Резонанс

Резонанс (лат.

Резонанс
Резонанс

Резонансты алғаш рет механика және акустикалық құбылыс ретінде италиян ғалым Г.Галилей, ал электр-магниттік жүйелерде, мысалы, тербелмелі контур арқылы ағылшын ғалымы Дж.Максвелл (1831 — 1879) қарастырған (1868). Жүйеге гармондық сыртқы күш (F) әсер еткенде массасы m-ге тең дененің қозғалыс теңдеуі мына түрде жазылады:

мұндағы F0 — сыртқы күштің амплитудасы, v — сыртқы әсердің жиілігі, х — ауытқу, — масса жылдамдығы, a— масса үдеуі, b — үйкеліс коэфф., k — қатаңдық коэфф. Бұл теңдеудің шешуі болады. Мәжбүрлеуші күштің жиілігі тербелмелі жүйенің жиілігіне жақындаған сайын тербеліс амплитудасының қалай өсетіні осы формуладан айқын көрінеді.

Акустикалық резонанс

Толық мақаласы: Акустикалық резонанс

Қарапайым мысал қарастырайық. Меншікті тербеліс жиіліктері бірдей екі камертон алып, оларды бір-біріне жақынырақ қояйық та, олардың бірін тербелтейік (110-сурет). Сәл уақыттан кейін оның тербелісін қолымызбен басып тоқтатсақ, екінші камертонның дыбыс шығарып тұрғанын естиміз. Ал екінші камертонды ешкім тербеліске келтірмегендіктен, "оның тербелуіне бірінші камертоннан ауа арқылы берілген тербеліс ықпал етті" деген қорытындыға келеміз.

Енді екінші камертонды меншікті тербеліс жиілігі бірінші камертондыкінен өзгеше камертонмен алмастырып, тәжірибені қайталайық. Бұл кезде екінші камертонның дыбыс шығармайтынын байқауға болады. Бірінші жағдайда камертондардың меншікті тербеліс жиіліктері сәйкес келгендіктен, резонанс құбылысы байқалды. Екінші жағдайда камертондардың меншікті тербеліс жиіліктері сәйкес келмегендіктен, резонанс туындаған жоқ. Бірінші жағдайда қарастырылған құбылыс акустикалық резонанс деп аталады.

Осы акустикалық резонанс құбылысын пайдаланып, тербелетін денеден шығатын дыбысты күшейтуге болады. Сондықтан камертондар арнайы жәшіктерге орнатылады. Жәшіктің меншікті тербеліс жиілігі камертонның шығаратын дыбыс жиілігіне үндестіріледі.

Резонанс жиілігі

Резонанс жиілігі - резонанс кұбылысы басталатын тербеліс жиілігі.

Резонанстық сәулелену

Резонанстық сәулелену - жиілігі сәуле алған зат флуоресценциясының жиілігімен сәйкес электромагниттік сәулелену.

Гамма-сәулеленудің резонанстық жұтылуы

Гамма-сәулеленудің резонанстық жұтылуы -ядроның қозған күйге өтуімен шартталған атом ядросының гаммакванттарды жұтуы.

Жарықтың резонансты жұтылуы

Жарықтың резонансты жұтылуы - жұтушы орта атомдарының негізгі күйден қозған күйге өтуіне сәйкес жиіліктегі жарықтың жұтылуы.

Резонанс құбылысы

Резонанс құбылысы табиғатта, ғылым мен техникада маңызды орын алады. Резонанс құбылысын машиналар мен механизмдер жасауда, көпірлер мен ғимараттар салуда, т.б. мұқият ескеру керек. Радиотехникада Резонанс құбылысы маңызды рөл атқарады.

Резонанс қисығы

Резонанс қисығы - мәжбүр тербелісті сипаттайтың кандай да бір параметрдің (амплитуданын, фазаның және т.б.) Сырткы әсердің жиілігіне тәуелділік графигі.

Резонанс жиілігі

Резонанс жиілігі –– резонанс құбылысы басталатын тербеліс жиілігі.

Резонансты үдеткіш

Резонансты үдеткіш-үдеуі жоғары жиілікті электр өрісінде өтетін және бөлшектер осы өрістің өзгеруімен резонансты қозғалатын зарядталған бөлшектер үдеткіші.

Резонанстық шашырау

Резонанстық шашырау -жарықтың жарық толқындарының жиілігі орта атомындағы электрондардың меншікті тербеліс жиілігіне жақын жағдайда шашырауы.

Дереккөздер


Tags:

Резонанс Акустикалық резонансРезонанс жиілігіРезонанс тық сәулеленуРезонанс құбылысыРезонанс қисығыРезонанс жиілігіРезонанс ты үдеткішРезонанс тық шашырауРезонанс ДереккөздерРезонансДыбысЛатын тіліПериодФранцуз тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Абайдың қара сөздеріШыршаҚызылша (медицина)Сөз табыҚазақ газетіӘлемдік діндерЭкспрессионизмСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовТүркияӘл-Фатиха сүресіАралас құрмалас сөйлемАмерикаҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыЖүсіпбек АймауытовҚазақ билеріДНҚАзотАлкендерТөлен ӘбдікЖанрТұқым қуалайтын өзгергіштікСан есімМитохондрияӨнеркәсіпСуРентген сәулесіЖапонияИзомерияҚазақстан географиясыДәрілік өсімдіктерСалт-дәстүрКөктемЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміРинат Рифхатұлы ЗайытовЭкономикаҚоршаған ортаның ластануыЖүрек-қантамырлар жүйесіАлматыМагнит өрісіАққан жұлдыз (роман)КөшбасшылықӘміре ҚашаубаевРахат кондитер фабрикасыҒаламдық экологиялық проблемаларМақалаМашинажасауЕтістікӨңдеуші өнеркәсіпҚазақстанның тұңғыш мектептеріСөз тіркесіГормондарАққулар ұйықтағандаБұрындық ханVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштері1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісҚант қызылшасыИтҚазақстандағы ұжымдастыруАқпан төңкерісіОрта ғасырлардағы мәдениетЭпитетГерманияМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваҚыпшақтарАмерика Құрама ШтаттарыЭкологиялық жүйе1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріКөлік кешеніЕділ қағанЭндокриндік жүйеТемірКерей ханЭлектрокардиографияҰлы Жібек жолыГүлді өсімдіктер38-атқыштар дивизиясыҚұндылық🡆 More