Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы

Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы (Internatіonal Cіvіl Aviation Organіzatіon, ICAO) — БҰҰ-ның мамандандырылған ұйымы.

Мемлекеттер арасында халықар. азаматтық авиация қызметіндегі ынтымақтастықты жүзеге асыратын үкіметаралық ұйым. 1944 ж. Чикагода өткен халықар. конференцияда құрылған. 1947 жылдан жұмыс істей бастады. Мүше елдердің саны — 186 (1996). Штаб-пәтері Монреалда (Канада). Парижде, Бангкокта, Лимада, Мехикода, Дакарда, Найробиде аймақтық бөлімшелері жұмыс істейді. Ұйымның негізгі мақсаты — ұлттық авиакомпаниялар үшін теңдік пен тең мүмкіндіктер негізінде халықар. азаматтық авиация мен әуе қатынастарының экон. дамуына жәрдемдесу. Ұйым авиацияның тех. компоненттеріне: жеке құрамға куәлік беруге, ұшу ережелеріне, авиац. метеорологияға, авиац. карталарға, өлшем бірліктеріне, әуе кемелерін пайдалануға, ұлттық және тіркеу белгілеріне, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығына, авиац. электр байланысына, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге, авиац. апатты оқиғаларды іздестіруге, құтқаруға, тергеуге, аэродромдарға, аэронавигац. ақпарат қызметтеріне, қауіпті жүктерді әуемен тасымалдаудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды айқындайтын халықар. стандарттарды, ұсыныстар мен рәсімдерді белгілейді. Ұйымның басшылық органдары — ассамблея, кеңес және хатшылық.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы
International Civil Aviation Organization

ICAO туы
ICAO туы

ҚысқармасыICAO
OACI
ИКАО
إيكاو
Құрылуы1947 сәуір
ТүріБҰҰ агенттігі
Заңды күйібелсенді
Бас кеңсесіМонреаль, Канада
Ресми торабыicao.int
Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы
ICAO штаб пәтері, Монреал, Канада

Қазақстан ICAO-ға мүше

Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы 
Халықаралық азаматтық авиация ұйымына мүше мемлекеттер

Халықаралық азаматтық авиация жөніндегі конвенцияны мақұлдау нәтижесінде 1992 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан азаматтық авацияның халықаралық ұйымына мүше болды. Әлемдік әуе көлігі қызметімен интеграциялану мақсатында, сондай-ақ азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне қатысты нормалар мен ережелерді сақтау үшін Қазақстан 1994 жылы азаматтық авацияның халықаралық ұйымының хаттамасы мен 4 конвенциясына қосылды. 1995 жылдың қазан айында Қазақстан бірінші рет азаматтық авацияның халықаралық ұйымының кезекті 31 Ассамблеясының Монреалда өткен жұмысына қатысты.

Сілтемелер

  • “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том
  • «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том

Tags:

194419471996АссамблеяБангкокБҰҰДакарКанадаКонференцияЛимаМехикоНайробиПарижЧикаго

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ГеографияҮстеуТөле биЛандшафтУрбанизацияЖоғары сатыдағы саңырауқұлақтарЮНЕСКОҚазақ мәдениетіДевианттық мінез-құлықТері ауруларыИндонезияЭмоцияҚазақ театрыҚазақтың ұлттық тағамдарыАлматы облысыКеңес Одағы Коммунистік ПартиясыҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіТоғыз-құмалақТөлеген ТоқтаровЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыҚызыл кітапМахмұд ҚашқариДрамаОрталық АзияСаңырауқұлақтарҚақтығыс ұғымыҚазақстан және дүниежүзілік қауымдастықҚазақстан 2050Ғылыми-техникалық прогрессДекларацияҚұбыр желісіТуризмАнтантаИнтернетҚазақстан демографиясыИнфрақұрылымГормондарҚорғансыздың күні (әңгіме)Шерхан Мұртазаұлы МұртазаӘйелдердің киім-кешегіАксонКенесары ханАллергияКомпьютерЖаһандануҚазақ билеріҚазақ хандығының құрылуыДаун синдромыШығыс АзияХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШымкентҰйқы безіАқмола облысы16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыБуддизмСолтүстік Қазақ жазығыҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыАқ Орда (мемлекет)ЭтикаИндустрияландыруМагнит өрісіАқбөкенАдам генетикасыБразилияДамыған елдерТуберкулезДүниежүзінің табиғат ресурстарыБатыс Қазақстан облысыҚатерлі ісікСпорттық туризмМатериалдық мәдениетБейорганикалық заттарАтомАқсу-Жабағылы қорығыСарқылатын ресурстарАбай Құнанбайұлының шығармалары606 жылЖүйке жасушалары🡆 More