Тобыл

Тобыл (орыс.

Тобыл Басқа мағыналар үшін Тобыл (айрық) деген бетті қараңыз.
Тобыл
Сипаттамасы
Ұзындығы 1591 км
Су алабының
ауданы
426 000 км²
Су алабы Солтүстік Мұзды мұхиты
Су шығыны 805 м³/с (272)
Су ағысы
Бастауы Оңтүстік Орал
 • Орналасқан жері Тобыл ауылының маңында
 • Координаттары 51°23′27″ с. е. 60°32′24″ ш. б. / 51.39083° с. е. 60.54000° ш. б. / 51.39083; 60.54000 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Ертіс
 • Орналасқан жері Тобыл қаласы
 • Координаттары 58°09′14″ с. е. 68°12′55″ ш. б. / 58.15389° с. е. 68.21528° ш. б. / 58.15389; 68.21528 (G) (O) (Я) 68°12′55″ ш. б. / 58.15389° с. е. 68.21528° ш. б. / 58.15389; 68.21528 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Тобыл бассейні
Тобыл бассейні
Ел Қазақстан, Ресей
Аймақ Қостанай облысы, Қорған және Түмен облыстары
Ортаққордағы санаты: Тобыл

Географиялық орны

Қазақстанның Қостанай облысы және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары жерімен ағады.

Бастауы

Тобыл Оңтүстік Оралдың шығыс сілемдерінің бірі – Қараадырдан басталып, Ертіске құяды.

Су алабы

Қазақстан жеріндегі ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 426 мың км2, Қазақстандық алабы 130 мың км2. Басты салалары – Шортанды, Сынтасты, Әйет, Үй, Обаған (көпшілігі сол жағынан құяды). Өзен алабында Жақсы Алакөл, Жаман Алакөл, Қулыкөл, Тентексор, Томарлыкөл, Теңіз, т.б. көлдер бар.

Гидрологиясы

Бастаулық бөлігінде Торғай қолатымен өтеді. Бұл тұста өзен арнасы тастақты келеді және аңғарында ойдым-ойдым қарасулар көп кездеседі. Аңғары өте енді, 2 – 30 км аралығында. Негізінен қар (60%-ы) және жауын-шашын суымен толысады. Жылдық ағынның 82,5%-ы көктемде, 13,5%-ы жазда – күзде, 4,0%-ы қыста болады; жоғарғы деңгейі сәуірмаусым айларына келеді. Қазақстандық бөлігіндегі жылдық орташа су ағымы 26,2 м3/с, орташа лайлығы 300 г/м3, минералдылығы 500 – 600 мг/л-ге, далалық өңірде 2000 мг/л-ге жетеді. Суы хлорлы. Өзен қараша – сәуір айлары аралығында қатады; мұзының қалыңдығы 70 – 78 см. Жазғы суының орташа температурасы 19 – 20°С кейде шілдеде 28,2°С-қа дейін жылынады.

Сипаты

Кең жазық болып келген өзен жайылмасында шоқ қарағайлы орман өседі. Өзенде балық бар. Алабы тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижесінде республикадағы сансалалы ауыл шаруашылық дамыған басты астықты өңірге айналды. Қойнауынан темір кентасы, көмір асбест қорлары анықталды. Аңғарында еліміздегі салалық ірі кәсіпорындар саналатын Соколов-Сарыбай кен-байыту, Жітіқара асбест, Лисаковск кен-байыту комбинаттары, т.б. орналасқан. Тобыл суын тиімді пайдалану үшін Жоғарғы Тобыл бөгені, Қаратомар бөгені, Амангелді, Желқуар, Қызылжар бөгендері салынған. Өзен бойында Жітіқара, Лисаковск, Рудный және Қостанай қалалары орналасқан.

Дереккөздер

Tags:

Тобыл Географиялық орныТобыл БастауыТобыл Су алабыТобыл ГидрологиясыТобыл СипатыТобыл ДереккөздерТобылЕртісОрыс тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ВолейболАксонМұхитДеректер қорыСуОңтүстік АмерикаШетел инвестицияларыСарқылатын ресурстарҚұқықИзомерияТұсаукесерҚазақстан қорықтарының тізіміФотосинтезДрамаҚазақстан азамат соғысы жылдарындаҰялы байланысТынық мұхитТахауи Ахтанов1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықСоциалистік реализмСалалас құрмалас сөйлемФенолБотай мәдениетіИнвестицияОрбұлақ шайқасыОрганикалық затГольджи жиынтығыЖүрек-қантамырлар жүйесіДина Кенжеқызы НұрпейісоваШығыс Қазақстан облысыМәдени мұраШыңғыс Төреқұлұлы АйтматовМәшһүр Жүсіп КөпейұлыКерей ханГерманияҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыҚұрманғазы СағырбайұлыАсқазан ауруларыАуызашарӘлеуметтік инфрақұрылымӘл-Фатиха сүресіҮтірМақала1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріҚазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымыСаясаттануМұхаметжан ТынышбайұлыҒылыми-техникалық прогрессТерроризмМүшел жасӨзен көлігіФразеологизмАхмет БайтұрсынұлыИсламИслам пайғамбарларыСаясатӘйтеке биҚазақ ұлттық киімдеріҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеЭпитетҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміЭндокриндік жүйеҚазақ әліпбиіУльтракүлгін сәулеленуБиотехнологияКүләпараАфрикаХромосомаларҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріБәйтерек (мифология)Тәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыНаурызЭнергияОрталық АзияСыбайлас жемқорлықАңырақай шайқасы18 ғасырдағы Қазақстан тарихнамасыТәуке ханӘлеуметтік шиеленістерді шешу жолдары🡆 More