Тай

Тай — Оңтүстік Қытайдағы, Үндіқытай және Солтүстік-шығыс Үндістан елдеріндегі халықтар тобы: буи, зяй, кхамти, кхун, ла, ли, маонань, мулао, нунг, сантяй, сиамдықтар, тайлар, тхай, чжуан, шандар, шуй, юан, т.б.

Жалпы саны 50 миллионға жуық адам. (1973).

Тай
Тай
Бүкіл халықтың саны

50 млн.

Ең көп таралған аймақтар

Тай Қытай

Тілдері

тай тілі

Діні

буддизм

Тілі

Бұл халықтар паратай тобындағы тай тілдерінде сөйлейді.

Діні

Дін бойынша тайлар буддистер, тайпалық діндер таулы халықтар арасында кең таралған.

Тарихы

2-1 мыңжылдықта Янцзы өзені алқабының оңтүстігінде өмір сүрген тайлардың ата-бабалары (сиюэ және лоюэ тайпалары) бірте-бірте оңтүстікке қарай жылжып, қазіргі мондар мен кхмерлердің ата-бабаларын Меконг, Хонгханың құнарлы аңғарларынан ығыстырып шығарды және оларды ішінара ассимиляциялады. Тайлар — лао ата-бабалары мен таулық тайлардың Үндіқытайға ілгері жылжуы біздің эрамызға дейінгі 3-1 ғасырлардан б.з. 1 мыңжылдықтың ортасына дейін болды. 1-2 мыңжылдықтардың тоғысында Үндіқытайға тай халықтарының жаңа толқыны қоныс аударды, оның негізін– қазіргі кхонтай мен шаньның ата-бабалары құрады. 14 ғасырдың басына қарай тайлар негізінен қазіргі тіршілік ету ортасының аумағын алып жатты.

Кәсібі

Негізгі кәсібі егіншілік (күріш, жүгері, көкөністер, техникалық дақылдар – мақта), мал шаруашылығы (сиыр, буйвол, жылқы, құс) және қолөнер – тоқымашылық, керамика, ұсталық дамыған.

Өмір салты

Отбасы шағын, моногамды. Тегі бір адамдардың некеге тұруына тыйым салынады. Діни өмірдің орталығы - монастырь, онда ұлдар міндетті түрде қатысуы керек.

Тай 
Тай үйлері

Бай фольклор сақталған - эпикалық жырлар мен аңыздар (оның ішінде «Пава ханшайымы») сақталған. Тай күресі және 200 жылдан астам бұрын бай ән мен би фольклорының негізінде қалыптасқан тай халық театры өте танымал.

Дәстүрлі тұрғын үйлері - қаңқалы, қадалы, ағаш немесе бамбук, ортасында ошақ орналасқан. Төбесі көп қырлы, шөптен немесе плиткадан жасалған. Тұрғын үй қабатының еденінің астында ірі қара мен құс ұсталады.

Ерлер киімі – қысқа жеңі бар кең күрте, қысқа тар шалбар, сәлде, қыста аяқтарына орама және жүн шапан киеді. Әйелдер киімі - ұзын жеңі бар қысқа күрте, белбеулі және аяғының ұшына дейін ұзын қара белдемше (Сишуанбаннада), шалбар (Дехонда) киеді. Қыздар өрілген бұрымдарын гүл шоқтарымен сәндейді, білезік, сырға, күміс зергерлік бұйымдар тағады.

Негізгі тағамдары – күріш, көкөністер, ашытылған ет, балық. Ерекше деликатес болып ұлулар, қуырылған қоңыздар саналады.

Дереккөздер

Tags:

Тай ТіліТай ДініТай ТарихыТай КәсібіТай Өмір салтыТай ДереккөздерТайҚытай

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Оралхан БөкейҚазақстандағы сауда және жәрмеңкелерАрыстан баб кесенесіГастритЖусан иісі (повесть)Қалқанша безСән және қолданбалы өнерШығыс Еуропа жазығыПітір садақаГерманияТабиғатты қорғауҚорғансыздың күні (әңгіме)Ғаламдық экологиялық проблемаларОқшау сөздерҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰялы байланысТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровШанхай Ынтымақтастық ҰйымыАлтынИсламБұқаралық ақпарат құралдарыСпорттық туризмТехникаХалықаралық қақтығыстарБесік тойыАқпан төңкерісіДүниежүзілік көрме (2017)АминдерХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыРевматизмЖүсіпбек АймауытовӘміре ҚашаубаевДепортацияЖүйке жүйесіБиоценозСарматтарҚұнанбай ӨскенбайұлыҚазақстанның сыртқы саясаты1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысАмитозӘмір ТемірМұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрыЖоңғар хандығыҒұсылҚазақ халқының ұлттық ойындарыКөкпарТарауих намазыЖылулық сәулеленуАминқышқылдарКүләпараРамзауЖұлынМақал-мәтелдерТабиғи газТұздар (химия)Қазақстан индустрияландыру кезеңіндеТөңкеріс (қоғам)Жанқожа НұрмұхамедұлыҚазақстан экономикасыСаяси тұрақтылықАзамат АзаматычҒаламшарҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріБіріккен Ұлттар ҰйымыШеңберАңырақай шайқасыПотогендік микроорганизмдерҚызылша (медицина)Сан есімКапитализмҚазақтардың зергерлік бұйымдарыДамушы елдерНаурыз мейрамыАбайдың қара сөздеріОрта жүзПневмонияФотосинтезНаурыз🡆 More