Темір Жол

Темір жол — релістермен жүретін жүктерді және жолаушыларды тасымалдайтын көліктің бір түрі.

Темір жолдың дәлме-дәл мәні — жер бетіндегі релістермен жабдықталған қатынас жолдары, және жөніндегі құрылыстары.

Темір Жол
Темір жол
Темір Жол
Дизель локомотиві

Тарих

Жолдың дамуы

Алғашқы темір жол Ежелгі Грекияда Коринф қаласында пайда болған. Жол 6 километр ұзын әктастан құралған ор болған. Вагондарды жылжыту үшін құлдарды жұмсаған болатын. Орта ғасырда Еуропада ағаштан жасалған темір жолды шахталарда кен тасуға пайдаланған. Жылжитын күш адам және мал болған еді. Темір жол көлігі XIX ғасырда ірі өнеркәсіп орындарының ашылуына, әсіресе, кен қазып, металл өңдеудің дамуына байланысты пайда болды.

Локомотив

Дүние жүзінде тұңғыш бу локомотив 1825 жылы Англияда Дж. Стефенсон салдырған ұзындығы 21 км “Стоктон – Дарлингтон” желісінде қатынады. Бұдан кейін бу локомотив XIX ғасырдың 30-жылдары Австрияда, Германияда, Бельгияда және Францияда пайда болды. 1830 жылда АҚШ-та, 1837 жылда Ресейде темір жол желілері ашылады. 18501870 жылда Азияда, Африкада, Оңтүстік Америкада, Австралияда салына бастады. Темір жол құрылысы аз уақыт ішінде жедел қарқынмен дамып, XX ғасырдың басында темір жол торабының әлемдегі жалпы ұзындығы 1 млн. км-ден асып түсті. Электро күштің алғашқы пайдаланушы 1947 жылы Вернер Сименс болған.

Темір Жол 
Тұлпар. Астана-Алматы маршрутымен жүретін жылдам пойыз.

Қазақстандағы темір жол

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті. 1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды. Қазақстан теміржол көлігі тарихының елеулі оқиғаларының бірі: 1986 жылғы 20 ақпанда, әлемде бірінші болып, жалпы салмағы 43,4 мың тонна және ұзындығы 6,5 шақырым болатын жылжымалы құрамға 440 вагон тіркеліп, Тың темір жолы арқылы өткізілді. 1950 жылдардың ортасында Қытай Халық Республикасына қатынайтын теміржолдың дамуына үлкен назар аударылды. 1959 жылы Ақтоғай-Достық телімі салынды. 1956-1960 жылдары Қазақстан әрі Қытай жақтан екі елдің темір жолын қосатын магистральдың құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстар 1988 жылы кеңес-қытай келісімінен кейін қайта жаңғырды. 1990 жылы болған темір жолдардың түйісуі қазақстандық Достық стансасы мен қытайлық Алашанькоу стансасын қосатын шекара өткелін жасады. Осы жылдан кейін онда жүк құрамдарының қозғалысы басталып, Трансазиялық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі іске қосылды. Сол кезеңде Достық стансасының қайта тиеу және тасымалдау қуаты артты.

Әлемдегі Темір жол ұзындығы

Темір жол қатынас жолдардың ұзындығы 10 000 км-ден асатын халықтардың тізімі:

Темір Жол 
08 tory railtrack ubt
Халық ТЖ ұзындығы (км) Тығыздығы
  Түгел 1 134 429
1 Темір Жол  АҚШ 226 427 23,79
2 Темір Жол  Ресей 87 157 5,10
3 Темір Жол  Қытай 77 834 8,11
4 Темір Жол  Үндістан 63 327 19,26
5 Темір Жол  Канада 46 688 4,68
6 Темір Жол  Германия 41 896 117,35
7 Темір Жол  Аустралия 37 855
8 Темір Жол  Аргентина 31 409
9 Темір Жол  Франция 29 213 53,40
10 Темір Жол  Бразилия 28 857
11 Темір Жол  Жапония 23 506 62,21
12 Темір Жол  Польша 22 314 71,36
13 Темір Жол  Украина 21 655 35,87
14 Темір Жол  Оңтүстік Африка Республикасы 20 872
15 Темір Жол  Италия 19 729 65,49
16 Темір Жол  Мексика 17 516 8,88
17 Темір Жол  Құрама Патшалық 16 454 67,21
18 Темір Жол  Испания 15 288 30,74
19 Темір Жол  Қазақстан 13 700
20 Темір Жол  Швеция 11 633 25,85
21 Темір Жол  Румыния 10 788 45,42

Тағы қараңыз

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Railroad

Tags:

Темір Жол ТарихТемір Жол Әлемдегі Темір жол ұзындығыТемір Жол Тағы қараңызТемір ЖолЖолаушыЖүк

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

КөкжөтелАнаэробтарАбортҚазақ солдаты (роман)Көне түркі жазбаларыҚазақстанның Қызыл кітабыЖоңғар шапқыншылығыПатша өкіметінің көші-қон саясатыЭкономикалық жүйеҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыТың игеруҚазақтарНайман хандығыКарбон қышқылдарыҚанипа Омарғалиқызы БітібаеваПублицистикалық стильАңырақай шайқасыҚазақ хандығының құрылуыДидактикаЕрітіндіЗат алмасуIP адресҰлпаЭтикаГенетика терминдерінің тізіміТеріҚазақ әліпбиіНанотехнологияЗәр шығару жүйесіЖыныс мүшелері ауруларыЕсекжемӨмірзая (роман)Әбілхайыр хандығыАрқан тартысТүркістан автономиясыЖүрекПсихологияӘл-Ихлас сүресіМұхтар Омарханұлы ӘуезовОрталық ҚазақстанДауыссыз дыбыстарБақытсыз ЖамалҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыГеосаясатМитозАйтысҰлы Отан соғысыӘбу Насыр Әл-ФарабиМұнайҚанайналым жүйесіЖошы ханҚазақстан 2030Қазақстандағы әскери коммунизм саясатыСаяси жүйеЛитосфераБауыр (орган)Әл-Бақара сүресіӘл-Кәфирун сүресіАнглияНарықтық экономикаЕсік Алтын адамыҰлы жүздің Ресейге қосылуыҮйсін мемлекетіОрта жүзЭлектромагниттік толқындарҚазақстан және БҰҰТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыМенің атым Қожа (повесть)ОтбасыЖол белгілеріПолимерлеуТұқым қуалайтын ауруларАзаматтық қоғамДыбысАзаматтық құқықДамыған елдерІштің қатуыApple Inc.🡆 More