Табылды Досымов

Табылды Досымов - Қазақтың тұңғыш бард ақыны (1965 жылы 15 шілдеде Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде туған - 2010 жылы 19 қазан, Индербор кенті) - 1982 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетіне оқуға түскен.

1990 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған. 19831985 жылдар аралығында Германияда әскери борышын өтеген.

Табылды Досымов
Сурет
Негізгі ақпарат
Туған күні

15 шілде 1965 (1965-07-15)

Туған жері

Табылды Досымов Қазақстан, Атырау облысы, Индер ауданы

Қайтыс болған күні

19 қазан 2010 (2010-10-19) (45 жас)

Қайтыс болған жері

Индербор кенті

Мемлекет

Табылды Досымов Қазақстан

Аспаптары

гитара

Жанры

бард

Лақап аты

Табыл

Марапаттары

Республикалық «Үкілі үміт» байқауының дипломанты, облыстық Жастар сыйлығының лауреаты (2000

Балалық шағы

Табылды әкесі Аяш пен анасы Нағиманың жалғыз перзенті болған. Ол оқуда, өз ісіне де ұқыпты болған, тым шешіліп сөйлемеген. Алғашқыда гармошка, балалайка, домбырада ойнаған. Кейіннен гитара тартуға әуестенген. Әнді гитарамен де, домбырамен де шығара беретін. Ойын баласы болса да, өз қатарларымен ойнауға зауқы соқпаған, керісінше ауыл ақсақалдарының әңгімесін тыңдап өскенді жақсы көрген. Кітап оқуға құштарлығы да осы кезден артты. Есептен гөрі әдебиет пен тарихқа жақын болып өсті. Махамбеттің кез-келген өлеңін жатқа білген. Күрестен облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысқан.

Еңбек жолы

Табылды Досымов 
Индербор кентіндегі Табылды Досымовқа арналған ескерткіш

1990 жылы арнайы жолдамамен Атырау телерадиокомитетіне келіп, жаңа облыстық телевизияның құрылуына атсалысқан. 1992 жылы облыстық Нұрмұхан Жантөрин атындағы мемлекеттік филормонияда шығармашылық жұмыстармен айналысқан. «Желтоқсанның жебесі» атты жас талаптар тобының жетекшісі, 1993 жылы Индер аудандық тіл басқармасының бастығы, 1995 жылы облыстық дәрежедегі Махамбет қорының директоры қызметін атқарған. 2000 жылдан бері Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы.

«Жанарымның жарқылы» (2000), «Ұнатамын мен сені» (2002) жыр жинақтарының авторы. «Жайықтың толқындары», «Табылдының әні» атты өлеңдер мен ән мәтіндері жинақтарының авторы. Ғұмырында жанына гитараны серік еткен Табыл Досымов жайлы замандастары мен қаламгерлердің естеліктері аз емес. Өлеңдері кітап болып басылып, оқырмандар арасында қолдан қолға өтті. Әндері кең байтақ елінің рухын көтерді. Белгілі жазушы Жұмабай Құлиев пен журналистер Серік Жанболат, Қаншайым Байдәулетова мен Тәуірбек Жұмабергенұлы дайындаған «Із тастап аққан бір жұлдыз» атты Табылдыға арналған ғұмырнамалық кітап шығарып, оқырмандарына тамаша тарту жасады. Республикалық «Үкілі үміт» байқауының дипломанты, облыстық Жастар сыйлығының лауреаты (2000), Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2003).

Шығармалары

  • Жанарымның жарқылы. Өлеңдер. А, «Зерде», 2000;
  • Ұнатамын мен сені. А., «Өлке», 2001;
  • Ұнатамын мен сені. Әндер жинағы. А., «Үш қиян», 2002;
  • Жайықтың толқындары. Ән мәтіндері. А., «Өлке», 2004;
  • Табылдың әні. Авторлық әндер мәтіндері. «Ақтөбе», 2007.

Дереккөздер

Tags:

Табылды Досымов Балалық шағыТабылды Досымов Еңбек жолыТабылды Досымов ШығармаларыТабылды Досымов ДереккөздерТабылды Досымов1965198319851990Атырау облысыБардИндер ауданыИндерборҚазақ Ұлттық университеті

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қадыр Мырза ӘліБіләл СүлеевҒылыми стильАутизмАлбан руыГенетикаЖоңғар шапқыншылығыСалалас құрмалас сөйлемPythonСамаурынАқпараттық қауіпсіздікЖаңа экономикалық саясатАбортТорғайдағы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісYouTubeҚұтадғу білікГендік инженерияБесеудің хатыТуберкулезКүкіртАдай күйіКіші жүзҚыз ЖібекҒабиден МұстафинРайымбек батырӨкпеҚызыл кітапБұлшықеттердің маңызы мен құрылысыКанадаКорея РеспубликасыХолециститІш өтуТопырақМоңғолияМексикаОм заңыМонархияЖеңіс күніСоқырішекҚоңыратШанхай Ынтымақтастық ҰйымыСыбайлас жемқорлықМәдениетДауыссыз дыбыстарШығыс Рим империясыБастың ауыруыҚазақстан 2050Жәннәтпен сүйіншіленген он сахабаАлаш айнасыЕкінші дүниежүзілік соғысФранцияБаскетболТүркияҚаһарАқуызШектіҚыпшақтарҚалқанша безБақбақТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновҚазақстан Республикасының КонституциясыЖанар АйжановаАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміКеңес Одағының БатырыӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаКәлимәАлаш ОрдаҚостанай облысыНайманҚажымұқан МұңайтпасұлыҚанайналым жүйесі1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысДНҚ1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісКөз ауруларыҚасым АманжоловБесікке салуРобототехника🡆 More