Мұғалжар Тауы

Мұғалжар тауы – Орал тауларының оңтүстік жалғасы.

Мұғалжар тауы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Орал таулары

Пайда болған кезеңі

Девон, тас көмір

Ұзындығы

400 км

Ені

200 км

Ең биік шыңы

Үлкен Бақтыбай

Биіктігі

657 м

Орналасуы

48°39′ с. е. 58°33′ ш. б. / 48.650° с. е. 58.550° ш. б. / 48.650; 58.550 (G) (O) (Я) 58°33′ ш. б. / 48.650° с. е. 58.550° ш. б. / 48.650; 58.550 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

Мұғалжар Тауы Қазақстан, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы

Мұғалжар тауы (Қазақстан)
Мұғалжар Тауы
Мұғалжар тауы
Мұғалжар тауы (Ақтөбе облысы)
Мұғалжар Тауы
Мұғалжар тауы

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы аумағында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері – Үлкен Бақтыбай тауы (657 м).

Жер қыртысы мен геологиялық құрылымы

Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардың арасын беті сәл белесті ойыс бөледі (ені 15 – 20 км). Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер жүйесі арқылы жалғасады. Аралық өңірде девон мен тас көмір дәуірінің құмтас пен әктас жыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі және палеозойлық кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. жыныстардан құралған.

Жер бедері

Батыс Мұғалжар, немесе Бас жота бір-бірімен тіркесіп, меридиан бағытында созылатын жеке қырқалар тізбегін түзеді. Оңтүстік бөлігі биік және қатты тілімденген. Шығыс Мұғалжар тауы аласа, төбесі тегіс шоқылар тізбегі түрінде. Солүстік бөлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте аласара береді де маңайындағы жазықтан аз-ақ көтеріліп тұратын аласа төбеге айналып кетеді. Мұғалжар тауы 48" с. е. маңында аяқталады, одан оңтүстікте абсолюттік биіктігі 250 м-ден аспайды. Мұғалжар тауы Ырғыз өзенінің салалары арасындағы суайрықты құрайды. Солтүстікке қарай Ор өзені ағып шығады.

Климаты

Климаты тым континентті, қысы суық, қар жамылғысы жұқа. Қаңтардың орташа температурасы –15 – 18"С. Жазы ыстық, құрғақ, шілденің орташа температурасы 21 – 25"С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм.

Кен байлықтары

Мұғалжар тауы қойнауында мыс, никель, марганец, сирек металдардың, фосфорит және тас көмірдің кен орындары барланған. Олардың кейбіреулері (никель, фосфорит, т.б.) өндірілуде.

Топырағы, өсімдігі

Солтүстік бөлігінің қиыршықты тастақ даласында боз, бетеге, сұлыбас өскен. Оңтүстікке қарай астық тұқымдасты жусанды шөлейтке ауысады (бетеге, жусан, т.б.). Жыраларда анда-санда қайың, көктерек, тал, мойыл кездеседі. Қатты тау жыныстары жер бетіне шығып жататындықтан өңір егін егуге қолайсыз. Егіншілікке пайдалануға жарамды жерлер тек аңғарларда ғана кездеседі. Жер асты суының қоры мол.

Батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі.

Ұсақ шоқылы құрғақ даласында қара қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда дала мен шөл зоналарына тән өсімдіктер жамылғысы қалыптасқан. Сортаңданған қара қоңыр топырак жамылғысында бетегелі, үлпілдек селеу, көкпек шығады. Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана жарамды.

Жануарлар дүниесі

Жануарлар дүниесі де дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан тұрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан тышқаны мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі.

Галерея

Дереккөздер

Tags:

Мұғалжар Тауы Географиялық орныМұғалжар Тауы Жер қыртысы мен геологиялық құрылымыМұғалжар Тауы Жер бедеріМұғалжар Тауы КлиматыМұғалжар Тауы Кен байлықтарыМұғалжар Тауы Топырағы, өсімдігіМұғалжар Тауы Жануарлар дүниесіМұғалжар Тауы ГалереяМұғалжар Тауы ДереккөздерМұғалжар ТауыОрал таулары

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріҮш Жүз партиясыРеформацияДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевСталинград шайқасыҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыҚалқанша безОғыз мемлекетіМемлекеттік басқару формасыАсан қайғы СәбитұлыӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыКарбон қышқылдарыЖеті жарғыТәттімбет ҚазанғапұлыМодификациялық өзгергіштікҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановӨнеркәсіпТемірТегеран конференциясыБаяндауышТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріЖарықтың шағылуыМезозойДНҚҚозы Көрпеш – Баян СұлуТрансформаторДәулеткерей ШығайұлыБасты бетБақытсыз ЖамалБастауышҚазақстан демографиясыҚазақстан географиясыКаспий теңізіМюнхен келісіміНайзағайТехнологияНейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіДәруменСалқам Жәңгір ханҚазақстан астанасыТыныс алу жүйесіШыршаҚызылорда облысыҒұндарЮНЕСКОЭссеМерезАмерикадағы азамат соғысыРоботТәуке ханКітапханаЖерӘдемі инелікҮйсін мемлекетіАлкиндерӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаЖүрек-қантамырлар жүйесіФутуризмЖеңіл атлетикаЖіктік жалғауТүргеш қағанатыАбай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіИзомерияЭлектр энергетикасыҚайта құру кезеңіАқмола облысыАқ Орда (мемлекет)Әлемнің жеті кереметіСолтүстік АмерикаҒаламдық экологиялық проблемаларӨркениетСелекцияӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыКүн жүйесіСарқылатын ресурстар🡆 More