Ту: белгілі түстері бар мата

Ту, Байрақ, кейде Жалау — арнайы түстері бар белгілі бір геометриялық пішінге ие мата, көбінесе мемлекет, елді-мекен немесе басқа да адамдар тобының символы болып қолданылады.

Әдетте тулар флагшток арқылы көтеріледі. Мемлекеттік-ту мемлекеттік-рәміз болып табылады. Мемлекеттіктен басқа көптеген елдерде әскери дәне коммерциялық тулар бар.

Ту: Сипаты, Өзгерістер, Тудың мағынасы
Территорияларына тулары қапталған әлем картасы

Туларды зерттеумен айналысатын ғылым саласы вексиллология (лат. vexillum — «ту», «байрақ») деп аталады.

Сипаты

Ту найза немесе басқаша бейнелер түріндегі металл ұштығы бар ағашқа бекітілген белгілі бір өлшем мен матадан тұрады. Ту жауынгерлердің жиналуы мен бірігуі үшін алыстан жақсы көрінетін белгі ретінде ежелгі Таяу Шығыс, Үндістан, Қытай, т.б. елдерде биік сырыққа орнатылған қандай да бір бейнелер түрінде пайда болған. Десе де, Даннеброгты (Данияның жалауы) – әлем халықтары ең көне ту деп таниды әрі ол әлі күнге дейін қолданылып келе жатыр. Ағашқа немесе белдем ағашқа жазулар мен рәміздік бейнелері бар ерекше тақташалар (цоколь) немесе мата кесіндісі бекітілген. Мысалы, Римде, Ту рөлін легион белгісі болып табылған, ағашқа орнатылған қыран құс бейнесі атқарды.

Өзгерістер

  • Еуропа елдерінде 11 ғасырдан бастап Туларда елтаңбалар, христиандық белгілер пайда бола бастады.
  • 15 ғасырда Францияда алғаш рет Тудың саптағы орны бекітіліп, оған жасалатын құрмет, Туды қорғау жөніндегі міндеттер, одан айрылғаны үшін жазалау белгіленді.
  • 16 ғасырдан бастап атты әскер бөлімдеріндегі Тулар деп атала бастады. Кейіннен Тулар әр түрлі түстегі маталардан жасалатын болды.

Тудың мағынасы

Шайқаста Туынан айрылған жасақтар таратылды. Шайқас кезінде дұшпан Туларын қолға түсіргені үшін жауынгерлерге ерекше марапаттар жасалды. Көшпелі халықтарда да (сақ-скифтер, ғұндар, түркілер, т.б.) Туды жауынгерлік рухтың белгісі ретінде ерекше құрметтеген. Ту үлкен матадан түсті желек түрінде жасалып, найзаның сабына байланып көтерілген. Жауынгерлерге күш беріп қорғау үшін оған киелі белгілер (жыртқыш аңдар мен айдаһардың басы, кейіннен Ай, Құран аяттары) салынды. Ту әскердің киесі саналғандықтан, шайқас кезінде оны ұстау ең батыр адамдарға тапсырылған. Ту желбіреп тұрса әскер жеңіске жетеді, ол құласа жеңіледі деген ырым болған. Қазақ қоғамында ханның Туынан басқа, белгілі қолбасыларға да Ту тапсырылған. Мысалы, Абылай хан заманында Қабанбай, Бөгембай, Жәнібек, т.б. әйгілі батырлардың өз Туы болды. Ол Тулар кейіннен сол батырдың ұрпақтарында қалып, кие тұтылды. Ауру-кеселден, жамандықтан қорғайды деп қастерленді. Негізінен мыңбасыларға, түменбасыларға берілетіндіктен, кейде әскер саны Тумен есептелді. Әскери бөлім құрылғаннан кейін оған Ту тапсырылады. Ол Туды әскери бөлім өз атын, нөмірін өзгерткеніне қарамастан сақтауға тиіс. Ту әрқашан өз бөлімінде сақталады, ал шайқас кезінде әскери қимылдар ауданында болады. Тудан айырылған жағдайда бөлім командирі мен тікелей кінәлілер әскери трибуналмен сотталып, әскери бөлім таратылады.

ҚР мемлекеттік туы

Ту: Сипаты, Өзгерістер, Тудың мағынасы 
Желбіреп тұрған ҚР туы

Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Ту сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының ара қатынасы - 1:2.

Мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс - Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран елдің еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Тағы қараңыз

Дереккөздер


Tags:

Ту СипатыТу ӨзгерістерТу дың мағынасыТу ҚР мемлекеттік туыТу Тағы қараңызТу ДереккөздерТуМемлекет

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақ халық аңыздарыТүпті жуаОғыз мемлекетіЖай санҚазақстан елтаңбасыПродуценттерЛенинград шайқасыҒылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуыМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыШайтанкөлҮндістанМаңғыстау облысыБатыс Түрік қағанатыАлмазҚазақ-Жоңғар соғысыМемлекет астаналары тізіміҚазақ мәдениетіҒаламдық мәселелерМарсЖоңғар хандығыҚазақстанҚант диабетіКарл ЛиннейҰлы Отан соғысыТөлеу сөзКөлікҚыз Жібек (фильм)АнтивирустарАққан жұлдыз (роман)Химиялық элементтердің периодтық жүйесіУнитарлы мемлекетСөз табыАстрономияҚұранКөмір1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларБиотехнологияТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевЖұлдызЖіктік жалғауАбстракционизмҚышқылМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваГүлЕжелгі ГрекияКіндікбауАзаматтық іс жүргізудің құқықтық қатынастарына қатысушыларБуддизмЖануарларОңтүстік АмерикаҒылыми-техникалық прогрессСыртқы саудаМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміКөмірсуларАс қорыту жүйесіҰлыбританияЖүйке жасушаларыБиомеханикаЖыныссыз көбеюТоқырау жылдарындағы ҚазақстанРим империясыОрыс халқының материалдық және рухани мәдениетіБейнелеу өнеріҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыЗәрдің түзілуі және шығарылуыЖарықтың шағылуыҚаныш Имантайұлы СәтбаевҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеКөне түркі жазбаларыТемір жол көлігіҚазақтың арқар-мериносыКүн жүйесіҚазақстан халқы ассамблеясыБұқар жырау ҚалқаманұлыТырнақшаСолтүстік Қазақстан облысыӨсімдік шаруашылығыҚазақстан мейрамдары🡆 More