Сасықшөп

Cасықшөп (лат.

Cасықшөп
Cасықшөп
Cасықшөп
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Lamiales
Тұқымдасы: Lamiaceae
Кіші тұқымдасы: Lamioideae
Тегі: Leonurus
L.
түрлері

24 түрі белгілі

Таралуы

Еуразияның қоңыржай белдемінде 15 түрі өседі. Қазақстанда ТобылЕсіл, БалқашАлакөл алқабында, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, Алтай, Тарбағатай тауларында, Күнгей, Жетісу (Жоңғар), Теріскей Алатауларында кездесетін 4 түрі бар:

  • жасыл сасықшөп (L. glaucescens)
  • Түркістан сасықшөпі (L. turkestanіcus)
  • қабықшалы сасықшөп (L. panzerіoіdes)
  • бозғылт сасықшөп (L. іncanus)

Сипаты

Сасықшөптер тау баурайларында, өзен жағалауларында, жол жиегінде, бұталардың арасында өседі. Биіктігі 50 — 200 см аралығында, тамырсабақты өсімдік. 4 қырлы сабағы түзу өседі, сырты түкті.

Жапырақтары қалақ тәрізді, саусақ салалы. Тостағанша жапырақшалары жіңішке конус пішіндес. Күлтелері алқызыл, жоғарғы еріні ақ түсті.

Көп гүлді гүлшоғыры жапырақ қолтығына орналасқан. Маусым — шілде айларында гүлдеп, тамыз — қыркүйекте жеміс салады.

Жемісі — көп жаңғақша.

Химиялық құрамы

Cасықшөптің құрамында:

  • алкалоид (0,009 — 1,97%)
  • эфир майы (0,04 — 0,15%)
  • илік заттар (2,3 — 8,2%)
  • С витамині бар.

Қолданылуы

Cасықшөптен алынған препараттары жүрек қантамыры неврозында, жүректің демікпелі ұстамасында (стенокардия), жүрек етінің қатаюында (кардиосклероз), жүрек бұлшық етінің қабынуында (миокардит), жүйке жүйесінің бұзылуында, қан қысымы көтерілгенде, бас айналғанда, ми зақымданғанда ішеді. Сондай-ақ, сасықшөптен алынған дәрі-дәрмекпен қояншық, Базедов ауруын емдейді. Халық медицинасында сасықшөпті шемен, ревматизм, асқазан ауруларын, созылмалы ішек ауруларын емдеуге пайдаланады. Гүлінен ара бал жинайды.

Дереккөздер


Tags:

Сасықшөп ТаралуыСасықшөп СипатыСасықшөп Химиялық құрамыСасықшөп ҚолданылуыСасықшөп ДереккөздерСасықшөпЕрінгүлділерЛатын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Электр тізбегіБалқашМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваОғыз мемлекетіҰлы географиялық ашылуларТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыБіріккен Араб ӘмірліктеріӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Спартак көтерілісіРадиацияӨзбекәлі ЖәнібековЖоғары молекулалы қосылыстарТүргеш қағанатыҚазақстандағы «қайта құру» саясаты18 ғасырдың екінші жартысындағы Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарҚазақтарҚатерлі ісікҚазақстан демографиясыМоңғол шапқыншылығыҚазақстан Республикасының КонституциясыБала құқықтары туралы конвенцияЭкологияЭкологиялық пирамида ережесіТүркияГемоглобинҚазақстан көлдеріҒұсылҚазақстан экономикасыҚазақстанның Қызыл кітабыАқсу-Жабағылы қорығыКубизмАмерикадағы азамат соғысыХалықаралық жария құқықҰлыбританияҒаламдық мәселелерБірінші дүниежүзілік соғысЭлектр тогыМобильді қосымшаларМәңгілік бала бейнеҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысШәкәрім ҚұдайбердіұлыТәуелсіз Қазақстан тарихыҒаламшарПопуляцияМарсХолециститМұхтар Омарханұлы ӘуезовАвтотрофтарАбиотикалық факторларҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Фариза ОңғарсыноваТолғауҚадыр Мырза ӘліАлаш ОрдаХиуаз Қайырқызы ДоспановаӘкімшілік құқықХан ШатырҒарышТолықтауышҰшқан ұяАйдын Ақанұлы АйымбетовГерманияҚазақстан астанасыХалықаралық валюта қорыӨзгергіштікАбстракционизмКөп жасушалы ағзаларЕсімдікБауыржан МомышұлыЭлектр қозғалтқышыҚуық түбі безінің қабынуыҚабдеш ЖұмаділовРеформацияТыныс белгілеріКиіз үй жабдықтарыМедицинаҰлпан (роман)🡆 More