Невилл Чемберлен

Артур Невилл Чемберлен (18.3.1869.

Эджбастон, Бирмингем — 9.11.1940, Хекфилд, Ридинг маңы) — саяси қайраткер, Ұлыбританияның премьер-министрі (1937 — 40). Рагби мектебі мен Бирмингем колледжінде оқыды. Ұзақ уақыт кәсіпкерлікпен айналысқан. 1915 — 16 ж. Бирмингем лорд-мэрі болды. 1916 ж. Ллойд Джордждың әскери кабинетінің құрамына кірді. 1918 ж. консерваторлар партиясының атынан парламент мүшесі болып, 1922 — 23 ж. пошта министрі, 1923 — 29 және 1931 ж. денсаулық сақтау министрі, 1923 — 24, 1931 — 37 ж. қаржы министрі қызметтерін атқарды. 1937 — 40 ж. премьер-министр және консерваторлар партиясының жетекшісі болды. Ч. билігі Ұлыбританияның тоқырау кезеңіне тура келді. Ел дүниежүз. өнеркәсіптік және финанстық орт. болу рөлінен айрылды. Ч. Еуропадағы саяси дағдарыстан шығу үшін Германиямен жақындасу саясатын белсенді түрде жүргізді. 1938 ж. А.Гитлер, Б.Муссолини және Э.Даладьемен бірге Мюнхен келісіміне қол қойып, Германияның Чехословакияны бөлшектеуіне және екінші дүниежүзілік соғыстың тұтануына жол берді. 1939 ж. Ұлыбритания, Франция, КСРО өкілдері арасындағы Германия агрессиясын ауыздықтауға байланысты Мәскеу келісімімен бір мезгілде фаш. Германиямен құпия келіссөз жүргізді. Бірақ Германия Польшаға басып кірісімен, Ұлыбритания 1939 ж. 3 қыркүйекте Германияға соғыс жариялады. 1940 ж. сәуірдегі ағылшын әскерлерінің Норвегия үшін болған соғыстағы сәтсіздіктерінен кейін, Ч. премьер-министр қызметінен кетуге мәжбүр болды.

Невилл Чемберлен
Невилл Чемберлен (1938)


Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақ тіліРинат Рифхатұлы ЗайытовАтом ядросыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыХақназар ханҚазақтың арқар-мериносыОрта ғасырлардағы мәдениетҚазақ газетіҚытайҚосарлы ұрықтануКарл ЛиннейТұлғаТарих философиясыТірі ағзалардың негізгі қасиеттеріҚазақстанның тұңғыш мектептеріМысЖоғары молекулалы қосылыстарӨзбектерҚазақ хандығының құрылуыЧарлз Дарвин1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанМұнайСабақтас құрмалас сөйлемЕжелгі Рим өнеріТемекіЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановМақалаСелекционерЖай сөйлемКөмірсуларАдам ағзасындағы химиялық элементтерҚазақстан экономикасының тарихыMicrosoft ExcelГүлді өсімдіктерЭлектромагниттік индукцияМейозБұқаралық ақпарат құралдарыМахамбет ӨтемісұлыФантастикаНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевӘбілхан ҚастеевБіржан ҚожағұлұлыНұркен ӘбдіровАстрономияЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміКірпітәрізділерМезозойҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміТотығу-тотықсыздану реакцияларыҚимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемАфрикаТуыстық атауларыТемпераментБастауышҚазақстан мемлекеттік рәміздеріКеңес Одағының білім беру жүйесіДидактикаОтынКөміртегіМиграцияҚазақстанның мемлекеттік құрылымыЭндемикҚорқыт атаКөмір өнеркәсібіЕсімшеХалықаралық ұйымдарАсқорыту мүшелеріТүйелерМұнай өнеркәсібіҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыБарсакелмес қорығыЖай санАйдын Ақанұлы АйымбетовБүркітМұхтар ШахановПродуценттерЕтістікҚол добы🡆 More