. Ол Қытайды бір орт-қа бағындырған тұңғыш император Цинь Шихуандидің тұсында құрылды. Цинь патшалығына дейін Қытайда бір-біріне бағынбайтын бірнеше ұсақ патшалықтар өмір сүрді.

Цинь Патшалығы
210 б.з.б. жылдағы Циньнiң империясының картасы

Патшалық астанасы

Мемлекеттің орнықтылығы патшаның шексіз билігіне негізделді. Патшалық өкімет ең алдымен егіншілікті дамытуға мүдделі болды. Елдегі барлық шаруалар үлестік жер алды. Алғашқы кезде оларға кейбір салық жеңілдіктері жасалды. Ал қолөнер мен сауда биліктің қолдауына ие болмады. Қайта тамақ, әсіресе, астық өнімдерінің бағасына қатаң мемлекеттік бақылау орнатылды. Мемлекетте шеберханалар жүйесі құрылып, ұсталар белгіленген мерзім ішінде келіп, билік иелерінің тапсырысына орай қару-жарақ, т.б. қолөнер бұйымдарын тегін жасауға міндеттенді. Бұрынғы ұсақ патшалықтардың қорғаныс қамалдары жойылып, ел жаңадан 36 әкімшілік аймақтарға бөлінді. Бұрынғы заңдар толығымен жойылып, орнына аса қатал қылмыстық баптармен толықтырылған жаңа құқықтық жүйе енгізілді. Ақша реформалары жасалды және өлшем бірліктері бірыңғай жүйеге келтірілді. Бұл шаралар өз кезегінде тауар-ақша қатынасының жылдам дамуына алып келді. Бірнеше мемлекеттің біріктірілуі нәтижесінде құрылғандықтан әр түрлі диалектіде сөйлейтін халық бір-бірін түсінбеді. Сондықтан бұрынғы жазулар толығымен қолданыстан шығарылып, бірыңғай жазу үлгісі енгізілді. Ортақ жазу тілінің пайда болуы келер ғасырларда қытай халқын мәдени тұтастырушы күшке айналды.Цинь Шихуан, Циньнiң әулеттiң негiздеушiсi және бiрiккен Қытайының бiрiншi императорының мүсiнi Цинь патшалығы сыртқы саясатта солтүстік және оңтүстік бағытта бірдей жаулап алу жорықтарын жүргізді. Жаулап алынған жерлер билеушінің меншігі болып саналды және оған әр түрлі жеңілдіктермен ішкі өлкелерден әкелінген халық қоныстандырылды. Солтүстікте Қытай қорғаны салынды.Зерттеушілер қытай қорғанын салу барысында 1 млн-ға жуық адам қаза болған деп есептейді. Бұл қорғандар кейіннен мыңдаған ылдар Қытайдың солүстік шекарасын қорғап тұрды және ол үнемі жаңартылып отырды. Мемлекет ішінде шеткі аймақтарды астанамен байланыстыратын жол салу құрылысы қызу жүргізілді. Жан-жақтан орталыққа бағытталған жолдардың салынуы сауда мен қолөнердің жедел дамуына алып келді. Қатал заңға негізделген тәртіп пен әрі құрылыстарға жүз мыңдаған адамдардың тартылуы аса көп мөлшерде материалдық және адам шығынына алып келді. Ол халықтың орталық өкіметке жаппай наразылығын туғызды. Цинь Шихуанди қайтыс болғаннан кейін халық наразылығы жаппай бас көтеруге ұласты. Келесі билеуші Эршихуанди 4 жылдай ғана билік құрды. Осыдан кейін Цинь патшалығын құрған әулет толығымен жойылып кетті. Бірақ орталықтанған Қытай мемлекеті сақталып қалды. Билікке жаңа әулет келіп, Хань мемлекетіқұрылды.

Iшкi құрылысы

Цинь патшалығы ұзаққа созылған қиян-кескі соғыстар нәтижесінде құрылды. Дегенмен, елдің бір орталыққа біріктірілуі оның болашақ дамуына орасан зор әсер етті. Мемлекеттің орнықтылығы патшаның шексіз билігіне негізделді. Патшалық өкімет ең алдымен егіншілікті дамытуға мүдделі болды. Елдегі барлық шаруалар үлестік жер алды. Алғашқы кезде оларға кейбір салық жеңілдіктері жасалды. Ал қолөнер мен сауда биліктің қолдауына ие болмады. Қайта тамақ, әсіресе, астық өнімдерінің бағасына қатаң мемлекеттік бақылау орнатылды. Мемлекетте шеберханалар жүйесі құрылып, ұсталар белгіленген мерзім ішінде келіп, билік иелерінің тапсырысына орай қару-жарақ, т.б. қолөнер бұйымдарын тегін жасауға міндеттенді. Бұрынғы ұсақ патшалықтардың қорғаныс қамалдары жойылып, ел жаңадан 36 әкімшілік аймақтарға бөлінді. Бұрынғы заңдар толығымен жойылып, орнына аса қатал қылмыстық баптармен толықтырылған жаңа құқықтық жүйе енгізілді. Ақша реформалары жасалды және өлшем бірліктері бірыңғай жүйеге келтірілді. Бұл шаралар өз кезегінде тауар-ақша қатынасының жылдам дамуына алып келді. Бірнеше мемлекеттің біріктірілуі нәтижесінде құрылғандықтан әр түрлі диалектіде сөйлейтін халық бір-бірін түсінбеді. Сондықтан бұрынғы жазулар толығымен қолданыстан шығарылып, бірыңғай жазу үлгісі енгізілді. Ортақ жазу тілінің пайда болуы келер ғасырларда қытай халқын мәдени тұтастырушы күшке айналды.

Цинь Патшалығы 
Цинь Шихуан, Циньнiң әулеттiң негiздеушiсi және бiрiккен Қытайының бiрiншi императорының мүсiнi

Cыртқы саясат

Цинь патшалығы сыртқы саясатта солтүстік және оңтүстік бағытта бірдей жаулап алу жорықтарын жүргізді. Жаулап алынған жерлер билеушінің меншігі болып саналды және оған әр түрлі жеңілдіктермен ішкі өлкелерден әкелінген халық қоныстандырылды. Солтүстікте Қытай қорғаны салынды. Зерттеушілер қытай қорғанын салу барысында 1 млн-ға жуық адам қаза болған деп есептейді. Бұл қорғандар кейіннен мыңдаған жылдар Қытайдың солүстік шекарасын қорғап тұрды және ол үнемі жаңартылып отырды. Мемлекет ішінде шеткі аймақтарды астанамен байланыстыратын жол салу құрылысы қызу жүргізілді. Жан-жақтан орталыққа бағытталған жолдардың салынуы сауда мен қолөнердің жедел дамуына алып келді. Қатал заңға негізделген тәртіп пен әрі құрылыстарға жүз мыңдаған адамдардың тартылуы аса көп мөлшерде материалдық және адам шығынына алып келді. Ол халықтың орталық өкіметке жаппай наразылығын туғызды. Цинь Шихуанди қайтыс болғаннан кейін халық наразылығы жаппай бас көтеруге ұласты. Келесі билеуші Эршихуанди 4 жылдай ғана билік құрды. Осыдан кейін Цинь патшалығын құрған әулет толығымен жойылып кетті. Бірақ орталықтанған Қытай мемлекеті сақталып қалды. Билікке жаңа әулет келіп, Хань мемлекеті құрылды.

Цинь (вандар ) патшалар және әулеттiң императорлары

Өлгеннен кейiн ат / лауазым Ата тек ат Басқаруды мерзiм
Әдебиеттегi ат: Циньлерi өлгеннен кейiн ат
Вэнь-ван (惠文王 Huiwen) (Хуэйвэнь-цзюнь) Ин Сы (嬴駟 yíng si) 324 б.з.б.–311 б.з.б.
У-ван (武王 Wu) Ин Дан (嬴蕩 yíng dang) 310 б.з.б.–307 б.з.б.
Чжаосян-ван (昭襄 Zhāoxiāng) Ин Цзэ (嬴則 yíng zé или 嬴稷 yíng jì) 306б.з.б.–250 б.з.б.
Сяовэнь-ван (孝文 Xiàowén) Ин Чжу (嬴柱 yíng zhù) 250 б.з.б.
Чжуансян-ван (莊襄 Zhuāngxiāng) Ин Цзычу (嬴子楚 yíng zi chǔ) 249 б.з.б.–247 б.з.б.
Цинь Ши-хуанди (始皇帝 Shǐ Huángdì) Ин Чжэн (嬴政 yíng zhèng) 246 б.з.б.–210 б.з.б.
Эрши-хуанди (二世皇帝 Èr Shì Huángdì) Ин Хухай (嬴胡亥 yíng hú hài) 209 б.з.б.–207 б.з.б.
Цзыин (秦王子嬰 qín wáng zi yīng) Ин Цзыин (嬴子嬰 yíng zi yīng) 207 б.з.б.

Дереккөздер

Tags:

Цинь Патшалығы Патшалық астанасыЦинь Патшалығы Iшкi құрылысыЦинь Патшалығы Cыртқы саясатЦинь Патшалығы Цинь (вандар ) патшалар және әулеттiң императорларыЦинь Патшалығы ДереккөздерЦинь ПатшалығыҚытай

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Социалистік реализмІлияс ЖансүгіровИндустрияландыруШұғаның белгісіКодекс КуманикусЮпитерСібір темір жолыҚажымұқан МұңайтпасұлыДауыссыз дыбыстарОдағайАбиссина (мысық)Араб-Израиль соғыстарыСаясатЖатырМәдени мұраБауыржан МомышұлыБиосфераРевматизмНаурыз көжеБұқаралық ақпарат құралдарыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныЖапонияАуыз бекітуМахмұд ҚашқариЖел энергетикасыИслам пайғамбарларыНамаз уақытыМұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрыЖануарларШежіреГеосаясатТұрар РысқұловСаңырауқұлақтарАлгоритмҚауіпсіздікАбылай ханҚазақстан экономикасының тарихыҚызыл жебе (роман)Қазақ халқының ұлттық ойындарыҚазақтың дәстүрлі үй кәсіпшілігі мен қолөнеріОю-өрнекСән және қолданбалы өнерТоталитаризмАқпан төңкерісіЗар Заман ақындарыАфрикаДепортацияКөзҚазақ газетіФариза ОңғарсыноваЭлектромагниттік толқындарГаметаНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіҚазақстан халқыАлтын ОрдаҚазақ хандығыШанхай Ынтымақтастық ҰйымыҒұндар мемлекетіХақназар ханТерроризмЕсік Алтын адамыТәуекел ханМұнайЭтикаҚазақтың балаға ат қою рәсіміМитозЖылулық сәулелену. Абсолют қара денеЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетҚарлығаштарТәңір тауыҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыЕліктеу сөзҚазақстанның жеті кереметіАутизмӘлеуметтік шиеленістерді шешу жолдарыСөз таптарыТабиғи газӘбіш КекілбайұлыЖер🡆 More