Фенол

Фенолдар – молекула құрамында көміртек атомымен байланысқан бір немесе бірнеше гидроксил тобы бар хош иісті қосылыстар.

Фенол
Фенолдар

ОН тобының санына байланысты бір, екі, үшатомды фенолдар болып бөлінеді. Мысалы, фенол, 1-нафтол, 2-нафтол – біратомды, крезол, гидрохинон, – екіатомды, пирогаллол – үшатомды.

Фенолдар спирттерге қарағанда қышқылдық қасиеттері күштірек. Бұл қасиет фенолдарда теріс электрлігі жоғары топ қосылған сайын күшейе береді, мысалы, нитротоп, галоген, күкірт. Фенолдар сілтілерде еріп феноляттар, сілтілік ортада оңай ацилденіп алифатты және хош иісті қышқылдардың күрделі эфирлерін, алкилденіп жай эфирлер түзеді. Фенолдарды хош иісті күкіртті қышқыл тұздарын балқыту, диазоний тұздары арқылы аминдерден, т.б. алады. Фенол мен крезолды таскөмір шайырларынан бөледі. Фенолдар фенол-фармальдегидті шайырлар, бояғыш және дәрілік, залалдандырушы заттар алуда қолданылады. Фенол немесе оксибензол, С6Н5ОНспирт, эфир, хлороформда жақсы еритін, өзіне тән өткір исі бар, түссіз, кристалды улы зат. Балқу t 43°С, қайнау t 182°С, ауада тотығып, түсі қызғылттанады. Оның судағы 3 – 5%-дық ерітіндісі карбол қышқылы деп аталады. Гидрохинон, 1,2-диоксибензол – С6Н4(ОН)2 – суда, сілті ерітіндісінде, спиртте, бензолда, хлороформда, ацетонда еритін кристалды зат. Балқу t 170°С, қайнау t 285°С (730 мм сын. бағ.), оңай тотығып n-бензохинонға айналады. Теріні, көз бен тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарын тітіркендіреді, n-бензохинонды тотықсыздандыру арқылы алынады. Пирогаллол, 1, 2, 3-триоксибензол – С6Н3(ОН)3– жарықта бозаратын ақ кристалды зат, балқу t 132,8°С, қайнау t 309°С, суда, спиртте, ацетонда, т.б. жақсы еріп, хлороформ мен бензолда нашар ериді. Оңай тотығады (әсіресе сілтілік ортада).

Дереккөздер


Tags:

ГидроксилМолекула

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҚұлақҰлттық саябақтарКанадаМаркетингҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріБактерияларСтенокардияАйнымалы токШығыс Қазақстан облысыСалауатты өмір салтыЖеті қазынаАлкендерАуыз бекітуӘпке (драма)ҚұстарТеңеуҰлы Жібек жолыЖануарларҰйқы безіЖүрек-қантамырлар жүйесіҚабанбай батырБайтұрсыновтың ұрпақ сауатын ашудағы қосқан үлесіҚазақтардың петициялық қозғалысыМемлекетЖер құрылымыСәкен СейфуллинАуаҚабынуҚыстырма сөзҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріЯдролық қаруҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЕмдеу-профилактикалық мекемелерін жоспарлау мен жабдықтаудың гигиеналық негіздеріСаяси қуғын-сүргінҚазақстанның мемлекеттік құрылымыСуМәшһүр Жүсіп КөпейұлыНаурыз мейрамыЖүйке жасушаларыОңтүстік ҚазақстанКүйзелісМұқағали Сүлейменұлы МақатаевҚымызНамазды бұзатын нәрселерКөлденең жолақты ет ұлпасыМәңгілік бала бейнеІш өтуҒабит Махмұтұлы МүсіреповҚазақстан әкімшілік бірліктеріҚазақстан мәдениетіЫңғайлас салалас сөйлемҮш Жүз партиясыИсламдағы жыныстық өмір әдебіҚазақстан және БҰҰТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыМұхитРевматизмРесми стильҚазақстанның сыртқы саясатыКеңес үкіметіБүйрекНамаз уақытыЕсік Алтын адамыОвуляцияПиелонефритБесеудің хатыҚожаТуберкулезИслам күнтізбесіХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміБұлшық етМұнайТәуке ханПублицистикалық стильМіржақып ДулатұлыАсқазан ауруларыЗекет🡆 More