Португалдар

Португалдар (өз атауы — португезиш) — ұлт, Португалияның жергілікті халқы.

Жалпы саны 15 млн. адамға жуық (2003), Португалияда, Америка (негізінен АҚШ пен Бразилияда), Ангола, Мозамбик, Жасыл мүйіс аралында, Азияда (Аомынь, Тимор а.), Еуропаның кейбір елдерінде тұрады. Антропологиялық жағынан үнді-жерортатеңіздік нәсілге жатады. Португал тілінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Португалдардың этникалық тарихы ежелгі иберий тайпасына қараған лузитандардан басталады. Б.з.б. 1-мыңжылдықта Португалия жеріне кельт тайпаларының біраз бөлігі келген. Б.з.б. 2 ғ. — б.з. 5 ғ-лары аралығында Рим империясының құрамында болуы тұрғындардың тілдік тұрғыдан және мәдени өзгеріске ұшырауына әкелді. 5 ғ-да Португалия жерін жаулап алған германдықтар оларға сіңісіп кетті. 8 — 13 ғ-лардағы араб-бербер үстемдігі португалдардың тілі мен мәдениетіне өз әсерін тигізді. 12 ғ-дың ортасында Португалия мемлекетінің құрылуы португалдардың ұлт ретінде топтаса бастауына жол ашты. 15 — 17 ғ-лардағы Португалияның отарлық экспансиясы португалдардың Оңтүстік Америка, Африка мен Азияға қарай қоныстануына жағдай жасады. Олар әсіресе бразилиялықтардың ұлт ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Португалдар егіншілікпен (бидай, жүгері, т.б.), бау-бақша өсірумен, балық аулау кәсібімен және мал шаруашылығымен (қой, шошқа, т.б.) айналысты. Тоқымашылық, тігіншілік, ағаш ою, т.б. қолөнер салалары дамыды. Тұрғын үйлері солтүстік аймақтарда екі қабат етіп тұрғызылды, оның бірінші қабаты шаруашылық мақсаттарға пайдаланылды. Оңтүстікте тұрғын жай мен шаруашылыққа қажетті бөлік бір шатырдың астына салынды. Ұлттық киімдерінен, әйелдер юбка, кеудеше киіп, басына орамал тартты, ал ерлер қысқа шалбар, жилет, оңтүстікте басына сомбрейру шляпасын, солтүстікте тоқылған қалпақ киді. Дәстүрлі тағамдарын балықтан, молюскадан, сондай-ақ дәнді дақылдардан әзірлейді. Бай ауыз әдебиеті сақталған.

Дереккөздер


Tags:

АзияАнголаАфрикаАҚШБидайБразилияБразилиялықтарЕуропаЖүгеріКельтМозамбикОңтүстік АмерикаПортугалияРим империясы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ТеміртауЖай санҚазақстан 2050Міржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіҚазақстан және БҰҰЗәр шығару жүйесіСюрреализмСалт-дәстүрҰлы Жібек жолыАтом ядросыШығыс ҚазақстанНұркен ӘбдіровҚұрмалас сөйлемБірінші дүниежүзілік соғысТатарларБәйтерек (монумент)Жақсыз сөйлемҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріЕуропаШоқан Шыңғысұлы УәлихановҚазақстан музейлеріҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніФилософияМиДамушы елдерОрманӘбу Райхан әл-БируниСақ мәдениетіПартеногенезКартопҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеЖайықЖаңа білім беру жүйесіШвейцарияКөшбасшылықАсқазан мен он екі елі ішектің жара ауруыАс қорыту жүйесіЛинзаҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыТіршілік үшін күресЭлектр тогыҚара құрдымНегіздерМақалаТәуелсіз Қазақстан тарихыТүсті металлургияҚұлдықЕуразиялық Экономикалық ОдақҚазақстандағы «қайта құру» саясатыҒұндарСинонимАқпараттық қауіпсіздікТел өскен ұлКомпьютерлік желіМорфология (лингвистика)Керей ханҚызылша (медицина)МиссионерлiкКүн (жұлдыз)Жер сілкінуСүтқоректілерІлияс ЖансүгіровБуддизмМал шаруашылығыМәшһүр Жүсіп КөпейұлыҚазақстандағы көмірАҚШ экономикасыЖануарларОңтүстік ҚазақстанЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановҚышқылҚазақстан экономикасының тарихыТәуелдік жалғауЭмбриогенезҚытай Халық Республикасы экономикасыҚоғамПиелонефритЖұлдыз🡆 More