Подагра

Подагра (грек.

podagra — аяқ үшін қақпан) — организмде зат алмасу процесінің бұзылуынан қанда несеп қышқылының артуы мен оның тұздарының буындарда, дене мүшелерінің басқа тіндерінде жиналуынан пайда болатын созылмалы ауру.

A.
карикатура, 1799, James Gillray

Подаграның дамуына жиналған урат (несеп қышқылының тұздары) түйіршіктерін организмнен шығаратын әр түрлі ферменттер қызметінің бұзылуы, сондай-ақ ет және майлы тағамдарды, бұршақты көп пайдалану, ішімдікті мөлшерден көп ішу, аз қозғалу себепші болады. Подаграның тұқым қуалайтын түрлері де бар. Подаграмен әдетте 40 жастан асқан ер адамдар жиі ауырады. Аурудың белгісі бір немесе бірнеше буындардың қабынуынан (артрит) аяқ астынан, негізінен түнде басталады. Ең алдымен аяқтың бармағы (әдетте бас бармағы) зақымданады. Зақымданған буын ісініп, терісі қызарады, дене қызуы 38 — 40oС-қа көтеріліп, қалтырайды. Дерттің қозуы бірнеше күнге созылады. Ұстаманың қайталауы жиілей берсе, ауру созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде тері астына жиналған урат түйіршіктері түйін-түйін болып, негізінен шынтақ және тізе буындарынан бұлтиып білінеді. Урат түйіршіктерінің бүйрек тіндерінде жиналуы да жиі байқалады. Бұл өте қауіпті, себебі, несеп шығару жолдарында тас жиналу процесі жылдамдайды. Емі: ауырғанды басатын дәрі-дәрмек қабылдау, сұйық тағам және минералды су ішіп, курортта арнайы ем қабылдау. Сондай-ақ дәрігердің нұсқауымен физиотераПодагра ем, массаж жасалады.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Gout

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МұнайСұлушаш (поэма)ГерманияТарауих намазыСпораУильям Роуэн ГамильтонНанотехнологияМаңғыстау облысыЗиготаЖүрекЖер сілкінуКүн (жұлдыз)Қазақтың ұлттық ойындарының тізіміСағатБесікке салуАқпан төңкерісіТуберкулезҚазақша жыл санауСаяси жүйеОм заңыҒұсылБұлтты технологияӘлеуметтік шиеленістерді шешу жолдарыБатыс Түрік қағанатыҚазақстан халқы ассамблеясыҚоршаған ортаны қорғауИсламдағы жыныстық өмір әдебіТыныс белгілеріҒабиден МұстафинӘбіш КекілбайұлыЖоспарлы экономикаХимиялық элементтердің периодтық жүйесіҰялы байланысАуыл шаруашылығыҚазақстан астанасыМеталдарСинонимЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміМоңғол империясыБатыр Баян (поэма)Баланы қырқынан шығаруЛатын АмерикасыЗурзееТыныс алу ауруларыҚұстарДәруменБуылтық құрттарАршаГеографияАфрика мемлекеттері және тәуелді аймақтарының тізіміҚазақстандағы минералды ресурстарРамазан (ай)Сырым ДатұлыБатыс Қазақстан облысыШыңғыс Төреқұлұлы АйтматовАқтөбе облысыСақтарЕңлік — Кебек (пьеса)ҚонақжайлылықПітір садақаҚызыл кітапЖылқы малының атауларыБауыржан МомышұлыЕрулікАққуларҚұрмалас сөйлемҚорғансыздың күні (әңгіме)Уран (химиялық элемент)Рахит ауруы (мишел ауруы)ЖұлынАмерика Құрама ШтаттарыСептік жалғауМендель заңдылықтарыЖоңғар хандығыОңтүстік Африка РеспубликасыАсан қайғы СәбитұлыҚазақстан экономикасының тарихыНашақорлық🡆 More