Радиотехника

Радиотехника - радио диапазонындағы электромагниттік тербелістер мен толқындар арқылы генерациялау және күшейту, тарату, қабылдау тәсілдері мен оларды пайдалану мәселелерін зерттейтін ғылым.

Жалпы түсінік

Электромагниттік тербелістер мен радио диапазонындағы толқындарды радиобайланыста, телевизацияда, радиолокация мен радионавигацияда, ондай-ақ технологиялық процесстерді бақылау және басқаруда, тағыда басқа ғылыми-зерттеулерде пайдаланып технология саласы да радиотехника деп аталады. Радио диапазонына толқын ұзындығы ондаған км-ден мм-дің ондаған бөліктеріне дейін электромагниттік толқындар жатады.

Радиотехниканың дамуы

Радиотехника дамуында ‘’’М. Фарадейдің’’’ электр және магнит өрістері туралы ілімі, Дж. К. Максвеллдің электр және магниттік құбылыстарды теңдеулер жүйесі арқылы сипаттап беруі, маңызды роль атқарды. Электро толқындарды эксперимент жүзінде байқаған және оны зерттеген Г. Герц болды. А. С. Попов электро толқындарды генерациялау және қабылдау негізінде сымсыз байланыс жасау мүмкіндігін тұңғыш рет 1895 жылы 25-сәуіріс жүзінде дәлел берді. Бұл күні КСРО-да радио күні тойланып өтті. Радиотехниканың күшті қарқынымен дамуына электрондық лампаның пайда болуы зор ықпал етті. Генераторлық лампаның жасалуы өшпетін тербеліс алуға мүмкіндік берді. Электрондық лампаларды жетілдіру саласында кеңес ғалымдары М. В. Шулейкин, М. А. Бонч-Бруевич, Л. И. Мандельштам, Н. Д. Папалекси және тағыда басқалары елеулі еңбек етті. 20 ғ-дың 20 жылдары радиотелеграфтық байланыспен қатар радиохабар тарату да кеңінен дами бастады. Арнаулы шамдарды пайдаланатын радиотолқындар диапазоның кеңдігі артырылды. Орыс ғалымы В. П. Вологдин жасаған жоғары жиілікті индукторлық машина негізінде 1925 жылы Мәскеу мен Нью-Йорк арасында тікелей радиобайланыс орнатылды. 20 ғ-дың орта кезінде телевизия пайда болды. Қозғалмалы объектілерден берілеті ақпаратгфң мол болу себебі бұл байланыс өте жоғары жиілікті тербеліс арқылы ғана жүзеге асырылады. Осы салада Б. А. Введненский, А. Н. Шукин, В. А. Фок , А. Зоммерфельд және тағы басқа ғалымдар үлкен еңбек сіңірді

Осы күн радиотехникасы

Радиотехника

Радиотехник қазіргі кезде адамзат өмірінің барлық саласында қолданады Мысалы:

  • Кез келген қашықтықты радиотелефон байланысын орнату
  • Кескін, чертеж, сурет, газет матрицаларын тарату
  • Тез әрекетті телеграфтық радиобайланыс жасау
  • Космос объектілері мен Жер, космостық аппараттарының өз арасында тікелей байланыс орнатылады
  • Алыс қашықтықтағы пункттермен радио, телевизиялық байланыс жасау үшін пайдаланатын Жердің жасанды серіктері ретрансляциялық станция ретінде байланыс линиясының құрамына еніп отыр.

Радиотехника тәсілдері автоматты басқару, реттелу және информацияны өңдеу жүйелерінің негізін құрайды. Осыған орй радиотехника жетістіктері электронды есептеуші машиналарды жетілдіруге мүмкіндік берді. Мысалы, алғашқы электрондық шамдармен жұмыс істесе, лдан кейінгі кезде машиналар жартылай өткізгішті элементтермен, ал соңғы кездегі машиналар жартылай өткізгішті интегрралсхема негізінде жұмыс істейтін болды. Бұл салада оптикалық электрониканың голографияның, криогендік электрониканың келешегі зор.

Радиотехниканы өнеркәсіп пен халық шаруашылықта қолдануы

Радиотехника

Жоғары жиілікті қыздыру қондырғылары:

  • аса таза металлдарды алуда
  • болат бұйымдарының беттік қабатын шынықтандыру кезінде
  • ағаш, керамика, астық өнімдерін кептіруде
  • тамақ өнеркәсібінде
  • медицинада қолданылуда.

Радиотолқындар қолданысы метеорология ғылым саласымен тығыз байланысты. Бұған радиотолқындардың таралуында тигізетін әсерін зерттеу нәтижесінде іске асырылатын радиометеорология тікелей мысал бола алалады. Атмосфералық радиобөгеулерді зерттеу негізінде радиоастрономия пайда болды. Оптикалық телескоптармен байқалмайтын әлем аймақтары радиотелескоп арқылы зерттеледі. Радиотелескоптар арқылы пульсарлар ашылды, біздің Галактиканың көзге көрінбейтін ядросы зерттелді, астрономиялық жаңалықтар ашылды. Радиотехниканың дамуы үшін Халқаралық ғылыми радиоодақ, Халқаралық радио консультативтік комитеті, радиожиілікті бөлу жөніндегі Халықаралық комиссия сияқты ұйымдар да маңызды жұмыс атқарды.

Жиіліктер

  1. 6 тГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы электромагниттік тербелістер және радиотолқындар туралы, оларды қоздыру, күшейту, тарату және қабылдау әдістері туралы ғылым саласы.
  2. Аталған тербелістер мен толқындарды радиобайланыста, радиохабарды таратуда, теледидарда, радиолокацияда, радионавигацияда және т.б. салаларда қолдануды жүзеге асыру жөніндегі техника саласы.Радиотехника ғылым саласы ретінде тербелісті қоздыру, күшейту, тарату,қабылдау; антенна техникасы; радио- толқынның түрлі ортада таралуы;бөгеуілге орнықтьшық теориясы; сигналды (дыбыс, бейне, түрлі деректер)жазу және жаңғырту сияқты көптеген салаларға бөлінеді;
  3. Радиоауқымдағы электр-магниттік тербелістер мен толқындар және олардың генерациясы, күшейтілуі, сәулеленуі, қабылдануы және пайдалануы туралы ғылым; ақпаратты таратуда радиоауқымдағы электомагниттік тербелістер мен толкындарды қолдануды іске асыратын техника саласы.

Дереккөздер


Tags:

Радиотехника Жалпы түсінікРадиотехника ның дамуыРадиотехника Осы күн радиотехникасыРадиотехника ны өнеркәсіп пен халық шаруашылықта қолдануыРадиотехника ЖиіліктерРадиотехника ДереккөздерРадиотехникаТехнология

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МикроорганизмҚарақалпақстанҚазақ шежірелерінің тізіміҚазақстанның экологиялық проблемаларыМұқағали Сүлейменұлы МақатаевТрансформаторЭндокриңді бездерТың игеруСүреПайғамбарМиғражХалел ДосмұхамедовТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновДүниежүзілік шаруашылық жүйесіҮстірт қорығыАзамат соғысыОлжас Омарұлы СүлейменовҚазақ тіліАлаш партиясыМәкрүһҚазақстан Республикасының КонституциясыСалқам Жәңгір ханТорғайдағы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісТынық мұхитАқтабан шұбырындыТемір дәуіріКеңес Одағының БатырыБөкей ОрдасыЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміСептік жалғауМутацияҰлуларХақназар ханБаланы қырқынан шығаруҚұрсақ той2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шараларыҚазақ батырлар тізіміОтырарГормондарЭнеолитЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарАзаматтық қоғамҚазақстанның Мәдени мұра жобасыМұстафа ШоқайЖеңіс күніЖаңа білім беру жүйесіОрталық ҚазақстанСталинград шайқасыАдамаралық қарым-қатынасОрбұлақ шайқасыСалт-дәстүрАдам қаңқасыАтырауАқуызКөкөністер, жеміс-жидектер және бөлме өсімдіктеріЖалайырҒұсылҚостанай облысыA.Z. (Ninety One)БаскетболТопырақБалықтарШыңғыс Төреқұлұлы АйтматовАбайдың қара сөздеріАс қорыту жүйесіТұқым қуалаушылықҚазақстан туыӘн-Нас сүресіБесеудің хатыАқ Орда (мемлекет)Қазақ билеріҚырғи қабақ соғысыУрбанизацияАлғашқы көмекБіләл СүлеевҚазақстан аудандарыБасты бет🡆 More