Перғауын: Ежелгі Мысыр патшаларының атағы

Перғауын, фараон — Құран кейіпкері, Мысыр патшасының аты.

Алла оған уағыз айтуға Мұсаны жіберген. Фараон Зулаутад деп те аталады. Ол зәулім мұнара, пирамида сияқты мәңгілік берік ғимараттардың иесі деген мағынаны білдіреді. Құранда Перғауын өзін-өзі тәңірі санайтын, Мұсаның айтқанына сенбейтін, қатігез, озбыр ретінде көрінеді. Дінге сенетіндерді қудалайды. Мұса мен оның қандастары Мысырды тастап кетпек болғанда, соңынан әскер алып қуады. Бірақ теңіз көтеріліп, топан судың астында қалады. Тек жантәсілім сәтте ғана тәубасына келеді. Сол үшін Алла оны толқынның күшімен жағаға серпіп шығарады. Бұл эпизод екі түрлі түсіндіріледі. Біреулер оны тәубасына келгені үшін жасалған кешірім деп ұқса, біреулер күпірлік кешірілмейді, тек өліктің ғана құтқарылуы мүмкін деп дәлелдейді. Құранды түсіндірушілер басқа да Перғауындар болған, бұл Мысыр патшаларының жалпы атауы мен атағы деп біледі. Құраннан кейін туындаған аңыздарда Перғауынның қатігездіктері, әсіресе Аллаға сенген әйелін, немерелерін, жақындарын, Мысыр сиқыршыларын қалай азаптағаны егжей-тегжейлі суреттеледі. Құран түсіндірмешілерінің айтуынша, мұнара салынып біткен соң Перғауын аспанға садақтан жебе жаудырады. Олары қанға малшынып, жерге қайта түседі. Артынан Жәбірейіл көрініп, мұнараны жермен жексен етеді.

Перғауын: Ежелгі Мысыр патшаларының атағы
IІ Рамзестің мүсіндері.

Дереккөздер


Tags:

АллаМысырМұса пайғамбарПирамидаҚұран

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Бауыржан МомышұлыКейс әдісіЭмоцияЖошы ханАқтөбе облысыОразаны бұзбайтын жағдайларХиуа хандығыОрманды дала зонасыЖау тылындағы балаКөне түркі жазбаларыУкраинаҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріҰлы Жібек жолыҚұрманғазы СағырбайұлыНайман хандығыТегеранҒаламдық экологиялық проблемаларМәдениет туралы түсінікҚазақстанҮш Жүз партиясыЖасанды интеллектАуаКомпьютерАнтропогендік факторШылауИнтернетАдам қаңқасыАрғынНамазды бұзатын нәрселерАнтикалық философияБруцеллёзГломерулонефритОперациялық жүйелерБесікке салуОбаЕмдеу-профилактикалық мекемелерін жоспарлау мен жабдықтаудың гигиеналық негіздеріҚазақ-Жоңғар соғысыМенеджментТұздар (химия)Әмір ТемірМұрат МөңкеұлыОралЖыныс мүшелері ауруларыРобототехникаЗат есімТыныс алу жүйесіБалықтарПсихология тарихыҚазақстанның мемлекеттік құрылымыІлияс Жансүгіров1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысАсқорыту мүшелеріМұқағали Сүлейменұлы МақатаевОйық жара ауруыХимиялық байланыстарЭкзистенциализмНарықтық экономикаФилософияЕсімдікАйдахоСәбит Дөнентаев1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықҚазақстандағы басқа ұлттар немесе этникалық топтар тарихыЖабайы алма (повесть)Еңлік — Кебек (пьеса)Жаңа білім беру жүйесіҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)ХлорофиллІлеКомпьютердің құрылғыларыҚадір түніАмерика Құрама ШтаттарыТуризмҒұндар мемлекетіТәуелдік жалғауАдамаралық қарым-қатынасЕлекАлаш қозғалысыЭпитет🡆 More