Кирк(Kirk) Ханс Рудольф (11.1.1898,Хадсунн,-16.6.1962, Херхольм)- дат жазушысы.
1925 жылдан социалисттік бағыттагы газеттерде қызмет істей бастады. 1941 ж. гитлер армиясы тұтқынына түсті, концлагерьден (1943) қашып шықты да, астыртын жұмыстарға қатысты. Дат компартиясының органы «Ел және Халық» газетінде (1945) қызмет істеді. «Балықшылар» (1928) , «Мердігерлер» (1936) романдарында қара өмірінің сан қилы көріністері, тап қайшылығы суреттелді. Кейінгі романының жалғасы «Жаңа уақыт» деген атпен жарияланды (1939). «Клитгорд және оның балалары» романында (1948) со5ыс кезі мен соғыстан кейінгі кездегі әр түрлі оқиғаларға қатысқан дат коммунистерінің өмірін суреттеді. «Сайтанның қаржысы» (1952) романы мен «Көлеңке дірілі» (1953) жинағында дат халқы өміріндегі қилы-қилы кезеңдерді әнгімелейді. Киркнің публицистика және әдебиет мәселелеріне арналған «Әдебиет және тенденция», «Пролетарлық өнер туралы» т.б. еңбектері бар.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Ханс Кирк, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.