глоссарий

Уикипедия қауымдастығы бұл жобаға ғана тән арнайы ұғымдар мен түсініктерді жиі пайдаланады.

Лақап:
УП:Г‎
УП:ТЕРМ‎

Жобаға алғашқы рет келген адамға түсініксіз терминдер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында осы глоссарий (түсіндірме сөздік) дайындалды. Егер қалып қойған ұғымдар болса, іркілмей тізімге қосуыңызды сұраймыз. Дегенмен қосатын сөз барлық пайдаланушылар тарапынан бекітілген болуы қажет. Жаңа сөз ұсынсаңыз терминдерді талқылау бетіне орналастырыңыз.

Глоссарий

C

  • СС — Creative Commons лицензиялары — туындыларды ашық және тегін жариялауды реттейтін лицензиялар топтамасы
  • Commonsқаз. Ортаққор

F

  • Fair use (қысқаша FU) — авторлық құқықтармен қорғалған материалды арнайы қойылған талаптарды сақтай отырып қолдану

G

  • GFDL — Уикипедияда жарияланған мәтіндерді тарататын лицензиялық келісімдердің бірі.
  • GPL — еркін бағдарламалық жасақтамаларға арналған лицензиялық келісім.

M

  • MediaWiki (МедиаУики) — уики сайттардың негізгі жұмыс бағдарламасы (контент басқару бағдарламасы). Уикипедия энциклопедиясы және басқа да уикимедиа қорының жобалары осы бағдарлама негізінде жұмыс істейді.

S

  • Stubқаз. Мақалаға бастама

А

  • Автор — шығармашылық еңбегiмен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға;
  • Авторлық құқық — автордың жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтары;
  • Авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралы — туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектiлерiне қол жеткiзудi бақылайтын, автор, сабақтас құқықтар иесi немесе өзге де айрықша құқықтар иесi туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектiлерiне қатысты рұқсат етпеген iс-әрекеттердi жүзеге асыруды болғызбайтын не шектейтiн техникалық (бағдарламалық-техникалық) құрылғы немесе оның компоненттерi
  • Айрық бет — атауы бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі мақалаларды өзара айыру үшін арналған бет
  • Айрықша құқық — автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарын осы Заңда белгiленген мерзiм iшiнде өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқығы;
  • Арнайы беттер — Арнайы беттер деп уикимәтін жазылмайтын беттерді атайды. Олар қажеттілік туындаған кезде бағдарлама тарапынан құрастырылады. Оларды «Арнайы:» атаукеңістігінен табуға болады. Оларға кері сілтеме (redirect) жасауға болмайды және мақала Арнайы: деп бастала алмайды [беттер тізімі]

Ә

  • Әдебиеттер тізімі — мақаланың тақырыбына қатысты оқуға болатын әдебиеттер тізімі
  • Админ (administrator or admin) — Уикипедия қатысушыларына берілетін мәртебе. Беттерді вандализмнен қорғау үшін көптеген техникалық мүмкіндіктерге ие болады.

Б

  • Бағыттау (перенаправление) — мағынасы бір, бірақ аталуы әртүрлі мақалаларды өзара біріктіру қызметі. Әртүрлі атаулармен іздеу бір мақалаға апарады.
  • Бетті қорғау — вандалимз әрекеттерін немесе редакторлар соғысын болдырмау үшін өңдеу жасауға болмайтындай бетті жабу қызметі. Бетті қорғау әрекетін тек админдер ғана жасай алады.
  • Бетті жылжыту — мақаланың атауы қате жазылған жағдайда басқа атау беріп өзгерту қызметі

В

  • Вандализм (Vandalism) — Уикипедия беттерін қасақана бүлдіру. Біреуді дәлелсіз вандализм жасады деп айыптауға болмайды.

Д

  • Дереккөздер — мақалада келтірілген деректердің қайнар көзіне сілтеме

Ж

  • Жариялау — автордың не авторлық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiне өзге құқық иеленушiнiң келiсiмiмен туындының, орындаушылық жазбасының немесе фонограмманың даналарын көпшiлiктiң орынды қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын мөлшерде көпшiлiкке ұсыну;

И

  • Инфобокс () — белгілі бір объект туралы ұйымдастырылған қысқаша сипаттамасы

М

  • Мақала — Энциклопедиядағы бірлік. Уикипедияның барлық мақаласы бет (page) болып саналады. Бірақ беттердің барлығы мақала емес.

Қ

  • Қайнаркөз — мақалада келтірілген деректің алынған жері
  • Қатысушы беті — кез келген пайдаланушының жеке жұмыс беті. Бұл жерде өзі туралы немесе өзінің жұмысына қажетті ақпаратты орналастыра алады.
  • Құрамдас туынды — материалдарды iрiктеп алу және (немесе) орналастыру бойынша шығармашылық қызметтiң нәтижесiн бiлдiретiн туындылар мен басқа да материалдардың жинағы (энциклопедия, антология, деректер базасы);

С

Т

  • Талқылау беті — уикипедиядаға кез келген беттегі мазмұнды талқылауға арналған техникалық орын (бет, парақ)
  • Туындыны аудару — шығарманы түпнұсқа шығарманың тiлiнен басқа тiлде бiлдiру. Бұл ретте аударма дұрыс және түпнұсқа туындының мазмұнын да, стилiн де бұрмаламайтын болуға тиiс;

У

  • Уикибелгілер (wiki text) — уикипедияда ішкі сілтемелер мен өңдеу жұмыстарын жасауға қажетті техникалық қызметтер
  • Уикипедия (Wikipedia) — тіркелген қолданушы еркін өңдей алатын, ашық және тегін онлайн энциклопедия.

Ү

  • Үлгі (Template) — белгілі бір ақпарат орналасқан құжаттың қысқа нұсқасы

Тағы қараңыз

Tags:

глоссарий Глоссарийглоссарий Тағы қараңызглоссарий

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Аққан жұлдыз (роман)Тәуке ханКСРО ыдырауыСан есімҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыАтом ядросыГаз өнеркәсібіЖоңғар шапқыншылығыМәтінБұқаралық ақпарат құралдарыҚазақстан демографиясыҚазақ хандарыҚасым АманжоловБалғынбек ИмашевАминқышқылдарҚозғалыс (зат)СәулетДауысты дыбыстарАзамат соғысыҚазақстандағы минералды ресурстарҚұрмалас сөйлемӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаМерезҚозы Көрпеш – Баян СұлуҚасым ханның қасқа жолыШиенің түрлеріТау жынысыКөлік кешеніШешендік сөзРесейОрталық ҚазақстанҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевДүниежүзілік сауда ұйымыЮНЕСКОАрыстан баб кесенесіТұмар ханшаДәруменДүние жүзінің саяси картасыКомпьютерлік желіМитозКітапЕтісСұрыптауҚырғи қабақ соғысыҚазақ газетіЕкінші дүниежүзілік соғысОдағайМашинажасауФерромагнетиктерМұражайДостықӘпке (драма)СоленоидМысықБұқаралық мәдениетҚазақстан халқының бірлігі күніҚазақстандағы су тасқыны (2024)ГемоглобинҚожа Ахмет ЯсауиБөкей ОрдасыВолейболҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізімі1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларИтҚыз Жібек (фильм)Түрік қағанатыБағыныңқы сөйлемОрталық АзияАқындар айтысыҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріҚобызЛатын АмерикасыИспанияМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыКонституцияЭндокриндік жүйеЖарықАвтокөлік шығаратын елдер тізімі🡆 More